50. шошқаларды еТ Үшін Өсіру жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаттары: шошқаларды өсіру фермасын құру.
Өнімі: Өндірілетін өнімнің негізгі түрі торай төлдерінің еті болады.
Жоба құны: 10 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 54 ай.
жоба тұжырымдамасы Жоба тұжырымдамасы Ақмола облысында торайларды семірту алаңын құруды көздейді.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оның қатысушысының материалдық жағдайын жақсарту үшін табыс алу болып табы-
лады.
Өнімнің негізгі түрлері торай төлдерінің еті болады.
Жоспарланған кәсіпорынның мақсатты тобы қызметтерді тұтынушылар – облыс халқы болады.
Өнімнің артықшылықтары:
• экологиялылығы;
• қолжетімді бағалар.
Қораға арналған үй-жайдың жалпы алаңы 30 астам шаршы метрді құрайды.
Осы бизнес–жоспар әрекет ету нұсқаулығының соңғы нұсқасы емес, жай ғана осындай бизнес–идеяны дамытудың
әлеуетті мүмкіндігін көрсетеді. Сондықтан осы жобаны іске асыру барысында жобаның бастапқы параметрлері өзгеруі
мүмкін.
Бизнес-идея ет алу үшін шошқаларды өсіруді көздейді.
Мал шаруашылығының қалған салаларымен салыстырғанда шошқа шаруашылығының негізгі артықшылығы инвести-
циялардың барынша қысқа мерзімде қайтарылуы. Бәрінен бұрын, бұл дерек өндірілген өнімнің жоғары табыстылығымен,
жоғары энергетикалық құндылығымен және өндірістің қысқа мерзімлерімен байланысты.
Бизнес-идея жер үйлердің тұрғындарына және ауыл елдімекендерінің тұрғындарына қолайлы.
Қажетті ресурстар: міндетті түрде сарай немесе шошқа қорасы қажет, алуан түрлі және қымбат емес жемдерге (немесе
аралас жемдерге) тұрақты қатынас қажет.
Шошқа етіне және шошқа майына (кейбір елдерде) әрдайым сұраныс бар және болады.
Шошқалар тұқымының шаруашылық-пайдалы қасиеттері және өнімділігінің бағыты бойынша үш топқа бөледі: ет-
ті-майлы, беконды және майлы-етті.
Қазақстанда кеңінен таралған тұқымдары – Дюрок, Ландрас, Ірі ақ, Неміс асыл тұқымды.
Көбінесе үй жағдайларында шошқаларды өсіру шошқалардың ірі ақ тұқымына келеді – елдің барлық табиғи-климат-
тық аумақтарында. Ол ет үшін және бекон үшін семіртуге қолайлы. Ересек қабандардың салмағы 320 - 370 кг, кейде одан
да көп болады, ұрғашылары – 230 - 280 кг. Осы тұқымның шошқалары көпұрықты болады. Жақсы азықтандыру және
ұстау барысында 100 кг төл салмағына 6-7 айда жетуге болады.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналардан тұрады: