Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында бірпәндік оқыту принциптері



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата19.01.2017
өлшемі1,33 Mb.
#2238
1   2   3   4   5   6

4

Бірпәндік 

сабақтарда 

оқушылардың 

өзіндік 

жұмысын

ұйымдастырудың маңызы

Біріктірілген  сыныптардағы  оқу үдерісі, негізінен, мұғалім  басшылығымен

орындалатын және оқушылардың  өздігінен  орындайтын тапсырмалардың

кезектесіп келуі арқылы жүзеге асырылады.

Өзіндік

жұмыстарсыз



шағын  жинақты  мектептердегі  біріктірілген

сыныптардағы сабақтарды ұйымдастыру мүмкін  емес. Жалпы  білім  беретін

мектептерде өзіндік жұмыс сабақтың 20 -ын құрайтын болса, шағын жинақты

мектепте оқушылардың  өздігінен орындайтын жұмысы 50 -дан  асады.

Сондықтан  оқушыларды өздігінен  жұмыс жасай білуге үйрету олардың

шығармашылықпен жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

1-сыныптан  бастап оқушыларды өзіндік жұмыстарды орындауға үйрету

керек.  Алғашқыда шығармашылық тапсырмалар  көлемі  жағынан үлкен  емес,

ұқсату  сипатына  ие  болады,  яғни  балаларға үлгі  бойынша  тапсырмалар

беріледі. Мысалы, «Қанша түйме болса, сонша шеңбер сыз, бұл санды цифрмен

жаз». Біртіндеп тапсырмалар күрделене түседі және шығармашылық сипаттағы

тапсырмаларға

ұласады.  Оқыту процесінде

оқушылар


оқулықпен  және

дидактикалық материалдармен, т.б. жұмыс істеуге үйренеді.

Өзіндік жұмысты ұйымдастыру  кезінде әдеттегі мектептердегі  негізгі

талаптарды басшылыққа алу керек:

өзіндік жұмыс бағдарламаның талаптарына сәйкес келуі;

оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытуы;

шығармашылық жұмыс – оқушы үшін  интеллектуалдық дамуының

алғышарты болуы тиіс, бұл жағдайда ол саналы түрде орындауы қажет.

Үлгісі және мазмұны бойынша өзіндік  жұмыстардың әртүрлі  болуы

оқушының шығармашылығын қалыптастыруға негіз болады. Оны ұйымдастыру

кезінде  жүйелілік қағидасын  сақтау: өзіндік жұмыс  тексерілуі  және  бағалануы

тиіс.  Шығармашылық жұмыс  тек  білімді  бекіту  кезінде ғана  емес,  сонымен

бірге  сабақтың басқа  да  сатыларында  орындалуы  тиіс.  Оқу үлгерімі  нашар

оқушыларға  ерекше  көңіл  бөлу,  мүмкіндігіне

қарай  оларға

қосымша


тапсырмалар  беріп,  түсіндіру,  ал  озат  оқушыларға

қосымша


күрделі

тапсырмалар даярлау қажет.  Бұл  тапсырмаларды  алдын ала  тақтаға,  плакатқа

немесе  жекелеген  карточкаларға әзірлеуге  болады.  Мұғалімнің бір  уақытта

бірнеше  сыныппен  жұмысы  жағдайларында  оқушылардың өзіндік жұмысты

орындау  барысына

үнемі  бақылау

жасауға

мүмкіндігі  бола  бермейді.



Сондықтан оқушыларды өзін-өзі бақылау, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру,

рефлексия  жасауға үйретудің маңызы зор. Өзін-өзі  бақылау,  рефлексия

элементтерін

1-сыныптың

соңында  енгізген  жөн.

Мысалы,  математика

сабақтарында  шешуі  бар

мысалдарды  кері

әрекет  жолымен  тексеруді

пайдалануға  болады.  Тапсырмаларды  шешу  кезінде  балаларды  тапсырманы

әртүрлі  тәсілдермен  тексеруге үйрету  керек. Өзін-өзі  бақылау  дағдыларын

дамыту үшін өзара  тексеру  тәсілін қолданған  тиімді. Оқушылар өзіндік

жұмысты тексеру үшін бір-бірінің дәптерлерімен алмасады.


