Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


Маркетинг жоспары және нарықты талдау



Pdf көрінісі
бет528/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   636
Маркетинг жоспары және нарықты талдау. 
Маркетингтік стратегия көрсетілетін қызметтерді сатуды ұйымдастыруда. Мақсаты – халықтың кез  келген тобына 
қол жетімді болу.
Маркетингі  сегменттеу  әртүрлі  кірістермен  (орташа,  жоғары)  клиенттердің  сұранысын  қанағаттандыруға  бағдар-
ланған. 


277
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Жобаны іске асыру шеңберінде нарықта тұрақты жайғасу мен компанияда клиенттік базаның  өсуін ұйымдастырудың 
мынадай шаралары жүзеге асырылады:
1. Интернет сайтты жылжыту.
2. Бизнес бейіні бойынша тегін электронды немесе баспа журналдарға мақалалар жазу, онда сайтқа немесе  E-mail-ға 
сілтеме тұрады. Осылайша біз туралы осы БАҚ-тардың барлық оқырмандары білетін болады.
3. Googleadwards не яндексдирект. сайты арқылы жарнама жасау
4. SEO-оңтайландыру
5. SMM жылжыту (әлеуметтік желілер)
6. Серіктестермен кросс-маркетингтік жеңілдіктер. Бір мақсатты аудитория үшін олармен біздің қызметтер бірін-бірі 
толықтыратын әріптестермен және серіктерстемен бірлескен акциялар ұйымдастыру.
7. Сыйлық сертификаттары, адалдық бағдарламалары. Яғни клиенттің бізге тағы бір рет қана келгісі келмей, келесі 
жолы өзімен бірге біреуді ала келгісі келетіндей жасау.  
Компаниялар мен ұйымдардың атынан бір реттік клиенттерден бастап кәсіптік ұжымдар мен орындаушыларға дейін 
әртүрлі адамдар компанияның ықтимал клиенттері болуы мүмкін. Мақсатты аудиторияны нақтырақ анықтау үшін на-
рыққа сегменттеу жүргізу қажет. Аса маңызды аудиторияны белгілеп көрсету, нақты тұтынушыға, ең жақсы дегенде оның 
талаптарына дайындалуға жақсы бағытталуы арқылы көмектеседі.  
«Асыл» дыбыс студиясы өндіретін өнімнің тұтынушыларын, шартты түрде 2 топқа бөлуге болады. 
Бірінші топ – жастар (16-дан 20 жасқа дейінгі, ер балалар мен қыздар), жаңа бастап жүрген музыканттар немесе Аста-
нада тұратын, қызметтер тізбесінен, негізінен, вокалды (речитатив) таңдайтын, жалпы бәріне бірдей баға саясатына се-
нетін бір реттік клиенттер. 
Келудің негізгі себебі: шығармашылық жағынан өзі-өзі білдіру, сыйлық  ретінде өзінің музыкалық шығармасын жа-
сауды қалауы. 
Жарнамалық ықпал етудің басты арналары – интернет, инстаграмм, «алыпқашпа хабар».
Екінші топ – орта жастағы адамдар және жастар (20-35 жас), тәуелсіз музыканттар немесе шоу-бизнес  саласында жұ-
мыс істейтін (топ-деңгейіндегі әртістер емес) адамдар. Қызметтер тізбесінен, негізінен, вокал жазуды, дикторлық мәтінді, 
аранжировканы және жанды аспаптарды таңдайды. Бұл санаттағы клиенттер бірінші кезекте дайын өнімнің сапасына, 
екіншіде ғана – бағасына мүдделі. Өзінің кәсіби қызметіне байланысты дыбыс жазу студиясына жылына 15 реттен жиі 
барады, олар тұрақты ынтымақтастыққа бағытталған.
Жарнамалық ықпал етудің басты арналары – интернет, мамандандырылған басылымдар (журналдар), музыкалық дү-
кендерде, студияларда, мәдени-ойын-сауық объектілерде баспа жарнама, «алыпқашпа хабар». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет