Сыпыртқыларды кептіру. Сыпыртқыларды күн астында кептіруге болмайды. Кептірудің ең қарапайым тәсілі – сыпыртқыларды жұппен байлап,
оларды шатырдың астына тіпке іліп қою. Егер шатыр болмаса, оларды балконда кептіруге болады, бірақ көлеңке жерде.
Шыныланған лоджияда сыпыртқы пысынап кетеді. Жапырақтары оралып қалады және оның салдарынан тез түсіп қалады.
Сыпыртқыларды сақтау. Сыпыртқылар кепкеннен кейін оларды жазық желдеткішке ұқсас етіп, кеуіп қалмайтындай, жатқызып сақтау керек.
Сыпыртқыларды көлеңкеде сақтау керек. бірақ тәсілдері әртүрлі болады. Сыпыртқыларды кептірудің тағы бір тәсілі.
Еденге жаңа сыпыртқыларды жатқызу керек. Басында бір бірінен жақын арақашықтықта. Жапырақтары кеппегенше, күн
сайын оларды аударыстыру қажет. Сосын сыпыртқыларды бір біріне тығыз жатқызу керек. уақыт өте орындарын ауы-
стыру қажет. Құрғақтарын астына, ылғалдарын үстіне. Біртіндеп сыпыртқылар жалпаяды, желдеткіш қалпына ұқсайды.
Сыпыртқыларды жұптап байлап, жіпке іліп, сақтауға болады.
Өткізу. Ауылдарда барлық адамдар сыпыртқы жасаумен айналысады, оларды сату үшін әлеуетті сала ретінде қалада сату
болады. Қалада қалалық моншалар жұмыс жасайды және оларды сыпыртқалармен жабдықтау керек. Жақын орналасқан
барлық моншалар мен хауыздарға телефон шалыңыз, мүмкін, олар сізбен сыпыртқылар жеткізу шартын жасасады.
Көптеген қалаларда халықтың белгілі бір бөлігі моншалары бар жеке үйлерде тұрады. Осындай аудандарда хабарлан-
дыру ілуге болады. Сыпыртқыларды мамандандырылған дүкендерге және базарға сатуға өткізуге болады. Мүмкін, сіздің
бүкіл өніміңізді сатып алып, әрдайым сізбен жұмыс жасайтын бір саудагерді табарсыз.
194
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
services.atameken.kz
www.atameken.kz
қысқы нөмір 1432