22

Шағын  жинақты  мектептерге  арналған  оқу-әдістемелік

құралдардың

жоқтығынан бірнеше сыныппен жұмыс жасау барысында өзіндік жұмыстардың

көптеген  түрлері қолданылады. Сондықтан  дидактикалық материалдарды

(әртүрлі 

кестелер, 

карточкалар, 

тапсырмалар)

оқушылардың

жас

ерекшеліктерін  ескере  отырып,  шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға



мүмкіндік беретіндей етіп дайындау керек.

Өзіндік


жұмыстардың

күрделілік  деңгейін  біртіндеп

өсіру

қажет.


Бағдарламаның  қиын  тарауларымен  жұмыс кезінде қажеттілігіне қарай  жеке

карточкалар  жасауға  болады,  онда  тек  оқу  тапсырмалары ғана  емес,  сонымен

бірге  оқушыларды  жаңа  материалды қабылдауға  көмектесетін  тапсырмалар

беруге де болады.

Шағын жинақты мектептердегі өзіндік жұмыс – оқу қызметінің арнайы бір

формасы немесе оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі болып табылады.

Шағын 

жинақты 


мектептердегі 

оқушылардың 

өзіндік 

жұмысын


ұйымдастыруға қойылатын талаптар төмендегідей:

бағдарлама  талаптарына  сәйкес жұмыстың көлемін  шамадан асырмай,

оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

оқушылардың өзіндік жұмысын басқа түрлерімен ұштастыра білу;

өзіндік жұмыстың шарттары оқушылар орындай алатындай болуы;

мазмұны бойынша өзіндік жұмыстардың әртүрлі болуы;

оқушылардың өздігінен білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

өзіндік жұмыс мазмұнына  мүмкіндігінше  күнделікті өмірден  алынған

материалдар мен ақпараттарды енгізу;

өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт бөлу (8-15 мин);

өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру  барысында  жүйелілік  принципін

сақтаған жөн. Яғни, әрбір өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы керек;

өзіндік жұмыстар  білімді  бекітуде ғана  емес,  сабақтың басқа да

кезеңдерінде жүргізілуі;

оқушыларға өзіндік жұмысты орындау әдістерін түсіндіру, қажет болған

жағдайда жұмыстың үлгілерін беру;

басты  назарды  орташа  оқитын  оқушыларға  аудару, қажет болған

жағдайда қосымша түсіндіру, ал жақсы оқитын оқушыларға қиындығы жоғары

тапсырмалар дайындау;

мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, өзіндік жұмыстарды

ұйымдастыратын көптеген  дидактикалық материалдар  (әртүрлі  кестелер,

карточкалар) дайындау;

өздігінен орындайтын  тапсырмалардың  қиындық деңгейін біртіндеп

арттыра отырып, әрбір оқушының білім деңгейін қадағалау керек;

өзіндік жұмыстарда ұсынылатын  тапсырмалар  оқушылардың жаңа

материалды пысықтауы үшін де арналуы тиіс.

Шағын  жинақты  мектепте  біріктірілген  сынып  оқушыларының білімін

бақылау және тексеру  мұғалім үшін  күрделі  жұмыстардың бірі  болып

табылады.  Мұғалім  біріктірілген  сыныптармен  бір уақытта  жұмыс  істегенде

оқушылардың  өздігінен  орындау  жұмыстарын

үнемі

бақылап  отыруға



23

мүмкіндігі  болмайтын жағдайлар кездеседі. Сол  себепті  мұғалім оқушыларды

өзін-өзі бақылауға үйрету  керек. Өзін-өзі бақылау  дағдыларын  дамыту үшін

оқушылардың  өзара бір-бірін тексеру  тәсілін  пайдаланған дұрыс.  Оқушылар

бір-бірімен өзара  дәптерлерімен  алмасып, өздігінен  орындаған  жұмыстарын

тексереді. Өзіндік жұмыстар  арқылы  оқушылардың  өзін-өзі тексеруі  және

бағалауы жүзеге асырылады.

5 Бірпәндік сабақтарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Шағын  жинақты  мектептегі  оқу-тәрбие

процесінің

бірқатар


өзіндік

ерекшеліктері  бар. Бұл  ерекшелік – мұғалімнің бір  мезгілде екі, үш,  тіпті  төрт

сыныпқа қатар сабақ беруі. Шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдері күрделі

жағдайда  жұмыс  істейді: олар түрлі  сыныптарға  арналған оқу  бағдарламалары

бойынша  дайындығы әртүрлі оқушыларға бір  мезгілде сабақ жүргізуге  тура

келеді. Шағын жинақты мектеп мұғалімінің қызметі әдеттегі мектеп мұғаліміне

қарағанда қиын әрі  күрделі.  Бірнеше  сыныпта  бір  уақытта  сабақ беру  шағын

жинақты  мектеп  мұғалімінен  аса  мұқият  дайындықты,  оқу-тәрбие  процесін

дұрыс

ұйымдастыруды,  сабақ



кестесін  оңтайлы

құруды,  сол  сияқты

педагогикалық  әдептілікті  таныта  білуді  талап  етеді. Бірнеше  сыныппен қатар

жұмыс істеудің ерекшеліктері мынада:

мұғалім  сабақтың жартысында (немесе одан аз уақытында)  сыныппен

жұмыс  істеуге,  ал

қалған  уақытында

оқушылардың

өзіндік

жұмысын


ұйымдастыруға мәжбүр;

мұғалімнің назары екі немесе үш сынып арасында бөлінеді;

мұғалім  басқа  сыныппен  айналысып  жатқандықтан,  жұмысты өздігінен

орындайтын  оқушылардың мұғалім  тарапынан  тез  арада  көмек  алу  мүмкіндігі

жоқ;

басқа


сыныпта

әңгімелесу, 

түсіндіру 

және 


т.б.

іс-әрекеттер

жүретіндіктен, екінші сынып өздігінен жұмыс істеуге мәжбүр болады;

шағын  жинақты  мектеп  мұғалімі күн  сайын  8,  12  сабаққа  дайындалуы

тиіс.

Дегенмен,  бір  уақытта  бірнеше  сыныптармен  жұмыстың бір  сыныптың



жұмысымен  салыстырғанда өз  артықшылықтары  да  бар. Мысалы,  шағын

жинақты 


мектептің

біріктірілген 

сыныптарында

оқушылар 

саны

аз

болғандықтан,  мұғалім үй  тапсырмасы  мен  жаңа  тақырыпты әрбір  оқушыдан



сұрауға,  балалардың жеке ерекшеліктерін  зерттеуге (үй  іші  жағдайын)

мүмкіндігі  болады, дәптерлерді  тексеруге  уақыт  аз  жұмсалады. Бір  бөлмеде

болатындықтан,  жоғары  сынып  оқушыларының төменгі  сынып оқушыларына

көмек  көрсетуге  мүмкіндіктері  көп. Осы  орайда  шағын  жинақты  мектеп

мұғалімдері  бірнеше  сыныппен қатар жұмыс  кезіндегі қиыншылықтарды  жеңе

отырып, мектеп алдында тұрған оқыту-тәрбиелеу міндеттерін табысты шешеді.

Бірпәндік  сабақта  мұғалім әртүрлі  сыныптарға арналған бағдарлама

материалдарын бір  немесе  бірнеше  сабақта  барлық сынып  оқушылары  бір



24

тақырып бойынша жұмыс істейтіндей етіп жоспарлайды. Бұл – шағын жинақты

мектептердегі әртүрлі жастағы сыныптардың оқу үрдісін ұйымдастырудың

негізгі әдісі. Сөйтіп, бір сынып оқушыларының өздігінен орындайтын жұмысы

– басқа  (немесе  басқаларының) оқушылардың  қалыпты  оқу әрекетінің шарты,

ал оқушылардың  өздігінен  орындайтын жұмыс  көлемі  мұғалімнің басқа

сыныптармен жұмыс жасау көлеміне тікелей байланысты.

Мұғалімнің

бір

мезгілде


бірнеше  сыныппен  жұмысы  жағдайында

оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру және өткізудің

қиындығы

сыныптардың

бірінде  көрнекі

және


техникалық  құралдарды

пайдалану басқа сынып оқушыларының көңілін аударады. Біржақты байланысы

бар  лингофондық

кешен  бұл  проблемаларды  жемісті  шешеді.  Біздің

пікірімізше, бұл мәселені шешудің бір жолы – жасына (сыныбына) тәуелсіз осы

топтың барлық мүшелеріне  арналған  біртұтас  оқу  жоспары  бойынша әртүрлі

жастағы  топтардағы  оқу үрдісін ұйымдастыру.  Шағын  жинақты  мектептердегі

бірпәндік 

сабақтарға 

арналған 

бағдарламалардың

маңызы


зор.

Оқу


сабақтарының бірпәндік  кестесі  түрлі  сынып оқушыларының бір  тақырып

бойынша ұжымдық жұмыс өткізуіне мүмкіндік  жасайды.  Мұның тиімділігін

қазіргі шағын жинақты мектептер тәжірибесі көрсетіп отыр.

Бірпәндік

сабақтар  мұғалімнен  мұқият  дайындықты

талап  етеді,

материалды  зерттеуге, деректер, мысалдар  жинауға, қажетті  көрнекі құралдар

табуға  тура  келеді.  Жиналған  материал әдістемелік өңдеуге ұшырайды.

Сонымен бірге материалды балалар терең меңгеруі үшін оны дұрыс қолдануға

ерекше  көңіл  аудару қажет. Практикалық сабақтар  жалпы  білім  пәндері  және

еңбекке баулу пәндері бойынша жүргізіледі.

Біріктірілген

сыныптардағы

сабақтың


бірінші 

минутынан 

бастап

оқушылардың көңілін  аудару  көп еңбекті қажет  етеді.  Осы орайда мұғалім



оқушыларды  танымдық  әрекетке  бірден қосады:  көлемі  жағынан үлкен  емес

өздік жұмыстар, ауызша есептер жүргізеді, сөйтіп, сабақта балаларды белсенді

жұмысқа  тартады.  Оқушылардың сабаққа  деген көңіл күйін қолдау үшін  оқу

материалын  элементтері  бойынша  меңгертудің, яғни оны  кішкентай  аяқталған

элементтерге бөлшектеудің және оларды толық меңгергенге дейін жүйелі түрде

өңдеудің маңызы зор.

Сабақтың тиімділігін  арттырудың басты құралы – сабақтағы әрекеттің

көптүрлілігі  болып  табылады.  Ы. Алтынсарин өз еңбегінде бала үздіксіз

әрекетті талап  етеді,  сондай-ақ бала әрекеттен емес,  оның бірсарынды,

біржақты құрылуынан шаршайды деп атап көрсетеді [13].

Біріктірілген  сыныптардағы сабақта дидактикалық тапсырмалар немесе

ойындар  кеңінен қолданылады.  Олардың танымдық мазмұны  оқушылардың

ойлау қабілеттерін дамытуға  бағытталған. Қазақ тілі  сабақтарында  жұмбақ

және орфографиялық ойындар  жемісті қолданылады. Математикада  ойын

оқушыларға геометриялық фигуралар,  яғни шеңбер,  шаршы,  тікбұрыш  туралы

толығырақ түсінік қалыптастыруға  ықпал  етеді. Әдебиет  және  табиғаттану

сабақтарында 

саяхат


жасау

және


ізкесушілер 

ойындары 

табысты

пайдаланылады.



25

Мектеп  оқушылары қоршаған  табиғатпен,  еңбек  адамдарының  өмірімен

танысады,

еліміздегі  және

шетел  халықтарының

тұрмыс-тіршілігі

мен

мәдениетін зерттейді. Әрине, мұның барлығы түрлі ойындар, саяхаттар түрінде



іске  асырылады.  Ойын  элементтері  байыпты  сабақтармен: әртүрлі  мәселелер

бойынша  оқушылардың материалдар  жинауы,  оны  талдап қорытуы арқылы

үйлестіріледі.

Оқушылардың  үй тапсырмасын  орындап  келуі сабақтың қалай өткеніне

тығыз байланысты.  Сондықтан  сабақтың сапасы қаншалықты жоғары  болса,

оқушылардың  үй  жұмысы да соғұрлым табысты  болады. Үй  тапсырмасын үш

топқа  бөлуге  болады:  ауызша  (оқулық материалын  зерттеу, өлеңдер мен

ережелерді  жаттау),  жазбаша  (жаттығуларды  орындау, есептерді шешу,

шығармалар  жазу  және  т.б.)  және  оқу-практикалық  (тәжірибелер,  бақылаулар

жасау,  бөлшектер

мен

үлгілер


әзірлеу).  Оқушылардың  үй  жұмысын

ұйымдастырудағы  басты мәселе  оның көлемі болып  табылады. Әр  сынып

оқушылары үй тапсырмасын орындауға әртүрлі уақыт жұмсайды.

Көрнекті  орыс педагогі Л.  Выготский  «тапсырманың көлемі баланың

деңгейіне сәйкес берілуі, әр  баланы өзінің даму  аймағында  жетілдіруі тиіс»

деген  болатын [14

]

. Сондықтан қазіргі  таңдағы  білім  беру  жүйесінің негізі –



оқушыларға тапсырманы көп  бермей, білімді нақты  меңгерте  отырып,  тірек

сигналдары негізінде одан әрі дамытып, әрбір құбылыстың мәнін, ерекшелігін,

сапалық деңгейін анықтауға үйрету.

Оқушының


білім  сапасын  көтеріп,  білім  стандартында

қойылатын

талаптарға жеткізу үшін аталмыш мектеп мұғалімдері біріктірілген сыныптарда

оқытудың тиімді әдістерін,  жаңа  педагогикалық технологияларды,  оның мәні

мен мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін жете меңгерулері тиіс.

Шағын  жинақты  мектепте  сапалы  білімге қол  жеткізудегі  негізгі  міндет –

тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы және өзін-өзі дамыту әдістері  мен  тәсілдерін

меңгерту  болып  табылады.  Яғни әр  мұғалімнің алдында  тұрған міндет – өз

пәнінен  білім  беріп қана қоймай, әр  баланың  «менін»  ашу,  сол  «менді»

шығармашылыққа жеткізіп, баланың өзіне деген сенімін туғызу. Алайда, шағын

жинақты 

мектепте 

жұмыс 

істейтін 



мұғалімдердің

психологиялық-

педагогикалық,  ғылыми  білімдерді,  оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері  мен  арнайы

технологияларын  меңгеруі  жеткіліксіз  дәрежеде қалып  отыр. Оның себебі

жергілікті  жерде ШЖМ  мұғалімдері үшін  арнайы  мамандық бойынша

жетілдіру  курстарының аз ұйымдастырылуында; ұстаздардың өздігінен білімін

көтеруіне қажетті  оқу-әдістемелік құралдардың жеткіліксіздігінде;  мұндай

мектептер үшін  арнайы  маманданған  кадрлардың дайындалмауында;  тірек

мектеп  мұғалімдерімен  тәжірибе  алмасуға  мүмкіндіктің жоқтығында.  Соған

қарамастан шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдері  оқу үдерісін  жандандыру,

оқушылардың білім  сапасының деңгейін,  олардың ынтасын,  белсенділігін

арттыру үшін  сабақ барысында әртүрлі әдістер қолданып, өзіндік ізденістер

жасауда. Дегенмен бұл әлі де болса, жеткіліксіз.

Осыған  сәйкес,  білім  беру үдерісінде қазіргі  таңда қолданысқа  енгізілген

негізгі  педагогикалық технологияларды: ойын  арқылы  оқыту, ұжымдық


26

оқыту,  жобалау  және  зерттеу,  тірек  сигналдары негізінде  оқыту, ұжымдық

шығармашылықты  тәрбиелеу,  модульдік  оқыту,  сын  тұрғысынан  ойлауды

дамыту, ақпараттық-коммуникациялық оқыту,  проблемалық оқыту,  дамыта

оқыту технологияларын шағын  жинақты  мектеп  мұғалімі өз  тәжірибесінде

шығармашылықпен қолдана білсе, сапалы білімге қол жеткізері анық.

Шағын  жинақты  мектеп  мұғалімдері біріктірілген  сыныптарда жоғарыда

аталған педагогикалық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін оқу-

тәрбие үдерісіне  енгізе  отырып, бірпәндік  сабақтарды ұйымдастыруда  кеңінен

қолдануда.  Бірпәндік  оқу  жүйесі  іс  жүзінде  біртақырыптық сабақтарды

жүргізуге,  яғни бір  пән  ішіндегі  мазмұны ұқсас  тақырыптарды  екі  сыныпта

қатарынан оқытуға мүмкіндік  береді. Себебі қазіргі  шағын  жинақты  мектеп

тәжірибесінде мұндай сабақтарды ұйымдастырудың тиімділігі арта түсуде.

Жоғарыда  келтірілген  бірпәндік  сабақтардың  құрылымы  бойынша

әзірленген сабақ жоспарларының үлгілері төменде беріледі.

6 Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы бірпәндік

сабақ жоспарларының үлгілері

6.1 ҚАЗАҚ ТІЛІ пәнінен  біріктірілген  7,  8-сыныптарға  арналған

бірпәндік сабақ жоспарларының үлгілері

6-кесте – 1-сабақ жоспарының үлгісі



7-сынып

8-сынып

Сабақтың

тақырыбы:

Сөздердің

байланысу

тәсілдері.

Сөйлемнің

түрлері. 

Хабарлы

сөйлем.


Сабақтың мақсаты:

1. Сөздердің

байланысу

тәсілдері 

туралы 

толық


мағлұмат  беру,  ережелерді

есте бекіту.

2. Оқушылардың

ой

өрісін



дамыту, 

сөздік


қорын

молайту, 

танымдық

қызығушылығын арттыру.

1. Сауатты жазуға тәрбиелеу.

1. Хабарлы  сөйлемнің

жасалу

ерекшелігін меңгерту.



2. Оқушылардың

ой

ұшқыр-



лығын  дамыту,  танымдық  қызы-

ғушылығын арттыру.

3. Еңбексүйгіштікке тәрбие-леу.

Сабақтың

көрнекілігі:

тірек-сызба, сурет.



Оқыту әдістері:

сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.



Сабақтың барысы

І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Ұйымдастыру кезеңі

1-тапсырма

Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары.

7-сынып.  Берілген  сөздерді  рет-ретімен

қойып, сөйлем құрастыру.



Толқын, 

жағадан, 

сайын, 

жібереді,

қайықты,

қаһарын, 

гүрілде, 

төсімен,

Мұғалім  басшылығымен  орында-латын

жұмыс.

8-сынып. Проблемалық сұрақтарға  жауап

беру.


1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлемнің қандай түрлері бар?



27

алыстаған, қағып, кеп, төгіп, толқын, қара,

бұл, баласысың, сонда, депті, кімнің, балам,

қарт.

3.  Сөйлемдер  айтылуына

қарай

қалай


жіктеледі?

4.Сөйлемдегі сөздер қалай байланысады?

5. Тәсіл деген сөзді қалай түсінесіңдер?

6. Сөйлемдердің айырмашылығы неде?

7. Сөйлемде неше сөз тіркесі бар?

2-тапсырма

Мұғалім  басшылығымен  орындала-тын

жұмыс.

Мұғалім  кестені қолданып,  жаңа  сабақты

түсіндіреді.

Сөздердің байланысу тәсілдері

Шылау       Жалғаулар

Орын тәртібі     Интонация

арқылы       арқылы            арқылы            арқылы



Мысалдар:

Сөз тіркестері

Байланысу тәсілі

Жағадан


алыстаған сайын.

Жалғау арқылы

Алыстаған сайын

көріктенеді.

Шылау арқылы

Толқын


қағып

жібереді.

Орын 

тәртібі


арқылы

Бұл – толқын.

Интонация

арқылы


Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары.

7-сынып.

Сөз 


тіркестерін

құру


(сөз

тіркестерінен сөйлемдер құрау).



Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары.

8-сынып. Жалпы сұрақтарға жауап беру.

Енді ілгері жылжу үшін біз іңір қараңғысын

күтіп отырмыз.

1. 


Берілген 

сөйлем


қандай 

мақсатта


жұмсалған?

2. Басқа сөйлемді қалай жасауға болады?



Мұғалім  басшылығымен  орындала-тын

жұмыс.

Мұғалім  кестені қолданып,  жаңа  сабақты

түсіндіреді.

Хабарлы сөйлем

Сөйлем

Сөйлемнің

белгілері

Сөйлем

айтылу

мақсатына

қарай

1. 


Бір

интонацияме

н айтылады.

2.  Белгілі  бір

шақта

айтылады.



1.  Аяқталған

ойды


білдіреді.

2.

Грамматикалы



қ негізі бар.

Хабарлы


сөйлем

Сұраулы


сөйлем

Лепті сөйлем

Бұйрықты

сөйлем


Абай ел ішіндегі шаруаға ерте араласты ма?

ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

Оқулықпен жұмыс

Мұғалім  басшылығымен  орындала-тын

жұмыс.

7-сынып.

238-жаттығу 

(сөздердің

байланысу  тәсілдерін  топтастырып  жазу)

мен 

239-жаттығу 



ауызша 

орындалады

(сөйлемдегі 

сөздердің

грамматикалық

байланысын анықтау).



Оқушының 

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары.

8-сынып. 16-жаттығуды  орындау  (мәтінді

оқып, мазмұнын айту. Мәтінді абзацқа бөліп,

әр

абзацта


қанша  сөйлем  бар  екенін

анықтау).

17-жаттығудағы  1-мәтінді  І  нұсқа,  2-мәтінді

ІІ нұсқа ретінде бөліп беру.

Сөйлемнің

аражігін 

ажыратып, 

тыныс


белгілерін қойып, көшіріп жазу.

3-тапсырма

Оқушының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет