45
100 ЖОБА 100
ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
Media Marketing Index жобасының кең мүмкіндіктері әртүрлі тауарлық санаттардың аса танымал маркаларын анықта-
уға мүмкіндік беріп қоймай, сонымен қатар, жарнама секілді құбылысқа тұтынушылардың қатынасын анықтайды. 2008
жылы макарон тұтынатын сұхбаткерлердің 48,3% жалпы жарнама ұнайтынын айтты (4-диаграмма), әсіресе, телевизиялық
жарнама үлкен сенім тудырады (32,8%). Көптеген ғасырлар бойы жетілдіру жолынан өтіп, макарон өнімдері күннен күнге
біздің өмірімізге жақсы әсерлер әкеліп, қуантуда. Бұдан басқа, ірі тартылған ұннан жасалған макарон өнімдері ағзадағы
холестерин деңгейін төмендететіні белгілі. Бұл талдауда Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің
макарон, кеспе, кускус және баламалы ұн өнімдерін өндіру жөніндегі деректер келтірілген. Макарон өнімдерін өндіру
жөніндегі толығырақ ресми статистика жабық. Макарон өнімдерін өндіру 2006 және 2010 жылдар арасындағы кезең үшін
тұрақты өсім қарқынына ие болды. Макарон өнімдерін өндірудің ортажылдық өсімі қарастырылған кезең үшін 13,3%
құрады. Макарон өнімдерін өндіру көлемінің аса жоғары өсімі (22,5%) 2005 жылмен салыстырғанда, 2006 жылы бай-
қалды. Соңғы жылдары макарон өнімдерінің қазақстандық нарығы қаптама бойынша (салмағы 400 г, 450 г, 500 г, 750 г,
900 г, 2 кг, 5 кг, 10 кг пакеттерге макарон өнімдерін өлшеп орау), түрлері бойынша (макарон, кеспе, ұялар, «бешбармақ»
қамыры, лазанья, каннелони және т.б.) тұтынушының артықшылықтарын ескере отырып барлық түрлерімен белсенді
толығуда. Қазақстанда отандық өнім кеңінен ұсынылған - «Сұлтан» (Петропавл қ.), «Цесна» (Астана қ.), «Корона» (Орал
қ.), «ROLA» (Жамбыл облысы), «КЭММИ» (Павлодар қ.) және басқа макарондар. Макарон өнімдерінің шетелдік өн-
дірушілерінен көбінесе Ресей («Макфа», «Ролтон», «Galina Blanca» және басқа) ұсынылған. Өндіріс географиясы. 2010
жылы Қазақстанда макарон өнімдерінің ең көп шығарылымын 3 аймақ қамтамасыз етті: Солтүстік Қазақстан, Батыс Қа-
зақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары. 3 облыстың макарон өнімдерін өндіру үлесі жалпыреспубликалық көлемде
55% құрады (28%, 14% және 13%, тиісінше). Солтүстік Қазақстан облысында макарон өінмдерін шығаратын жетекші
кәсіпорын «Сұлтан - элеватор-диірмен-макарон кешені» АҚ («Сұлтан» сауда маркасы). Батыс Қазақстан облысында мака-
рон өнімдерінің ірі өндірушісі «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ («Корона» сауда маркасы). Оңтүстік Қазақстан об-
лысында макарон өнімдерін өндіру бойынша көшбасшы «Корона» макарон фабрикасы» ЖШС («Корона» сауда маркасы).
«Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ және «Корона» макарон фабрикасы» ЖШС «Зерновая индустрия» компаниясының
тобына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: