179
100 ЖОБА 100
ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Жалпы сомасы
№ р/р
Кәсіп атауы
адам саны
жалақысы, теңге
айына барлығы, теңге
жылына барлығы, теңге
Компанияның қызметкерлер құрамы
1
Механизатор
3
90 000
270 000
2 430 000
жалпы
4
90 000
270 000
2 430 000
Өндірістік жоспары
Кәсіпкер атында 2007 жылы шыққан Беларусь МТЗ-80 маркалы, 2013 жылы шыққан Беларусь 1220 маркалы, 2016
жылы шыққан МТЗ-82 маркалы 3 трактор тіркелген. Ауыл шаруашылығы техникасының қызметтері – жеке іс үшін келе-
шекті идея.
Ауыл шаруашылығы техникасына ең жоғары сұраныс бар, себебі шаруа қожалықтары өте көп, олардың жұмыстары аз
емес,ал жеке техника паркін ұстау олар үшін тиімді емес. Дала жұмыстарының түрлері алуан түрлі болуы мүмкін, оларға
әртүрлі техника қолданылады. Сирек қолданылатын барлық қажетті жабдықты сатып алу – тиімсіз. Сол себептен, шаруа
қожалықтары оларды нақты қажеттіліктеріне жалға алуды жөн көреді. Егер оларға уақытылы барлық қажеттіні ұсына
алса, жақсы ақша табуға болады.
Өз мүмкіндіктерін басқа да тәсілдермен кеңейтуге тырысып көруге болады. Жеке жабдықты жалға беруден басқа,
онымен ақша табудың басқа да нұсқаларын қарастыруға болады, мысалы, жеке машиналар сатып алу үшін қаражат
жетіспеген жағдайда, оларды қосалқы жалға беруге болады. Немесе осындай жабдықты қою үшін алаң ұйымдастыру
және онда өзінің
ғана техникасын қойып қоймай,
сонымен қатар, басқа техника үшін орындарды жалға беруге болады.
Бизнес-жоспарға міндетті түрде арнайы техниканы сақтандыруды кіргізу керек. Себебі ол қымбат тұрады, ал ұрлап
кету және сыну тәуекелдері үлкен. Бұдан басқа, қала көшелері бойынша қозғалтқыш көлемі 50 см3 жоғары арнайы техни-
каның жүруіне тыйым салынған. Кедергісіз жүру үшін Мемтехқадағалаудан рұқсат рәсімдеу керек.
Техника таңдау барысында сұраныс маусымдылығын ескеру керек. Жабдықтың кейбір түрлерін тек белгілі бір мау-
сымда және аз клиенттер пайдаланады. Дегенмен бұл ретте жабдықтың өзін жұмыс қалпында ұстау қажет. Сол себептен
бастапқы кезеңде бизнес-жоспарға әмбебап жабдықты сатып алуын кіргізген жөн.
Жалға алу көлемі қарапайым формуламен қалыптастырылады: 12 айға бөлінген жабдық құны. Дегенмен қорытынды
бағасы жалға алу мерзімін, техника жұмыс жасайтын объекттің алыстығын, техника түрін және қызметтік мүмкіндіктерін
ескере отырып, түзетіледі. Мысалы, жалға алу мерзімі қаншалықты қысқа болса, оның құны соншалықты жоғары болады.
Импорттық техника да оның көпқызметтілігін ескерумен қымбатырақ тұрады. Сонымен қатар, машиналардың пайдалану
мерзімін ескеру қажет – ол
жоғарырақ болған сайын, жалға алу төменірек болады.
Барлық осы талаптар техниканы жалға алу типтік шартта айтылуы тиіс, ол жерге жабдықты пайдаланудың және осы
қызметтердің төлемінің барлық нюанстары жазылуы тиіс. Осы жерде жалға беру үшін машина экипажы: жүргізуші, опе-
ратор және т.б. ұсынылатыны көрсетіледі.
Көбінесе ауыл шаруашылығы техникасын жалға беру жүргізуші немесе оператор қызметтерімен бірге ұсынылады.
Сондықтан сіздің штатыңызда сіз жалға беретін техниканың негізгі жинағымен жұмыс істей алатын адамдар болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: