Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»


Диагностикалық, классификациялық және ситуациялық



Pdf көрінісі
бет93/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   137
Диагностикалық, классификациялық және ситуациялық
міндеттер 
зерттелетін заттың мұнай химиялық табиғатын, олардың түрін, маркісін 
анықтау болып табылады. Аталған міндеттерді шешу үшін сараптамаға 
келесі сұрақтар қойылады, олар: 
-
оқиға болған жерде табылған заттарда мұнай өнімдері мен 
жанармай материалдарының іздері бар ма ? 
-
зерттеуге сұйықтық, дақтар, объект-тасушыларында қабаттар 
ретінде ұсынылған заттарда мұнай өнімдері мен жанармай 
материалдарының іздері бар ма ? 
-
зерттеуге 
ұсынылған 
мұнай 
өнімдері 
мен 
жанармай 
материалдарының қолданылу саласы мен мақсаты; 
-
мұнай өнімдері мен жанармай материалдар үлгілерінің 
рецептуралық құрамы қандай ? 
-
мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының түі (маркісі, 
сорты); 
-
оқиға болған жерде табылған мұнай өнімдері мен жанармай 
материалдары сезіктіден алынған қабаттар, сұйықтық заттармен 
топтық немесе тектік қатыстылығы бар ма ? 
-
сезіктіден алынған заттардағы қоспаларда мұнай өнімдері мен 
жанармай материалдарының көлемі қандай ? т.с.с. 
Идентификациялық 
міндеттерді шешу үшін келесі сұрақтар 
қойылады, олар: 
-
оқиға болған жерде алынған мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының 
қабаттары сезіктіден алынған ыдыстардағы заттармен шығу тегіне қатысты 
ортақ белгілерге ие ма (эксплуатациялық, технологиялық т.с.с. жағдайлары 
нақты көрсетіледі)? 
-
оқиға болған жерде алынған мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының 
қабаттары немесе қалдықтары сезіктіден алынған көлемнің бөлігін құрай ма 
(мысалы, канистра) ? 
Алғашқы сұрақты шешу барысында мұнай өнімдері мен жанармай 
материалдарының белгілері олардың өндіру технологиясы, сақталу, 
тасымалдау жағдайы, пайдаланылуы, тергеліп отырған істің мән-жайлары 
және өзге де жағдайлармен байланыстылыға анықталады. Топтық белгілері 
тектік белгілерімен салыстырғанда, тар мағынадағы белгілерді анықтауға 


110 
бағытталған. Мәселен, 96 сынамалы бензиннің өзгеруі сақталу жағдайына 
байланысты, мотор майы пайдаланылу белгілері бар қозғалтқыш картерінде 
орын алған. Егер жалпы топтық қатыстылығын анықтау үшін қажет болса, 
онда сұрақ нақты түрде қойылады. Ол қылмыстық істің мән-жайларымен 
байланысты (оқиға болған жерді қарау, жауап алу хаттамалары), олар 
зерттеліп отырған объекті туралы деректерді құрайды. Мысалы, оның пайда 
болу табиғаты, алынған жері, қолдан жасау фактілері т.с.с. 
Мұнай өнімдері мен жанармай материалдарының тектік қатыстылығын 
анықтау барысында сарапшыға қосымша деректерді ұсыну қажет. Олар 
мысалы, көлік құралының маркісі, типі, ату қаруының типі т.с.с. аталған 
деректер сарапшыға объектінің идентификациялық белгілерін толық және 
дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Сол сияқты, тәжірбиеде аталған объектілердің жеке тепе-теңдігін 
анықтау жағдайлары орын алады. Мәселен мұндай жағдайлар, мұнай 
өнімдері мен жанармай материалдарының материалды ортамен байланысу 
барысында пайда болған іздердің жеке тепе-теңдігін анықтау кезінде орын 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет