Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет3/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
 
 
 



Авторлардан 
 
 
Аталған оқу-әдістемелік құралдың мақсаты студенттерде арнайы 
ғылыми білімдердегі азаматтық, қылмыстық және әкімшілік өндірістегі 
тәжірбиелік қажеттілікттерін қанағаттандыруға икемделген заң ғылымының 
жеке саласы ретіндегі сот сараптамасы туралы жүйелі түсінікті 
қалыптастыру болып табылады. 
Курс бағдарламасын әзірлеу кезінде оқып үйренушілердің белгілі бір 
сараптамалық мамандық бойынша даярлаудың әдістемелік негіздері аса 
ерекше және қажетті шарт ретінде сот-сараптамалық қызметтің саласы 
туралы жалпы теориялық білімдердің игерілуін талап ететіні ескерілген. 
Осыған байланысты, аталған оқу құралында теориялық материал 
берілген, мұнда сот сараптамасының ғылыми және тәжірбиелік қызметтің 
саласы ретіндегі мәні жан-жақты талқыланады, атап айтсақ сот 
сараптамасының пәні, объектілері, міндеттері, жіктелуі, тағайындалуы, 
қылмыстық, әкімшілік және азаматтық іс бойынша сот сараптамаларын 
ұйымдастыру 
мен 
жүргізу, 
сот 
сараптамаларының 
жіктелуі, 
республикадағы сот сараптама мекемелері, сот сарапшыларының зерттеу 
әдіснамалары, сот дәлелі ретіндегі сот сарапшысының қорытындыларын 
бағалау ережелері және т.б. Басқа сөзбен айтқанда, оқу құралында сот 
өндірісіндегі процессуалдық институт ретіндегі сот сараптамасының 
тұжырымдамалық жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін кешенді 
мәселелері көрсетілген. 
Игерілген білімді бекітуге арналған материал ретінде оқу құралында 
сот сараптаманы тағайындау кезіндегі қаралатын сұрақтарын көрсетіп, сот 
сараптаманың тәжірибесінде жиі кездесетін түрлері, пәні, объектілері мен 
мақсаттары туралы ақпараттары бар бөлімдер қарастырылған. 
Аталған курсты оқудың негізгі шарты – оқып үйренушілердің 
процессуалды және материалды құқықтың нормаларын, сонымен қатар 
криминалистік ғылымның берік іргелі жағдайларын білуі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет