Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Осыған байланысты, теория таным процесінде танылатын



Pdf көрінісі
бет9/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   137
Осыған байланысты, теория таным процесінде танылатын 
заңдылықтарды түсіндіруге, сипаттауға және анықтауға бағытталған, 
ал әдіснама, олардың қатынастарын, тараптары мен құрамдарын 
танымдық деңгейде ашады және ғылыми әдіс, тәсіл ретіндегі сәйкес 
құралдарды зерттеу қызметінде әзірлеп, қолданады.
Сол себептен, таным 
қызметінің тек теориялық және тәжірбиелік деңгейін ажыратпай, сол сияқты 
оларды жүзеге асыратын әдістеріне де көңіл бөлу керек. 
Заңды анықтамасына сәйкес – 
сот-сараптамалық зерттеу әдісі 
– сот 
сараптама объектілерін зерттеген кезде қолданылатын және сот 
сарптамасының пәніне қатысты логикалық және (немесе) көмектесуші әдіс-
тәсілдердің жүйесі. 
Сот сараптамасының әдістері – сот сараптама теориясы мен тәжірбиесінде 
кездесетін міндеттерді дұрыс шешу, олар жалпығылыми және арнайы болып 
жіктеледі. 
Жалпығылыми
дегеніміз – кез-келеген ғылым мен тәжірбиелік қызметте
қолданылатын әдістер. Соңғылардың ішінде сезім-рационалдық, логикалық, 
математикалық, кибернетикалық әдістер кеңінен қолданылуда. 
Сезім-рационалдық әдістер: 

бақылау – белгілі-бір объектіні, құбылысты, процессті зерттеу 
мақсатында қабылдау; 

сипаттау – объектілердің белгілерін графикалық және вербалды түрде 
бекіту; 

салыстыру – олардың байланыстары мен қатынастарын анықтау 
мақсатында қасиеттері мен белгілерін салыстыру; 

эксперимент – оның басқа оқиғалармен байланысын зерттеу үшін 
құбылыстарды, оқиғаларды қайта жаңғырту; 

моделдеу – белгілі-бір объектіні оның ұқсас затына ауыстыру арқылы 
зерттеу және оның белгілерін жаңғырту. 
Логикалық әдістер: 

талдау – ойша қойылған бүтінді бөлшектерге бөлу
;

синтездеу 
– 
объектіні оның бүтінімені бірлігінде және оның 
бөлшектерінің өзара байланысында зерттеу; 

дедукция – жалпыдан жекеге тану процесі; 

индукция – жекеден жалпыға таным процесі; 

гипотеза – құбылыстар, фактілер, оқиғалар туралы болжау; 

аналогия – материалдық өмірдің объектілерін және олардың 
бейнелерін салыстыру. 
Арнайы 
әдістер дегеніміз – екі немесе бірнеше ғылымның саласында 
қолданатын әдістерді шектеулі қолдану, мысалы физика, химия, 
антропология, социология, психология, биология т.с.с. 
Арнайы әдістер сараптамалық тәжірбиеде екі үлкен топқа бөлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет