Шакиров К. Н., Тапалова Р. Б. Мергембаева Н. Б. «Қазақстан республикасындағы сот сараптамасы: Ұйымдастырылуы және өндірісі»



Pdf көрінісі
бет129/137
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123083
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   137
Байланысты:
Шакиров К.Н.ҚР Сот сараптамасы

21.1. Сот-биологиялық сараптама 
Сот-биологиялық сараптамасының 
объектілері ретінде 
келесілер 
қарастырылады: әр түрлі деңгейдегі тірі құрылымдар – бір клеткалы 
организмдерден бастап биологиялық қоғамдастыққа дейн, өсімдіктер және 
жануарлар немесе олардың бөлек бөлшектері, өсімдіктер мен жануарлардың 
тіршілік әрекетінің өнімдері, сондай-ақ, өсімдік және жануар шикізаттарын 
қайта өңдеу өнімдері. Тірі организдердің алуан түрлігін ескере отырып
келесі жолдармен сараптамалық зерттеудің тікелей объектілерінің тізімін 
анықтауға болады, яғни олар:

нативті (өзгермеген) организмдер және олардың фрагменттері:
өсімдіктер және олардың бөлшектері – сабағы, жапырағы, тамыры, 
гүлі, ұрығы, гүл тозаңы, қабығы; өсімдіктердің шайыры (смола), 
сүттіген шырыны (млечный сок), гүл тозаңы, крахмал, жемістері; 

жануарлар немесе денесінің кейбір бөлшектері (жүні, терісі, сүйегі, 
мүйізі) және органдары; жануарлардың қиы (экскременты), ішкі 
секреция органдарынан бөлінетін заттар немесе органдарының өзі, өт 
қаптары және тастары, жыныс бездері және олардың секрециялары; 

құстар және олардың организмдерінің бөлшектері; 

балықтар – жеке түрлері және олардың бөлшетері; 

үлкен жәндіктер, олардың личинкалы кезеңдері, хитинді скелетінің 
бөліктері; жәндіктердің бөлу заттары – өрмекшінің торы, пілләсі 
(кокон), прополис, балы;

тергеліп жатқан оқиғаға байланысты емес түрде (мысал үшін, мәйітті 
табу орны), нақты жердің табиғи биологиялық кешенін құрайтын 
өсімдіктер мен жануарлардың жиынтығы;

адамның өндірістік іс-әрекеттерімен, сондай-ақ қылмыс жасаған 
тұлғалардың 
нақты 
әрекеттерінің 
механизмімен 
шартталған 
биологиялық объектілердің жасанды жиынтығы: ағаштан, өсімдік 
шикізатынан жасалған бұйымдар, ағаш үгінділері, пішен, силос 
массалары және комбикорм, дәнді дақылдар, темекі өнімдері және 
темекі заттары, қағаз өнімдері, өңделген тері және олардан жасалған 
бұйымдар, жүн, терісі, қой терісінен тігілетін тонның шикізаты, мүйіз 
және сүйек шикізаттарынан жасалған бұйымдар және т.б.


153 
Сот-биологиялық сараптамасының 
пәнін 
сарапшылармен сот биология 
саласындағы арнайы ғылыми білімдерінің негізінде анықталатын азаматтық, 
қылмыстық істің, әкімшілік өндірістің нақты мәліметтері, жағдайлары 
құрайды. Сараптаманың көмегімен алынған деректі мәліметтер адам өлтіру
дене жарақатын салу, қарақшылық, қоршаған ортаны қорғау туралы 
заңнамалардың ережелерін бұзу, браконьерлік деректерін тергеген кезде 
пайдаланылады.
Сот-биологиялық сараптамасы шешетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет