жобаның бәсекелес артықшылықтары: – Жергілікті өндірістегі экологиялық таза шикізат;
– Сақтау қолайлылығы;
– Технология әртүрлі консерванттар мен қоспалардың қолданылуына жол бермейді.
Маусым арасындағы кезеңде шикізат, дәлірек айтқанда, қиярлар өзінің шыңдық бағасына жеткенде, нарықта өнімге
қолжетімді баға болған кезде жаппай астық жинау кезеңінде (жылына шамамен 6 ай) консервілеу үрдісін жүзеге асыру
жоспарланады.
Маркетингтік талдау және өнімді өткізу.
Баға стратегиясы нарық бағаларына негізделеді. Өнімнің бастапқы баға-
сы жергілікті (аймақтық) нарықтағы тауардың осы түрінің бағасын ескеру-
мен өзіндік құнды есептеу арқылы баламалы өнімнің жинақталған бағалары-
на байланысты анықталатын болады. Бұдан әрі баға саясаты жалпыға белгілі
алғышарттарға құрылатын болады. Бағасын анықтау барысында келесілер
ескерілетін болады: төлем түрі, өткізілетін өнім көлемі.
Тауарды жылжытудың дәстүрлі жолдары:
- Тауарды өткізу бөлігі өндіруші – соңғы сатып алушы схемасы бойынша
тауарды жылжытудың тікелей жолдары арқылы іске асырылатын болады,
дәлірек, қоғамдық тамақтану ұйымдарымен, мейрамханалармен, дәмхана-
лармен шарттар жасасуға болады;
- Өндіруші – көтерме сатып алушылар (ірі сауда желілері, көтерме нарықтар және т.б.) схемасы бойынша өткізудің
жанама жолдары.