Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


құрт жасаудың заманауи технологиясы мыналарға негізделген



Pdf көрінісі
бет62/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   636
құрт жасаудың заманауи технологиясы мыналарға негізделген:


33
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
• жоғары өндірісті және сенімді техника және жабдық;
• сапалы сүт;
• ақпараттық технологиялар.
Құрт ұлттық өнімін өндіру цехін және ағашқа көркем ою салу цехін құруға және оны бұдан әрі іске асыруға қаражат 
құю жобасының табыстылығы келесі жайттармен қамтамасыз етіледі:
• ұлттық нақышта ұлттық өнімді нарыққа шығару жаңа идеясы;
• құрт және ағашқа көркем ою салу өндірісіндегі ең жаңа технология;
• жоғары білікті мамандардың болуы;
• шикізат аумағына жақын жерде құрт өндірісі және ағашқа көркем ою салу цехтерінің болмауы;
• қаланың көтерме базарларына өткізу;
Өнімнің сипаты
    Құрт – ұзақ сақтауға және пайдалануға арналған құрғақ ашымал сүт өнімі. 
Ол ақуыз, минералды тұздар және дәрумендер көзі ретінде қолданылады. 
Құрттың 20 астам түрлері дәстүр бойынша дайындалған. Қазіргі таңда оның 
бірнеше түрі ғана мәлім. «Буландырылған» ашымал негізді қажетті қоюлықты 
алғанға  дейін  буландыру  арқылы  дайындалады,  сонымен  бірге  кейбір  бөл-
шектерді  дайындау  және  біріктіру  технологиясына  байланысты  «ақ»  және 
«қара» құрт алуға болады. «Сығылған» (нығыздалған) құрт алақанда қысу, 
сосын көлеңкеде және салқын жерде кептіру арқылы шикі сүзбелі ашымал 
қоспадан жасалады.
Оның алуан түрлілігі – нығыздалған және ащы-тұзды пішіндер. «Ирелең» 
құртты жасау технологиясы ашымал қоспаны буландырып, қажетті қалыпқа 
дейін жаңа сауылған сүтті қосудан тұрады. Басқаларға қарағанда, бұл түр жұмсақ қалыпқа ие, өте тойымды және де-
ликатес болып табылады. Құрттың келесі түрі – «балғын», ол ашымал сүзбе қоспасына сары майды жеңіл араластыру 
арқылы дайындалады. Балғын түрінде, әсіресе үлкен жастағы және қарт адамдар пайдаланады. «Ыстық» құрт ашымал 
сүзбе қоспасын буландырудың әртүрлі кезеңінде осы көлемді сары маймен толықтыру арқылы дайындалады. «Сүзбелен-
ген» құрт сарысу бөлігін алып тастағаннан кейін ашымал сүзбе қоспасынан жасалады. Балғын түрінде немесе алдын ала 
тұздалғаннан кейін пайдаланылады. «Ежігей» - құртты қой сүтіне араластыру. Өнім өте нәрлі (тойымды), дәмді және ағза 
иммунитетін жоғарлатады. 
Біз құрттың барлық түрлері мен пінішдерін өндіру үшін жаппай қолданылатын ашымал сүзбе қоспасының қалып-
тамалық қоспасын әзірлеудің жалпы технологиясын зерттедік. Сонымен, біз алғаш рет құрттың 20 түрін және пішінін 
анықтадық, химиялық құрамын, құрттың түрлі пішіндерінің шама сипаттамаларын (ұзындығы, биіктігі, салмағы) зерт-
тедік. Алынған деректер өнімді өндіру өнеркәсіптік технологиясын әзірлеу үшін негіз бола алады. 
Құрт жоғары нәрлілігімен және ыстықты жеңіл өткізу қабілеттілігіне ие, ол ыстық далалар аумағында өзекті. Құрттың 
тағы бір маңызды қасиеті температура қызуына тұрақтылығы және ұзақ сақталуы болып табылады. Құртты салқын жерде 
сақтау қажет емес, ол ұзақ уақыт жолда бұзылмайды. Осы өте пайдалы өнім тау жағдайларындағы әскерлердің әскери 
әрекеттері, шөлді дала, әртүрлі экспедициялар, альпинистік және туристік жорықтар секілді экстремалды жағдайларда 
адамдардың тіршілігін қамтамасыз ете алады және әлемдік нарықта осы өнімді бәсекеге қабылетті етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет