Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет36/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

100%-дық (табиғи) шырындар – концентраттардан арнайы дайындалған сумен қалпына келтірілген шырындар.
• 
«пайдасы қосылған» шырындар – дәрумендермен және микроэлементтермен байытылған шырындар.
• 
шгс – құрамында шырын бар газдалмаған сусындар (зерттелмеген).
• 
нектарлар және сусындар – сусын, су, қант және басқа қосылатын заттардың қоспалары, нектарлардағы шырын 
үлесі – 25% бастап, сусындарда – 25% дейін (зерттелмеген).
• 
Морс – табиғи жидек шырынының шамамен 25% үлесімен құрамында шырын бар сусындар (зерттелмеген).
Біздің сауалнамамыз көрсеткендей, қазақстандықтардың ең сүйікті шырындарының дәмдері, ол Өрік – 14,6%, Апель-
син – 14,5%, Алма – 12,69%, Шабдалы – 11,9%, Мультивитамин – 8,98% және Қызанақ – 7,5%. Тұтыну құрылымында 
шырындардың бұл түрлері шырындардың жалпы көлемінен 70% астамын алады. Тұтынушылардың басым бөлігі жеміс 
шырындарын таңдайтыны сөзсіз. Қазіргі уақытта Еуропада сәбізден, қызылшадан, паприкадан және басқа көкөністерден 
жасалған сәнге айналған көкөніс шырындары отандық тұтынушылардың жүректерінен орын алған жоқ. Бұл шырындарға 
қатысты олар бойынша ұсыныстар да үлкен емес. Тек қана кейбір өндіруші компаниялар құрамына көкөністер кіретін 
аралас дәмді шырындарды ұсынады. 
Қазақстандық тұтынушыға әзір функционалды шырындар ұсынылып жатқан жоқ, себебі «қарапайым» шырындар на-
рығы толығымен жетіккен жоқ және айтарлықтай әртараптандыруға дайын емес. Бүгінгі шырын нарығы көбінесе баға 
белгісі бойынша сегменттеледі. Шырындар нарығының жалпы құрылымының жоғары баға сегментінің үлесі жоғары емес 
және бар болғаны 3,6% құрайды. ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша, шырын нарығымыздың ең ірі 
сегменті – бұл орташа баға сегменті – оның үлесі 81,7% құрайды. Төмен баға сегменті жоғары баға сегментіне қарағанда 
жоғарырақ үлеске ие, дегенмен, орташа баға сегментінен айтарлықтай артта қалады – қазақстандық шырын нарығының 
жалпы құрылымындағы оның үлесі 14,6%.
Мақсат – Қазақстан мен Ресейдің барлық шырын нарығының бәсекелестік күрестің шиеленісуі жағдайларында брэнд 
позициясын бекіту және нығайту, келесілерге қол жеткізу:
1. Қазақстан бойынша нарықтың үлесін 10,5% дейін ұлғайту
2. Сатылым көлемін 25% дейін өсіру
3. Таратылымды 65% дейін кеңейту
4. Марканы тану деңгейін ұлғайту (бірден тану – 30% дейін, бағыттап тану – 90% дейін)
5. Адалдықты 30% деңгейінде ұстау
6. Сапа мен бағаны оңтайлы біріктіретін брэнд ретінде тұтынушылар арасында сауда маркасының беделін нығайту.
Тұтынушылардың ең көп тобы: 25-45 жастағы ерлер мен әйелдер, 4 жастан 11 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар. 
Табысы орташа және орташадан жоғары. Білімі – жоғары, орта.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет