Технологиялық үрдіс Үй-жай. Сонымен, массаж салонын ашу үшін үй-жай қажет болады. Дегенмен бірінші уақытта Сіз массажды өзіңіздің үйіңізде
немесе клиентке барып жасай аласыз. Егер сіз үй-жайды жалға алуды шешкен жағдайда, іздеуге бармас бұрын, болашақ
салон клиенттерінің санатын анықтау қажет. Массаж қызметі медициналық көрсетілімдер бойынша қажет клиенттер үшін
салонның орналасқан жері шешуші және маңызды емес, ал массаждан рахат алғысы келетін клиенттер үшін үйге жақын
орналасқан салонға барған ыңғайлырақ. Дегенмен, соңғылары барлық келушілердің 70% құрайды. Сондықтан ең жақсы
орналасу жері тыныш аудандардағы салон болып табылады.
Әдетте, массаж салонының алаңы уқалаушы санына байланысты есептеледі. Ең дұрысы әрбір уқалаушы үшін немесе
екі уқалаушының бір уақытта жұмыс істеуі үшін жеке кабинет болуы.
Жабдық. Массаж салонының қызмет етуі үшін арнайы жабдық қажет болады: массаж үстелдері, кушеткалар.
Бұдан басқа, жұмыс істеу үшін уқалаушыға арнайы майлар қажет. Қарапайым массаж үшін зәйтүн майы болады, ал
босаңсытатын және одан күрделі түрлері эфирлі майларды қолдануын талап етеді. Майларды сатып алудың үздік жері
дәріханалық қоймалар болып табылады, ол жерлерде жекелеп алудан бағасы бойынша 30% төменірек шағын партияны
сатып алуға болады. Атап өтетін жайт, 100 массаж үшін эфир майының бір бөтелкесі жеткілікті. Сонымен қатар, массаж
кабинетін сүлгілермен қамтамасыз ету қажет.
Технология. Массаждың ең танымал және сұранысқа ие түрлері – босаңсытатын және целлюлитке қарсы бағдарламалар болып
табылатынын атап өту керек. Барлық клиенттердің шамамен 70% дәл осы түрлермен қызығады.
Орташа есеппен, массаж салоны өз қызметінің бірінші айында күніне 3-4 клиентке қызмет көрсетуге үміттене алады.
Екі жұмыс орнымен жабдықталған екі маманы бар массаж салоны толық жүктеме барысында күн сайын шамамен 10
клиентке қызмет көрсетуге қабілетті. Келушілердің мұндай ағынына салонның үш ай тұрақты жұмысынан кейін шығуға
болады.