Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет5/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137
ұсыныстардың 
әзірленуін 
қамтамасыз 
ететін 
заңдылықтар; 

сот өндірісіндегі сот сараптамалық қызметін тиімді жүзеге 
асыруды қамтамасыз ететін ғылыми ұйымдастыру және 
әдістемелік негіздерін қалыптастыру заңдылықтары. 
Сот сараптамасының пәні
дегеніміз әкімшілік, азаматтық және 
қылмыстық істер бойынша нақты деректерді, мән-жайларды арнайы ғылыми 
білімді қолдана отырып анықтау. Сот сараптамасы сот өндірісіндегі 
зерттелетін оқиғалар мен мән-жайларды анықтау қызметі ретінде заңды 
нысанда ғылыми жағдайларды жүзеге асыратын және оның теориялық 
саласының пәні болып табылатын сот сараптамасының жалпы теориясы. 
Сот сараптамасының жалпы теориясының мазмұны ғылыми білім 
ретінде оның міндеттері мен мақсаттарының ерекшеліктерінен туындайды. 
Ол үшін тану мақсаты дегеніміз жоғарыда көрсетілген заңдылықтардың 
пәндік саласы. 
Сот сараптамасының міндеттері екі топқа бөлінеді: негізгі және 
арнайы. 



Негізгі міндеттері – 
азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот 
өндірісіне процессуалдық заңға сәйкес, сот сараптамасының ұйымдастыру 
мен жүргізудің ғылыми негіздерін жетілдіру арқылы алуан-түрлі 
ғылымдардың деректерін тартуға жәрдем беру. 
Негізгі міндеттері арнайы міндеттерді жүзеге асыру арқылы нақтыланады, 
атап айтсақ: 

сот сараптамасының ғылыми білім ретіндегі әдістемелік негіздерін 
қалыптастыру мен дамыту; 

сот-сараптамалық қызметінің құқықтық, ұйымдастырушылық және 
әдістемелік жетілдіру мәселелерін әзірлеу; 

сот сараптамасының жеке теориясы мен ілімдерін дамыту; 

сараптамалық зерттеудің жаңа әдістерін әзірлеу және қолда бар 
құралдары мен әдістерін жетілдіру; 

қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот өндірісіндегі сот 
сараптамасының нәтижелерін пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін 
жетілдіру және әзірлеу; 

шет мемлекеттердің озық тәжірбиелерін талдау және сот сараптаманы 
ұйымдастыру және жүргізу тәжірбиесіне енгізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет