17
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
- термикалық өңдеу (көбінесе булау)
- ыдысты дайындау
- бөлшектеп өлшеу
- зарарсыздандыру немесе пастерлеу
- жабу
- салқындату
- дайын өнімді сақтау
Консервілеуге арналған шикізат балғын, піскен, сау, залалсыз және бұзылу белгілерінсіз, жұмсақтығы тығыз, сол-
маған, біркелкі боялған болуы тиіс.
2. Сұрыптау. Сұрыптау мақсаты – сапасы, пісу дәрежесі, үлкендігі және бояуы бойынша біркелкі өнім алу. Үздік са-
падағы консервілер алу үшін көкөністердің пісу дәрежесі маңызды рөл атқарады.
3. Жуу. Шикізатты балғын таза және суық (ауызсу сапасындағы) сумен шаң және кір, сонымен қатар, вегетация ба-
рысында аурулар мен зиянкестермен күресу үшін қолданылған улы химикаттардың қалдықтары толығымен кеткенше
жуады. Жуу барысында шикізаттың беткі қабатында болатын микроағзалар ішінара кетіріледі. Кейде қатты ластанған
көкөністерді алдын ала суға салып қою қажет. Шикізатты жақсылап жуу оларды сақтау барысында консервілердің
тұрақтылығына кепілдік береді.
4. Жабу. Стандартты шыны банкаларды жабу үшін резеңке шығыршығы бар қалайыланған және лакталған қаңылты-
рдан жасалған қаңылтыр қақпақтарды қолданады. Резеңке шығыршық банка мойны мен қақпақ арасында аралық қабат
қызметін атқарады; ол ауа кірмеуін қамтамасыз етеді. Бұл жеміс-көкөніс консервілерін жабудың ең көпке белгілі және
сенімді тәсілі.
Шикізатты сатып алу. Консервіленген өнімнің әрбір банкасына 60 теңгеден 1,25 кг қияр жұмсалады. 15 мың банка
өнім шығару үшін 1 125 мың теңге сомасына шамамен 8 750 кг қияр жұмсалады.
Достарыңызбен бөлісу: