ұйымдастыру жоспары. Жоба аясында кәсіпкердің өзі жұмыс істейтіні және отбасы мүшелері көмектесетіні болжамдалған. Өндірілген өнімді
өткізумен кәсіпкердің өзі айналысатын болады.
қаржылық жоспар. Осы бизнес-идея 78 000 теңге көлемінде қарыз қаражатты тартуды көздейді. Бірінші жылы ақшалай қаражаттың түсімі 478 000 теңгені құрады, ол 400 000 теңге сомасындағы моншаларға ар-
налған сыпыртқыларды сатудан түсімді, сонымен қатар, 78 000 теңге сомасындағы несиелік қаражаттар түсімінен тұрады.
Несиелік қаражаттар 4 000 теңге сомасындағы жабдықты сатып алуға, сонымен қатар, 72 000 теңге сомасындағы ай сайынғы ағымдағы шығындарды, соның ішінде шикізат пен материалдарды қамтуға жұмсалады.