Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе


Аяқ киім дүкенін ашу артықшылықтары мен кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет460/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   636
Аяқ киім дүкенін ашу артықшылықтары мен кемшіліктері
артықшылықтары 
Кемшіліктері 
- тауардың сұраныста болуы;
- өнімділіктің жоғары деңгейі;
- арнайы рұқсаттар мен лицензиялар алу қажеттілігінің жоқтығы;
- жоғары табыс деңгейі
- жоғары бастапқы салымдар;
- нарықтағы бәсекелестіктің жоғары деңгейі;
-елдегі экономикалық жағдайға тауар сұранысының тәуелділігі
Барлық осы жағдайларды аяқ киімді жекелеп сату жөніндегі бизнесті жоспарлау барысында ескеру қажет. Сонымен 
қатар, аяқ киімді жекелеп сату жөніндегі бизнесті ұйымдастыру алдында тауашаны толығырақ зерттеу керек. Жоспарлау 
барысында аяқ киім бизнесін жүргізу ерекшеліктерін ескеру қажет:
• аса жоғары сұранысқа маусымдық әйелдер аяқ киімі ие, оның сатылым үлесі дүкеннің жалпы айналымының шама-
мен 60-70% құрайды; сатылған өнімнің шамамен 20% балалар аяқ киіміне келеді, ал қалғандары ерлердің және маусым-
дық емес аяқ киімдерге келеді. Ілеспелі тауарларды сату (аксессуарлар, аяқ киімді күту құралдары және т.б.) сатылымның 
5% аспайды;
•  әрбір  маусым  сайын  аяқ  киім  жинағын  жаңартып  отыру  керек,  сәнді  тенденциялар  өзгерістерін  ескеру  және  са-
тылымда толық өлшемдік қатар болуы тиіс;
•  аяқ  киім  сатылымының  ерекше  маусымдылығы  бар.  Сатылымдар  шыңы  көктемге  және  күзге  келеді.  Мұны  са-
тылымдарды жоспарлау және дүкен өнімінің ассортиментін қалыптастыру барысында ескерген жөн;
• тар шеңберде мамандандырылған (спорттық, дизайнерлік және т.б.) аяқ киім дүкендерін халық саны  1 млн. адамнан 
жоғары қалаларда ғана ашу мақсатқа сай. Бұл балалар аяқ киіміне қатысты емес, олар қала халқының санына қарамастан 
жоғары өнімділікке ие.
Осылай, аяқ киім дүкені – табысты бизнес түрі, бірақ ол қызмет етуі және тұрақты табыс әкелуі үшін бизнес-жоспарды 
дұрыс құру қажет. Онда келесі мәселелер көрсетілуі тиіс: басынан аяқ киім дүкенін қалай ашуға болады, аяқ киім биз-
несінің ерекшеліктері, аяқ киім дүкенін ашу қанша тұрады, аяқ киім дүкенінің ассортиментін қалай таңдау керек, бизнесті 
жүргізу барысында қандай тәуекелдерді ескерген жөн және аяқ киім сатумен қанша ақша табуға болады.
Осы бизнес-жоспарда аяқ киім мен ілеспелі өнімдерді жекелеп сату мақсатында аяқ киім дүкенін ашу көзделеді. Дүкен 
өнімінің негізін көбінесе отандық өндірушілердің ерлер және әйелдер аяқ киімі құрайды. Дүкен орташа бағалы сегментке 
және орташадан төмен сегментке қызмет көрсетеді. Мұндай таңдау тұтынушылық сұраныстың аса бюджетті аяқ киім 
жағына жылжуымен түсіндіріледі. Бұл ретте тұтынушылар өнімге аяқ киім бағасы мен сапасы қатынасында жоғары та-
лаптар қояды. 
Өнім ассортименті аяқ киім дүкенін ашуды жоспарлау барысында негізгі параметр болып табылады. Ассортиментті 
қалыптастырмас бұрын, нарық, жеткізушілер және бәсекелес-дүкендер ассортиментіне мұқият талдау жүргізген жөн. Бұл 
тұтынушылық  сұранысты  анықтауға  және  нарықта  ерекше  ұсыныс  құну  үшін  тауарларды  таңдауға  мүмкіндік  береді. 
Ассортимент таңдауына сауатты тәсіл артық тауар қорларының болмауына, жарамсыздық ықтималдылығын төмендету-
ге, тауарайналымды жоғарлатуға, бәсекелес артықшылықтарды қалыптастыруға және әлеуетті сатып алушыны тартуға 
мүмкіндік береді.


231
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Ассортиментті сұраныстарға және клиенттің таңдауына сәйкес қалыптастырған, сонымен қатар, сәнді тенденциялар-
ды және аумақ климатын ескерген жөн. Сонымен қатар, дүкен ассортименті дүкен өлшемдерін ескере отырып анықта-
лады. Осы жағдайдағы басты шарт – витриналарды толық толтыру, бірақ тауарлардың тым көп болмауы. Жартылай бос 
стендттер сатып алушыларды қашыруы мүмкін, ал шашылған витриналарда бағдар алу өте күрделі. Ілеспелі тауарлар 
(аяқ киім күтіміне арналған құралдар, шұлықтар, белдіктер, үй аяқ киімі және т.б.) туралы да ұмытпау керек – олар са-
тылымдарды 5-7% ұлғайтады.
Экономикалық дағдарыс аяқ киім дүкендерінің сатылым деңгейіне ғана емес, сонымен қатар, олардың ассортиментіне 
әсерін тигізді. Бүгін аяқ киім дүкендері жаңа жағдайларға бейімделуге және сатып алушылардың сұраныстарын қанағат-
тандыруға қабілетті ассортиментті оңтайландыруға тырысады. Дағдарысты аяқ киім дүкенінің ассортименті қандай бо-
луы тиіс? Аналитиктер  дағдарыс кезеңінде аяқ киім сатылымын жақсарта алатын бірнеше факторларды атап өтті:
• экологиялылығы. Барлық табиғи заттарға сән және салауатты өмір салты аяқ киім сегментін айналып өтпеді. Көп-
теген сатып алушылар өзінің денесіне күтім жасайды және аяқ киімге жоғары талаптар қояды. Бұл санат инновациялық 
технологиялармен (мысалы, су кірмейтін қабат), спорттық және ортопедиялық аяқ киім үлгілерімен ұсынылған;
• анатомиялық ерекшеліктерді ескерумен жасалған аяқ киім. Жыл сайын ыңғайлы аяқ киім таңдау үрдісін қиындата-
тын қандай да бір стандартты емес анатомиялық сипаттамалары бар адамдар саны өсуде. Мұндай сатып алушылар үшін 
аяқ киімді сатып алудың басты алғышарты оның ыңғайлылығы болады, сондықтан ассортиментке стандартты емес өл-
шемдердегі, анатомиялық ұлтарақтары бар аяқ киімдерін кіргізу қажет;
• сәнді аяқ киім. Аяқ киім сән ықпалына қатты тәуелді тауарлар санатына жатады. Сондықтан ассортиментті қалып-
тастыру барысында трендтерді ескеру керек. Ассортиментті талапшыл сатып алушылардың назартын тартуға қабілетті 
жарық, сәнді үлгілермен түрлендіру керек. Дегенмен, ассортимент негізін классикалық үлгілер құрауы керек. Ассорти-
мент бөлігі сатылмаған жағдайда, сәннен шыққан өнімнен гөрі болашақта классикалық аяқ киімді сату жеңілірек болады.
Осылай, дұрыс ассотименттік саясат сатып алушыларды тартуға және тіпті экономикалық дағдарыс кезеңінде биз-
нестегі позицияларын ұстауға мүмкіндік береді. Аяқ киімді жекелеп сатуда ең маңыздысы – нарықтың өзгеріп тұратын 
тенденцияларына жедел ілесу үшін барынша икемділікке ие болу. 
Осы дүкеннің ассортименті әртүрлі материалдардан (жасанды былғары, таза былғары, тоқыма, резеңке) жасалған аяқ 
киімнің кең қатарынан тұратыны көзделген. Бұл ретте, акцент классикалық көпқызметті аяқ киімге жасалатын болады. 
Тауарды сатып алуға орташа есеппен 700 мыңнан 1 млн. рубльге дейін қажет болады.
Дүкенде сатып алушыларға қызмет көрсету форматы – жеке.
Сонымен, жоба келесі бәсекелестік артықшылықтары бар аяқ киім дүкенін ашуды көздейді:
• ассортимент құбылмалдылығы. Ассортименттік қатар тек қана классикалықтан тұмай, сонымен қатар, сатып алушы-
лардың әртүрлі санаттарының сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін сәнді үлгілерден де тұратыны көзделген;
• ассортиментте экологиялық және анатомиялық аяқ киімнің болуы;
• баға саясаты. Ассортименттің үлкен үлесі әртүрлі нұсқаларда ұсынылған бюджетті тауарлар құрайды;
• үздік сервис, сыпайы және құзіретті кеңесшілер;
• клиенттердің адалдық жүйесі. Осы дүкенде жеңілдіктердің дисконтты жүйесі және әртүрлі акцияларды үнемі өткізу 
көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет