Шамахай С. 1, Есім Ғ



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата07.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#19189
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Құпия  шежіре»  мәтініндегі  тәңірлік. 

(«Мәңгі  Аспан»).  Тəңірлік  дін  сонау  шумерлер 

заманынан  келіп,  ғұндар  кезінде  мемлекеттік 

дін, идеологияның міндетін атқарып, одан кейін 

Көк  Түрік  кезінде  «Көк  Тəңірі»  діні  ретінде 

сабақтасқан  көшпенділердің  мыңдаған  жылдар 

тарихы бар ерекше дін. 

Моңғол  ұлт,  тайпаларының  бірігіп  қаһарлы 

мемлекет  құрып,  дүниежүзін  шарлай  соғыспен 

бағындырған  тарихи  оқиғаларға  байланысты 

Монголдардың  діни  көзқарасы  да  өзінің  биік 

шыңына  жетіп,  мəңгі  аспанның  монотеистік 

сенімін құрды. Шыңғыс хан шаманизмді негізге 

ала отырып, Мəңгі Аспан (Тəңір) идеясын тео-

рия  дəрежесінде  қорытып,  қолдана  білді.  Бір 

сөзбен  айтсақ,  Ұлы  Моңғол  мемлекеті  кезінде 

тəңірлікке «мəңгі» сөзі қосылып дами түсті.

Сөзіміз дəлелді де, дəйекті болу үшін біз тари-

хи құжат ретінде, əсіресе 1240 жылы моңғолдың 

хан  ордасында  жазылып  біткен  шежіредегі 

мəліметтерді  қарастыратын  болсақ,  əлемге 

«Моңғолдың құпия шежіресі» деген атпен əйгілі 

болған бұл мұрада Мəңгі Аспан (Тəңірі) сөзі жиі 

қайталанады. 

«Құпия  шежіреде»  Шыңғыс  хан:  «Мəңгі 

Аспан  білсін!»,  «Бадай,  Күшілік  екеуі  менің 

құтқарып  көмектескендіктен,  Мəңгі  Аспан 

риза лы ғына  бөленіп,  жеңіп,  биік  дəрежеге 

жеттім,  мен»;  Шыңғыс  хан:  «Шабуылдан  соң 




ISSN 1563-0307                                 Journal of Philosophy, Culture and Political Science. №3 (65). 2018

eISSN 2617-5843

57

Шамахай С., Есім Ғ.



кімнің жеңерін Мəңгі Аспан (Тəңір) біледі» ...» 

(Дамдинсүрэн,  1990а:153)  –  деген  сөздерінен 

Тəңірдің құдіретін сезініп, оған табынған бірден 

бір адам Шыңғыс хан болғандығы байқалады. 

«Құпия  шежіренің»  Шыңғыс  ханның  ата-

баба  тегі  туралы  баптарында  Шыңғыс  ханның 

арғы  атасы  «көктен  бұйырған  несібемен 

туғаны»  айтылады.  Яғни,  моңғол  аңыздарына 

сай, Шыңғысхан əулетінің Тəңірмен байланысы 

бар  екені  айқын  болады.  Шежіренің  21-бабын-

да Шыңғыстың арғы аналарының бірі Алан-Гоа 

өзінің үш балаға жүкті болғанын түсіндіргенде: 

«Түн  сайын  бір  ақсары  адам  үйдің  шаңырағын 

жап-жарық  қып  кіріп  келіп,  менің  құрсағымды 

сипағанда, оның нұры жатырыма сіңіп кететін. Ол 

адам шығар күн мен батар айдың арасында сары 

итше бұлғаңдап шығып кететін» (Дамдинсүрэн, 

1990ə:28)  –  дейді.  Мұнда  жалпы  фольклорда 

кездесетін  ғажайып  туу  мотиві  бар  екендігін 

ескерсек,  мифтің  шығу  төркіні  ғұн  дəуірімен 

сабақтас екені белгілі. Тотемдік ұғымдарды кие 

тұту түркі қағанаты құрылғанға дейін кең қанат 

жайса, кейінгі дəуірде ірі қағанаттың орнауына 

байланысты бұрынғы мифтік ұғымдар өзгеріске 

ұшырап, аңыздық прозаның басқа жанрларының 

тууына мүмкіндік жасады. «Шежіре» осы тарап-

тан келгенде аңыздық прозаның əртүрлі жанры-

нан мағлұмат беріп ғана қоймай, жанрдың даму 

заңдылығын,  өзгеріске  түсу  мүмкіндігін  де  та-

нытады.  Жалпы  дүниежүзі  тарихында  атақты 

адамдар мен құдайлардың дүниеге келуі жайлы 

мифтердің  көбінде  күн  нұрынан  туу  мотивін 

кездестіруге болады (Шекен, 2013). 

Ал  Тəңірдің  қолдауы  деген  идея  шежі-

ре нің  өн  бойында  үнемі  байқалады.  Әсіресе, 

Шыңғысханның  басына  түскен  қиыншылық-

тардан,  дұшпандарынан  құтылуы,  сан  мəрте 

жау ларын  жеңуі  тек  Тəңірдің  қолдауымен 

жүзеге  асып  жатқандығы  айтылып  отырады. 

Ал,  Шыңғысханның  кейінгі  ізбасарларының 

жарлықтарында да «Мəңгі Аспанның (Тəңірдің) 

қамқорлығымен»  деген  сөз  міндетті  түрде 

кездеседі. 

Шыңғысхан «Мəңгі Аспанға» (Тəңірге) табы-

нып,  шаманизмді  ұстанған.  Академик  Ш.  Бира 

жазғандай,  «Тəңірге  табынуды  Шыңғысхан 

моңғол  тайпаларын  біріктіріп,  империя  құру 

саясатының  маңызды  ұстанымы  ретінде  ше-

бер  қолдана  білді.  Ал  шаманизмді  Моңғол 

елінің  мемлекеттік  дəрежедегі  дəстүрлі  діни 

ғұрпы етті. Шыңғысхан Нирун моңғолдарының 

ішіндегі ең тұңғышы болып есептелетін Барын 

тайпасының Үсен ақсақалына ақ шапан кигізіп, 

ақ атқа мінгізіп, бек атағын береді. (Бира, 2006.) 

Бұдан  Шыңғысханның  киіз  туырлықты  қалың 

халықтың  көңілін  тауып,  бір  ортаға  жинауға 

ежелгі нанымын пайдаланудың аса қажеттілігін 

ескергендігі байқалады.

Тəңірлік наным алғаш рет Қытай Қорғанының 

солтүстігіндегі  Ішкі  Азия  даласының  ежелгі 

көшпенділері арасына тарап, кейін олардың са-

насын  жаулап,  таңқаларлық  ұзақ  уақыт  бойы 

ұрпақтан-ұрпаққа сабақтаса келіп, моңғолдардың 

ұлы  дəуірлеу  шағында  жоғарғы  шегіне  жетті. 

«Мəңгі  Тəңір  құдіретімен,  хан  даналығының 

шапағатымен» деген сөз тіркесімен басталатын 

қызметтік  хаттар  Азия,  Еуропа  халықтарына 

жолданып  жататын  еді  (Чоймаа,  2015).  Мы-

салы,  1845  жылы  Днепр  өзенінің  маңынан 

«Monh  tengriin  hychin  dur,  Haganii  suu  zaliin 

iveel  dur...»  –  Сөзбе-сөз  аудармасы:  «Мəңгі 

Аспан (The Eternal Sky) құдіреті астында, Қаған 

(Khan)  даналығының  шапағатымен»  жазуы 

бар елшілердің мойынға тағатын күміс тұмары 

табылған  еді.  (Хуяг,  2014).  Қазір  бұл  тұмар 

Санкт-Петербург  қаласының  І  Петр  патшасы 

музейінде  сақталуда.  Бұдан  «Көкте  –  Тəңірі, 

Жерде – Қаған» концепциясын байқауға болады. 

Тəңір (Heaven) жəне Қаған (Khan) деген қос на-

ным айқындалып тұр, ал олар дүниедегі жоғарғы 

ерік, құқықтың екі негізгі бөлігін құрайды.

«Құпия  шежіреде»  Аспан  мен  Жер  туралы: 

«Аспан  мен  Жер  келісіп,  Темүжінді  хан  етті», 

«Аспан  мен  Жердің  тағдыр  мезгілі»,  «Ата-ана 

мен Жер-Ананың аялы алақаны» (Дамдинсүрэн, 

1990б:73) – т.б. сөздерінен аспанды əке ретінде, 

жерді  ана  ретінде  ұғынуынан  діни  танымның 

дамып белгілі бір дəрежеге жеткенін көрсетеді. 

Кейде  моңғолдар  «Табиғатты  Құдай  ретінде, 

Құдайды  табиғат  ретінде  түсініп»  пантеистік 

көзқарас танытады. 

Шыңғыс  хан  жəне  алтын  тұқымдастар, 

ел  басқарушылар,  Шыңғыс  əскерлері,  бəрі  де 

Тəңірге  бағынып,  шаманизм  шарттарын  орын-

дап,  сеніп  келгендіктен  XIII-XҮI  ғасырлар 

аралығында  ешқандай  өзге  дінге  еріп,  сіңіп 

кетпеді.  Шамандық  оларды  ержүрек,  шын-

шыл,  əділ,  ақкөңіл  етіп  тəрбиелей  алды.  Ша-

манизм  кəдімгі  қарапайым  өмірден  өз  ішінен 

туындағандықтан,  оларға  етене  жақын  бол-

ды.  Оның  құрған  Моңғол  мемлекетінің  саяси  

ұстанымы  шаманизмдік  табынуға  емес, 

шаманизмнің идеясына бағытталған. 

«Шаман»  атауының  шығу  төркініне  көз 

жүгіртсек:  өте  ертеде  жапондар  көне  буд-

да  ілімінің  монахтарын  «шоман»  деп  атаған. 

Екінші,  нұсқа  –  Қиыр  Шығыста  өмір  сүрген 

эвенкі жəне тұнғыс халықтарының тіліндегі «Са-




Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №3 (65). 2018

58

Шыңғысхан: тəңірлік сенім мен толеранттылық



ман»  (saman)  атауынан  «шаман»  сөзі  шыққан 

делініп  жүр.  Осындағы  «Саман»  сөзі  «білу», 

«түйсіну» деген ұғымды білдіреді екен. Шаман-

дар аспан тəңірі мен рухтың жердегі қолдаушы 

адамдары  есебінде  саналды.  Шаман  сиқырлық 

қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан 

мəртебесі жоғары: ол ақын да, күйші де, сəуегей 

жəне əнші, сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. 

Қазақтар шаманды бақсы дейді, ол сөз монғолша 

оқытушы,  ұйғырлар  бахшы  десе,  түркімендер 

осы  атаумен  өздерінің  ақындарын  атайды.  Ко-

мандар шаманды кам деген, сібір татарлары да 

дəл солай атайды.

Жалпы  шаманизмді  əлемдік  дəрежеде 

ғылыми айналымға енгізген адам моңғол-бурят 

тұқымынан  шыққан  этнограф-ғалым  Доржи 

Банзаров (1822-1855). Бұл кісі Шығыс-Сібір ге-

нерал-губернаторы Н.Н. Муравьевтің тапсырма-

сымен арнайы зерттеулер жүргізген. Банзаровқа 

дейін  «шаман-шаманизм»  жайында  ешқандай 

ғылыми ұғым-түсінік болмаған. Д. Банзаровтың 

шаманизмді  зерттеп,  жазған  еңбегі  1846  жылы 

«Черная вера или шаманства у монголов» деген 

атпен  жарық  көрген.  Еңбек  шамандық  жайлы 

жазылған  алғашқы  туындылардың  бірі  болып 

саналды.  Осыдан  кейін  «шаман»  жеке  зерттеу 

объектісіне  айналды.  Сондай-ақ,  «Тюркский 

шаманизм»  (В.Н.  Потапов),  «Алтайский  шама-

низм» (А. Алексеев) т.б. еңбектер жарық көрді. 

Кеңес  кезінде  арнайы  қаржы  қарастырылып, 

ғалымдар тобы жұмыс істеді.

Банзаров  өз  еңбегінде  қазіргі  моңғолдар 

буддизмнің  элементтері  мен  шаманизмнің 

қалдықтары  қосылған  «қойыртпақ»  дін 

ұстанып  жүргенін  айтса,  қазақ  ғалымы  Шоқан 

Уəлиханов:  «Қазақтарда  шамандық  салт-сана 

мұсылмандық наныммен мидай араласып, ортақ 

– мұсылман атты дін құрайды… Осы екі діннің, 

қазақ  нанымына  мидай  араласуына  ертеден 

келе  жатқан  шамандық  негіз  болды  демекпіз» 

дейді  (Уəлиханов,  1985).  Сонымен  қатар, 

Ш.  Уəлиханов  «Қазақтардағы  шамандықтың 

қалдығы» атты очеркінде шамандықтың əлемдік 

дүниені  сүю,  табиғатқа  деген  шексіз  махаббат 

жəне  өлгендердің  рухын  қастерлеу,  аруағын 

ардақтау екендігін айтқан.

Шаманизм  дін  емес.  Шаманның  іс-əрекеті 

көбіне  жын  шақыру,  жындармен  байланыс  ар-

қылы жүзеге асады. Әрі тау-тас, тал-терек, жан-

жануар  т.б.  табынады.  Онда  күнə  дейтін  ұғым 

жоқ. 

Орыс  ғалымы  И.С.  Вдовин  шаманизм  эво-



люциясындағы  үш  кезеңді  атап  көрсетеді. 

Ал ғаш қы  шамандар  тек  науқасты  емдеумен, 

көріпкелдікпен, болашақты болжаумен, табиғат 

күштерін  тыныштандырумен  айналысады. 

Келесі  кезеңде  шамандар  кейбір  қауымдық 

діни  əдет-ғұрыптарды  орындауды  узурпа-

циялайды.  Соңғы  кезеңде  барлық  қауымдық 

жəне  отбасылық  əдет-ғұрыптар  шамандардың 

жетекшілігімен өтеді (Вдовин 1965:265). 

Е.В.  Ревуненкованың  пікірінше,  шаманизм 

дін  емес,  сондықтан  кез  келген  діни  жүйемен 

оңай сіңісіп кетеді. Автордың анықтауынша ша-

манизм  –  айырықша  дүниетаным  жүйесі,  онда 

ерекше  рəсім,  айрықша  адамдар  тобы  арқылы 

ғарыштың үш деңгейінде қарым-қатынас жасау 

мүмкіндігі туралы көзқарас көрініс тапқан, онда 

дүниетанымның  рационалды,  иррационалды 

көркем образды элементтері тоғысады (Ревунен-

кова 1980:243). 

«Құпия шежіреде» Шыңғыс хан заманының 

тəңірлікке  табынғандығы  туралы  жəне  шаман-

дықтың  салттарын  ұстанғандығын  дəлелдейтін 

мəліметтер  көптеп  кездеседі.  Кейбір  мысал-

дарына  тоқталар  болсақ,  «Құпия  шежіренің» 

80-бабында:  «Темүжін  (Шыңғыс)  орман  ішіне 

үш  түнеген  соң,  қайтпақ  болып,  атын  жете-

леп  келе  жатқанда,  ері  сыпырылып  түседі. 

Қайырылып қараса, ерінің айылы да, өмілдірігі 

де  ағытылмаған  екен.  «Айылым  сыпырылуы 

мүмкін,  бірақ  өмілдірік  қалайша  сыпырылды? 

Тəңірім  бір  нəрсе  сездіріп  тұрған  болар»  деп, 

қайтадан орнына барып, тағы да үш түнейді. Енді 

орманнан шығайын деп келе жатса, шығар жол-

да үйдей ақ тас кептеліп қалыпты. «Тəңірім тағы 

да бір нəрсе сездіріп тұрған болар» деп қайтадан 

орнына  барып  тағы  да  үш  күн  түнейді.  Сөйтіп 

аштан-аш  тоғыз  күн  өткен  соң,  «Бұлай  атақ-

абыройсыз өлгенше, шығайын» деп, манағы ақ 

отаудай үлкен тасты айналып, оқшы пышағымен 

жолдағы  ағаштарды  қырқып  отырып,  атын  же-

тектеп  шыға  келгенде,  аңдып  тұрған  тайшуыт-

тар  ұстап  алады»  –  (Дамдинсүрэн,  1990в:48) 

делінген. 

«Құпия шежіренің» 103-бабында: «Темүжін 

Бұрқан тауына түсіп, бас киімін алып, белбеуін 

мойнына салып күн тұсқа қарай Бұрқан Халдун 

тауына 9 рет тəу етіп, тағзым жасап, шашу ша-

шады» – (Дамдинсүрэн, 1990г:58) делінген. Ал, 

шежіренің  244,  245,  246-баптарында  Шыңғыс 

ханның  сеніміне  əбден  кірген  бақсы,  көріпкел 

Теп-Теңгірдің  сəуегейлігі  жəне  оның  ақыры 

тым астамшылдық жасап, Шыңғысхан əулетінің 

ағайындар арасына от салуынан хан тарапынан 

қаза  табуы  туралы  айтылады.  Бұдан  Шыңғыс 

ханның  шамандық  сəуегейлікке  аса  əуес 

болмағандығын байқауға болады. 




ISSN 1563-0307                                 Journal of Philosophy, Culture and Political Science. №3 (65). 2018

eISSN 2617-5843

59

Шамахай С., Есім Ғ.



Жоғарыда 

келтірілген 

мысалдардағы 

Тəңірге  табыну,  белбеуді  мойынға  салу,  тауға 

тəу ету, шашу шашу, құрбандық бақсыға сену 

т.б.  əрекет,  салттар  сонау  көне  үйсін,  ғұн, 

түркі  заманынан  осы  кезге  дейін  Орта  Азия 

халықтарында  сақталып  келеді.  Тарихта  тура 

осындай  мойынға  белбеу  тағу  салты  оның 

кейінгі  ұрпақтарында  кездеседі.  Немересі  Ак-

бар  қатты  ауырып  өлім  аузында  жатқан  кезде 

Ұлы  Моғал  əміршісі  Бабыр  шах  тəңірге  тəу 

етіп  бас  киімін  шешіп,  белбеуін  мойнына  са-

лып Акбарды үш рет айналып шығып Алладан 

немересінің  орнына  өзін  алуды  сұрайды.  Үш 

күннен соң Акбар жазылып, Бабыр 53 жасын-

да дүниеден өтеді. Бұл жерде белбеуді мойынға 

салумен  қатар,  айналу  салтын  көруге  болады. 

Бұл  «айналу»  салты  қазақтарда  ауызекі  сөзде 

символдық  түрде  сақталған.  Мысалы,  жақсы 

көрген  баласын  «айналайын»  дейді.  Шын 

мəнінде «айналу» сөзінің жауапкершілігі үлкен 

болса керек. «Баламның бойында ауру-сырқау, 

бəле-қаласы  болса,  айналу  арқылы  өзіме 

алайын»  деген мағынада айтылған екен. 

Немістің атақты ғалымы Г. Дөрфер байырғы 

түріктердің нанымы, дін дəрежесіне көтерілгенін 

баса  айта  отырып,  бұл  дін  монотеизмге  (бір 

құдайлыққа)  жақын  деген  тұжырым  жасаған. 

Ол  байырғы  түріктердің  дінін  «тəңірлік»  (тен-

гризм) деп атай отырып: «... бұл дін даму тари-

хында үш кезеңді басынан өткізген болуы əбден 

мүмкін. Олар: тотемдік, шамандық жəне sit venia 

verbo тəңіршілдік», – деген қорытындыға келген 

(Doerfer, 1965). 

XIII  ғасыр  басында  моңғолдарда  дуалистік 

көзқарас  басым  болды.  Аспанды  да,  жерді  де 

алғашқы  бастама  ретінде  мойындады.  Олар 

жан,  рухтың  барына  сенгенін  олардың  ауызекі 

сөзінде «жаным шығардай қорықтым» деп айтуы 

жанды денеден бөлек қарастырғанын білдіреді. 

«Құпия  шежіреде»  моңғолдар  Шыңғысханды 

қайтыс  болғанда  «аспанға  қайтты»  дейді.  Бұл 

моңғолдардың адамгершілік, сана, жан, рухтың 

бəрі  аспаннан  келіп,  аспанға  қайтады  деген 

көзқарастарының  дəлелі.  Ал  адамның  денесі 

жерден жаралып, қайта жерге сіңеді. Сондықтан 

да, жерді «өлгенде жатар жерім» дейді. 

Шыңғысхан  «Мəңгі  Аспанды»  Жарату-

шы  ретінде  мойындады.  Оның  саяси  филосо-

фиясының тамыры мəңгі аспанның монотеистік 

ұстанымы  болып  табылады.  Бір  сөзбен  айтсақ, 

моңғолдар  Шыңғысхан  заманынан  бастап 

монотеистік  бағытты  дамыта  бастады.  «Мəңгі 

Аспан» (Тəңір) – материя мен рух деп бөлінбеген 

біртұтас бастама еді. 

Егер  Мəңгі  Аспанды  Шыңғыс  ханмен 

байланыстырсақ,  ол  тайпалық  сенім  бо-

лып  табылады.  Бұл  сенім  бірте-бірте  Моңғол 

ұлысының  мемлекеттік  дін  міндетін  атқарып, 

сондай-ақ, күллі моңғол ұлттарының діні ретінде 

қалыптасуы  мүмкін.  Тарихта  осындай  тайпа 

көсемдерінің  сенімі  жалпы  ауыл,  аймақ,  ұлт, 

мемлекеттің  діні  ретінде  қалыптасып  кететін 

мысалдар  көптеп  кезігеді.  Ұлт,  мемлекеттің 

басшылары жаңа дін қалыптастырып, ескі дінге 

жаңашылдық  енгізуде  көп  міндеттер  атқарып 

келген. Мəселен, Иудаизмдегі Ехова болса Абра-

хам, Исаак, Иаков, Мосе сынды тайпалардың та-

бынатын  сенімі  ретінде  пайда  болып,  кейіннен 

күллі  Израиль  ұлтының  иудаим  діні  ретінде 

қалыптасты  (Гэрэлбаатар,  2014).  Олай  бол-

са,  «Мəңгі  Аспан»  да  Шыңғыс  ханның  ұлыс, 

тайпалық  сенімі  ретінде  қалыптасып,  кейіннен 

ұлттық дəрежеге дейін жеткен болуы мүмкін. 

«Көкте  –  Аспан  (Тəңір),  Жерде  –  Қаған» 

(«Мөнх  тэнгэрийн  хүчин-дор,  хаганы  суу  за-

лийн ивээл дур...») тұжырымдамасындағы Тəңір 

(Аспан)  жəне  Қаған  деген  қос  ұғым  «Аспан 

–  Әке,  Жер  –  Ана»  деген  шаманизмнің  қос 

үлгісінен туындаған болуы мүмкін болғанымен 

шын мəнінде мемлекеттің саяси тұжырымының 

мағынасын  береді.  Аспан  (Тəңір)  əлемдегі 

шексіз ерік, биліктің жалғыз Құдайы. Ол өзінің 

шапағатымен  Қағанды  қолдайды.  Қаған  тəңір 

атынан  билік  етіп,  аспан  жарлығын  жер  бетіне 

жүзеге асыруға міндетті. Қаған өз парасатының, 

харизмасының  көмегімен  аспан  қалауына, 

шапағатына бөлене алады. Жоғарыда бір аспан 

тəңірі болса, жерде бір ғана қаған болуға тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет