Маркетингтік стратегия Кәсіпорынның шаруашылық қызметі көбінесе таңдалған және сәтті іске асырылған маркетингтік стратегиясына бай-
ланысты болады. Маркетинг стратегиясы келесі негізгі элементтерді болжамдайды:
– баға қалыптастыруды оңтайландыру;
– шығарылған өнімнің жарнамасы және жылжыту.
Сонымен бірге алға қойған мақсаттарға қолжеткізу тек қана маркетингтің барлық құралдарын тиімді қолдану және
кәсіби үйлестіру барысында мүмкін.
Маркетингтің маңызды бағыты сатылым көлемдерін ұлғайтуға ықпалын тигізетін бағаны қалыптастыру икемді жүй-
есін әзірлеу болып табылады.
Сапасымен бірге өндірілген өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіші олардың бағасы болып табылады.
Бағаны қалыптастыру 3 негізін қалаушы қағидаға негізделеді:
• кәсіпорынның барлық шығындарын қамту;
• бағаны қолжетімді деңгейде ұстау;
• кәсіпорынның табысын қамтамасыз ету.
Жарнамаға қажеттілік тек қана кәсіпорынды дамыту кезеңінде – кеңейту барысында туындайды. Бірінші кезекте біз
әлеуетті сатып алушыларға өнімнің сапасы мен пайдалылығындағы өзінің негізгі артықшылықтары туралы жеткізуіміз
керек. Жарнама әлеуметтік желілерде, промоакцияларда, билбордтарда жүзеге асырылатын болады, сондықтан оның
шығындары жоғары болатыны болжанады. Мұндай жарнама бірнеше ай ішінде қажет болады.
Тұтынушыларды ынталандыру әдістері туралы айтатын болсақ, онда жаңа сатып алушыларды тарту өткізу нарығын
кеңейту, өндіріс көлемін ұлғайту, жеңілдіктер беру және акциялар өткізу есебінен жүзеге асырылатын болады.