Маркетинг жоспары және нарық талдауы. В некоторых странах макароны даже стали национальным блюдом. В Казахстане, по результатам исследования Media
MarКейбір елдерде макарон тіпті ұлттық тағамға айналған. Қазақстанда TNS Gallup Media Asia компаниясы жүргізген
Media Marketing Index1 зерттеуінің нәтижелері бойынша макарон өнімдерін халықтың 97% тұтынады (1-диаграмманы
қараңыз).
Қазақстанда макарон өнімдерін тұтыну, %
MMI деректері бойынша – сауалнама Қазақстанның халық саны 100 мың және
одан көп 20 қаласында, жасы 15 бастап және одан жоғары адамдар арасында жүр-
гізілген. Іріктеу көлемі 3000 сұхбаткерден тұрады. Сауалнама 2008 жылғы қыркүй-
екте жүргізілген.
Макарон өнімдерінің маркаларын білуін және тұтынуын талдау барысында білуі
сонымен қатар, тұтынуы бойынша үлкен алшақтықпен «Сұлтан» маркасы ұсынған
отандық өндірістің өнімі көшбасшы болып тұрғанын байқауға болады. Бұл марка-
ны макарон өнімдерін тұтынушылардың 91% біледі. «Сұлтан» маркасының тұты-
нушылар саны макарон тұтынатын халықтың 81% алады. Көшбасшылар бестігін
білуі және тұтынуы бойынша 13% және 5% тиісінше «Әділ» маркасы аяқтайды
(2-диаграмманы қараңыз).