Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет46/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   137
Суретсипат 
материалдарына 
үлгілер, 
фотосуреттер, 
сызбалар 
сарапшының материалдарын бекітетін өзге де материалдар жатады. Сонымен, 
заңмен қөзделген жағдай тергеуші мен сотқа сараптамалық қорытындының 
жүйелі түрде кіріспе, сипаттау және қорытынды бөлімдерін талдап бағалауға 
және оның нәтижелерін дәлелдеме ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


60 
II. Арнайы бөлімі 
Сот сараптамасының жеке түрлерін тағайындаудың 
ұйымдастырушылық және әдістемелік мәселелері 
 
10 тақырып. Құжаттардың сот сараптамасы 
Құжаттардың сот сараптамасының тегі үшке бөлінеді: сот-қолжазба 
сараптамасы, құжаттардың сот-техникалық сараптамасы, сот-авторлық 
сараптамасы. 
10.1. Сот-қолжазбалық сараптама 
 
 
Объектілері. 
Сот-қолжазбалық сараптамасының объектілері – әріптік-
сандық жазбалары, қол таңбалар, қолмен жазылған әр түрлі түртінділер 
(символ). Аталған объектілер бірнеше түрге бөлінеді: әр түрлі жастағы (қарт 
адамдар, жасөспірімдер), сауатсыз және психикалық ауруға шалдыққан 
адамдармен, әр түрлі жағдайларда жазылған жазбалар (қолтаңбалар).
 
Объектілерге сәйкес сараптамалық әдістемелер жасалды: мысалы, 
сауатсыз, есірткі заттарымен, алкогольді мастық күйдегі қолжазбаларды
(қолтаңбалар) зерттеу әдістемесі (әріптік түрде) т.с.с. 
 
Пәні. 
Сот-қолжазбалық сараптаманың пәні азаматтық, қылмыстық 
және әкімшілік өндірістегі фактілер (мән-жайлар) және олар сот-қолжазба 
саласындағы арнайы білім негізінде анықталады. 
Міндеттері. 
Сот-қолжазбалық 
сараптаманың 
міндеттері 
диагностикалық, ситуациялық, классификациялық және идентификациялық 
болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет