Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


Маркетинг жоспары және нарықты талдау



Pdf көрінісі
бет634/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   636
Маркетинг жоспары және нарықты талдау. 
ҚР-да  қонақ үй бизнесінің қалыптасуы мен дамуын зерттеу және талдау мынадай қорытындылар мен ұсыныстар жа-
сауға мүмкіндік берді:
1) Кәсіпкерлік қызметтің түрі ретінде қонақ үй қызметтерінің бизнесі нарықтық сұраныс пен ұсыныстың тұрақсыз-
дығына аса жақын болды. Қонақүй қызметтерін көрсететін дербес кәсіпорындар үшін нарықтағы сервис бойынша бағалар 
жүйесін әзірлеу мүмкіндігі туындайды.
2) Астана қ. мен Ақмола облысының қонақ үй кешендерінің «жүзбелі» және «жоғары» жағдайда жұмыс істеуінің 
қалыптасқан ахуалын талдау қонақ үй бизнесінің тиімділігі, бірінші кезекте, менеджмент тиімділігінің дәрежесіне байла-
нысты деп негіздеуге мүмкіндік береді.
3) Басқару инфрақұрылымын құру ірі инвестицияларға байланысты емес, ол бәрінен бұрын, жоғары кәсіпті басқару 
кадрларында басқару әлеуетінің бар болуын қажет етеді, қонақүй бизнесінде ондай кадрлардың жоқтығы өткір білініп 
келе жатыр, тиісінше бұл осы саладағы мәселелердің қиындығына әсер етеді.
4) Қонақ үй бизнесін басқаруда кеңінен таралған үш бағыт айқын көрінеді:
а) қонақ үйлерді толтыру және барынша таза қонақ үй қызметтерін көрсету  (барлық қонақ үйлердің 22%);
б) әртараптандырылған менеджмент (56%);
в) айқын басқармау, бірінші және екінші бағыттардың симбиозі (22%).
Қазақстанда тек соңғы он жылдың ішінде айқын қалыптасқан қонақжайлық индустриясы кәспорындарын дамытудың 
негізгі үрдістеріне мыналарды жатқызуға болады:
• қонақ үй және мейрамханалық ұсыныстардың мамандандырылуын тереңдету;
• халықаралық қонақ үй және мейрамханалық  жолдарды ұйымдастыру;
• шағын кәсіпорындар желісін дамыту;
• қонақжайлық индустрияға жаңа  компьютерлік технологияларды енгізу.
Соңғы кездері дәстүрлі қонақ үйлермен және мейрамханалармен қатар туристік нарықтың белгілі сегментінің  өкіл-
деріне қызмет көрсетуге бағытталған қызметтер мен тағамдардың қысқартылған жиынтығымен маманданған кәсіпорын-
дар пайда бола бастады.
Қонақжайлық индустриясы кәсіпорындарын мамандандыруды тереңдету қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын 
әзірлеуде және жылжытуда өте үлкен роль ойнайтын халықаралық тізбектерді құру сияқты, осындай маңызды үрдіспен 
өзара байланысты. Көптеген басқа үрдістер сияқты, қонақ үй тізбектерін құру АҚШ-та дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   628   629   630   631   632   633   634   635   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет