Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019 МазМұны Кіріспе



Pdf көрінісі
бет519/636
Дата31.12.2021
өлшемі24,3 Mb.
#23298
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   636
Маркетингтік жоспар
Медикалық-демографиялық көрсеткіштер мен ауру
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Статистика 
комитеті) алдын ала деректері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарда  халықтың 1000 адамына негізгі демографиялық көрсет-
кіштер динамикасы мынадай:
- халықтың табиғи өсімі – 2,6% көбейді және 2017 жылғы 15,2 қарағанда  15,59 құрады;
- туу – 1,36%  көбейді және 2017 жылғы 22,72 қарағанда  23,03 құрады;
- өлім-жітім – 1%  төмендеді және 2017 жылғы 7,52 қарағанда  7,44 құрады.
Республикада 2018 жылдың қорытындылары бойынша аналардың өлімі 1,6% көбейді және 2017 жылғы 12,5 қараған-
да, 100 мың тірі туғаннан 12,7  құрады. Бұл ретте, ана өлімінің аса көп көрсеткіштері Атырау (30,1), Қостанай (24,5), Батыс 
Қазақстан (22,8), Оңтүстік Қазақстан (17,7), Қарағанды (16,9), Павлодар (16,0) мен Ақтөбе (15,2) облыстарында тіркелген. 
Статистика комитетінің алдын ала деректері бойынша сәбилер өлімінің көрсеткіші 2018 жылы 8,4% төмендеді,  2017 
жылғы 9,39 қарағанда, 100 мың тірі туғаннан 8,6 құрады.  Сәбилер өлімінің аса көп көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан 
(10,14), Қызылорда, Маңғыстау (9,36), Шығыс Қазақстан (9,34) және Қостанай (9,17) облыстарында тіркелген.
Барлық деңгейдегі медициналық ұйымдар қызметі тәуекел тобына байланысты әрбір әйелдің «маршрутына» күн сай-
ын мониторинг ұйымдастырады.  Жүкті әйелдер тізілімі алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде уақытылы 
толтырылуда.
Ана өлімінің әрбір жағдайын және сәбилер өлімінің жағдайларын талдаумен ана өлімі мен сәбилер өлімін төменде-
ту жөнінде жедел шаралар қабылдау бойынша Республикалық   штабтың (бұдан әрі – Штаб) отырыстары жүйелі түрде 
өткізіледі. Фертильді жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын жақсарту, сауықтыру және диспансерлік қадаға-
лау мақсатында ауруды ертерек анықтау үшін фертильді жастағы әйелдерді профилактикалық тексеру жөнінде іс-ша-
ралар жүргізіледі, отбасын жоспарлау және контрацепсия әдісін таңдау жөнінде консультациялар (470-тен астам отба-
сын  жоспарлау  кабинеті  ашылды),  сондай-ақ    жүктілікке  дайындау  жөнінде  іс-шаралар    өткізіледі.  Технологияларды 
енгізу және медицина қызметкерлерін оқыту мониторингін жүргізу үшін  ЭПП және ИВБДВ енгізетін өңіраралық үй-
лестірушілердің, ұлттық бапкерлердің тізімі бекітілді. Еліміздің барлық 16 өңірінде тиімді перинотальдық жәрдем енгізу 
және  бала  жасындағы  ауруларды  біріктіріп  жүргізу  жөнінде  өңірлік  оқу  орталықтары  құрылды,  тиімді  перинотальды 
жәрдем беру бойынша 16 өңірлік үйлестіруші жұмыс істейді. Босануға жәрдемдесетін және балалар ұйымдарының меди-


271
                                                        100 ЖОБА        100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
циналық қызметкерлерінің 80% («сыни масса») астамы халықаралық стандарттар бойынша оқытылды, жедел неонатальді 
және педиатриялық жәрдем айтарлықтай жақсарды. Білім мен практикалық дағдыларды бағалау үшін Нұр-Сұлтан мен 
Алматы қалаларында республикалық орталықтар ашылды және жұмыс істейді.
Халықаралық ұйымдармен (ДДСҰ, ЮНИСЕФ балалар қоры) бірлесіп аналарды 5 жасқа дейінгі балалар күтімі туралы 
ережелер жөнінде хабардар ету бойынша кең ауқымды кампаниялар өткізілді. Жас ата-аналар үшін «0-ден 5 жасқа дей-
інгі жастағы бала дамуының жеке кәртолішкесі» басылып шықты. Медициналық қызметкерлер «0-ден 5 жасқа дейінгі 
жастағы баланың физикалық дамуы» деген әдістемелік құрал әзірледі. «Бала жасындағы ауруларды саралап жүргізу» 
ДДСҰ бағдарламасын іске асыру шеңберінде 5 жасқа дейінгі балаларға патронажды профилактикалық бақылау жүргізіл-
ді, 600-ден астам дені сау бала кабинеті ұйымдастырылды, онда медициналық қызметкерлер жас балаларға психофизика-
лық скрининг жүргізеді, тамақтану мәселелері жөнінде ата-аналарды оқытады және кеңес береді. Босануға көмектесетін 
үйымдардың кадрлармен жасақталуына талдау жүргізілді, онда:   акушер-гинекологтар – 89,5%, неонатологтар - 87%, 
анестезиолог-реаниматологтар – 84%, орта медициналық қызметкерлер - 84,7% құрады.
Босануға жәрдем беретін қызмет ұйымдарына аудит және бағалау жүргізілді, өңірлік перинатальдық жәрдем деңгейіне 
байланысты кезең-кезеңмен қажетті жабдықпен толықтырып жабдықтау жоспарланды. Перзентханаларды медициналық 
жабдықпен жарақтандыру деңгейі 69% құрады. Ақмола (56%) және Оңтүстік Қазақстан (57%) облыстарында босануға 
жәрдем беретін ұйымдардың жарақтануының пайызы төмен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   515   516   517   518   519   520   521   522   ...   636




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет