Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет632/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   636
99. ХосТел ашу 
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жобаның мақсаты: хостел ашу.
Өнімі: тұру қызметтері.
Жобаның құны: 7 000 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 5 жыл.
жоба тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы  тұруға арналған хостел ашуды көздейді.
Орналастыру құралдарын техникалық және технологиялық жарақтауда алға үлкен серпіліс жасалды, бұл:
қызмет көрсету деңгейін және, демек, кірістер деңгейін жоғарылатуы.
• техникадан хабары бар саяхатшыға «жолдағы кеңсе» деп аталатын хостел ұсынуы,
• мейманханалық шаруашылықтағы үдерістерді жеңілдетуі және жетілдіруі тиіс.
Броньдайтын, әрбір жеке нөмірдің есебін және жалпы мейманхананың кірісін жүргізетін, барлық қонақтар туралы 
ақпаратты сақтайтын компьютерлік бағдарламалар осындай техникалық жетістіктер болды.
Көптеген қонақ үйлерде тұру қауіпсіздігін жоғарылату мақсатында әрбір жеке нөмірдегі әрбір қонақ үшін жеке пла-
стикалық карточкалар негізінде электр магнитті құлыптар жүйесі енгізілді. Компьютерлік оятқыштар, электронды дауыс 
хабарламалар, электронды сигнал беру арқылы қызметтерге тапсырыс беру жүйесі және т.б. дағдылы болып келеді.
ҒТП басқару ғылымына әсерін тигізді, мысалы, ол өндірістің психологиялық факторының үлкен есебінде және «кері 
байланыс» жүйесінің дамуында білінеді.  
Сонымен қатар, қонақ үй шаруашылығы дамуының қазіргі үрдістеріне экологиялық жағынан қауіпсіз өндіріске ұмтылу 
да жатады. Табиғи теңгерімді сақтау, экологиялық таза өнімдер мен материалдарды пайдалану, өндіріс қалдықтары пай-
далы өнімге айналатын тұйық цикілімен өндіріс технологияларының практикасы қонақ үй индустриясының кәсіпорында-
рына пайдалы, себебі бұны бәрінен бұрын, тұтынушы қалайды.
Хостелдің қызметтеріне келсек, жуынатын бөлме, душ және ас үй ортақ қолданылады, әдетте, бұл мәселе туғызбай-
ды, яғни адам санитарлық торапты шамамен тек таңертең және кешке пайдаланады. Бөлмелерде бір уақытта бірнеше 
бөгде адам тұра алады, алайда, жиі бір бөлмені үлкен компания жалға алады немесе тұтас сатып алады, себебі бұл қо-
нақ үй нөмірінен арзан болады. Хостелдерді қымбат емес саяхатты жақсы көретіндер іздейді, сондықтан олар, негізінен, 
жастарға, спорттық командаларға, тауап етушілерге арналған. Хостелдердің кемшіліктеріне: бейтаныс адамдармен бірге 
тұру қажеттілігі, ұрлық қауіпі және т.б. жатады, бірақ көптеген хостелдерде сейфтер бар. Әртүрлі сыйымдылығымен және 
ыңғайлылық деңгейімен 2-3 залда 12-ден 18-ге дейін жататын орын ұйымдастыру жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет