Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет339/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   636
Байланысты:
Бизнес-жоспар үлгілері

қызметтер сипаты
Жемдерді ұсақтағыш – үй құстары мен ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру алдында жемдерді (жүгері собықта-
рын, тамыр жемістерді, астықты, шөпті және пішендемені) ұсақтайтын машина.


171
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Құрастырылымы  бойынша  жем  ұсақтағышының  алуан  түрлері  бар:  барабанды  және  дискілі  және  білікті.  Дискілі 
ұсақтағыштарда жем дискіге ілінген балғалармен ұсақталады. Барабанды ұсақтағышта балғалары бар ұсақтағыш аппара-
тынан басқа шырынды жемдерді алдын ала кесуге арналған қарама-қарсы кесетін пластиналары бар пышақты барабаны 
бар. 
Жемұсақтағыштар  әртүрлі  өнімділікте  шығарылады,  үй  шаруашылығы  үшін  шағын  және  мал  шаруашылығы  фер-
маларына, құс фермаларына, аралас жем зауыттарына орнату үшін үлкен өнімділікте (сағатына бірнеше тоннаға дейін) 
шығарылады.
Жоба бастамашысы «Еңбек» гранттық бағдарламасына қатысу арқылы шөп ұсақтайтын шағын ұсақтағышты сатып 
алуға, ұсақталған шөп өндірісі арқылы өзінің малдарын жеммен қамтамасыз етуге және үйінде жұмыс орнын құруға ниет-
ті. Ол «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша оқу оқыды, «АШҚҚҚ» АҚ арқылы стартап бағдарламасы бойынша несие 
алуға және ІҚМ семіртуін ұйымдастыруға, бизнесті кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетке салықтар және 
салық төлемдері түрінде аудан бюджетіне қаражаттардың түсімін қамтамасыз етуге ниетті.
Барабанды кептіргіштерде кептірілген шөп кеспе, жарма түрінде болады, олардың бөлшектерінің ұзындығы 2—3 см 
тең. Шөп ұнын алу үшін осы жарманы ұсақтағышқа жібереді. Күйіс қайыратын жануарлар үшін ұсақтау қажет емес және 
болмайды да, олар үшін шөп жармасы пайдалануға дайын жем болып табылады. Жарма шөп ұнынан арзанырақ, себебі 
көп қуатты талап ететін операция – ұсақтау қажет етілмейді.
Күйіс  қайыратын  жануарлар  үшін  қоректілігі  бойынша  және  қорытылуы  бойынша  балғын  жасыл  жемге  барынша 
жақын тұрған шөп жармасын қойылтылған және негізгі жем ретінде қолданады. Жармада жасыл жемнің барлық көректі 
заттары бар. Ал олар толығымен судан арылғандығына байланысты, күйіс қайыратын жануарлар оларды көбірек жей 
алады және өнімді көбірек береді. Францияда өткізілген тәжірибелер деректері бойынша, жасанды кептірілген, протеинге 
бай жас шөп протеині табиғи шөппен қоректену барысында жақсырақ қолданылады. Шөп жармасы айтарлықтай көлемде 
сүтті, өсіріп және семіртіп жатқан мал рационына кіре алады. Дегенмен, ол жалғыз жем немесе тіпті рационның барлық 
ауқымды  жемдерінің  алмастырғышы  ретінде  бола  алмайды.  Бұл  жерде  іс  жасанды  кептірілген  шөп  жармасы  қымбат 
болуында емес. Жас шөптерден дайындалған жемде протеин өте көп және өзектер жеткіліксіз. Өзектің жеке жағдайы, ұл-
паны ұсақтау дәрежесі өте маңызды. Күйіс қайыратын жануарларды ұн түріндегі жасыл жеммен қоректендіру қарындағы 
ашу түрінің өзгеруіне: сірке қышқылының аз көлемінің туындауына және пропион қышқылының артуына  әкеледі. Қа-
рын ішіндегінің қышқылдануы байқалады, себебі жем жеткілікті көлемде сілекеймен малынбайды, ондағы сілті құрамы 
төмендейді. Осы құбылысты ұнмен емес, барабанды кептіргіштегі жармамен қоректендіру болдыру не болдырмауы әлі 
толығымен анықталмаған.
Күйіс қайыратын жануарлардың рационындағы өзектерді нормалау олардың жалпы құрамы бойынша жүргізіле ал-
майды. Себебі жас шөптер өзектерінің қорытылуы 85–90%, ал сабан өзегінікі бар болғаны шамамен 40%. Қорытылған 
және қорытылмаған өзек көлемі маңызды екені сөзсіз. Қалыпты ас қорыту көзқарасынан соңғысының құрамы тіпті маңы-
здырақ болуы мүмкін. Бұл туралы ауқымды жемді пластмасса жоңқамен алмастыру тәжірибелері куәландырады. Шөп 
жармасын шөп алмастырғышы және концентраттар бөлігі ретінде сәтті пайдалануға болады, себебі ол шөпке қарағанда 
анағұрлым қоректі. Жалпыодақтық жемдер институтының тәжірибелік шаруашылығында бірнеше жылдар бойы өнімділі-
гі 4500–5000 л сүт сиырлар табыны шөп орнына көпжылдық және ішінара біржылдық шөптерден алынған шөп жармасын 
алады. Оны жүгеріден және біржылдық дақылдардан сүрленген шөптің басқа түрлерінен, тамыр жемістерден және кон-
центраттардан тұратын рационда береді. Шөпті осындай алмастырудан кейін жануарлардың денсаулығы мен өнімділігін-
де нормадан ешқандай ауытқулар байқалмайды.
 Жалғыз жем ретінде жануарды жармамен қоректендіру барысында бойға тез тарайтын көмірсулар қоспасы  қажет, 
себебі жарма дайындалатын жас шөп құрамында зоотехникалық норма бойынша қажеттіден жем бірлігіне протеин айтар-
лықтай көбірек. Жоғарыда аталғаннның барлығы жоба бастамашысы өндіретін өнім бәсекеге қабілетті, сапалы болатыны-
на және халық арасында сұранысқа ие болатынына сенім арту мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет