Шамахай С. 1, Есім Ғ



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата07.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#19189
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қорытынды

Жоғарыда  айтылғандарды  ескере  келе, 

тəңірлік  көшпенді  тайпалардың  ата-бабала-

рынан  жалғасып  келе  жатқан  сенімі  болса, 

Шыңғыс  хан  оған  «Мəңгі»  сөзін  қосып,  терең 

философиялық,  діни  мағына  енгізді  жəне 

бұл  ұғымды  толық  теория  тұғырына  жеткізе 

алды.  Ол  өзінің  «Көкте  –  Тəңірі,  Жерде  – 

Қаған»  деген  тұжырымдамасын  идеологиялық 

тұрғыда  күллі  əлемге  жариялай  бастады.  Бұл 

саяси  басқару  əдісін  ешқандай  дінді,  наным-

сенімді  аяқ  асты  етпестен  үйлесімдікте  ор-

ната  білді.  Мəселен,  Тəңірге  табынса  да, 

шаманизм  жəне  өзге  наным-сенім,  діндерге 

сыйластықпен  қарады.  Ол  өзінің  құрған  им-

периясында  діни  зайырлылық  пен  діндерге 

деген  толеранттық  қатынасты  қалыптастыра 

алды. Толеранттылық дегеніміз ең бірінші жеке 

тұлғаның  ішкі  рухани  күйі  деп  қарастыратын 

болсақ,  Шыңғыс  ханның  жүргізген  саясаты-

нан  аса  жоғары  кемелдікті  байқауға  болады. 

Өйткені, толеранттылық өмірлік тəжірибе мен 

əлеуметтік қарым-қатынастың, үздіксіз рухани 

ізденістің  жемісі.  Бұл  ретте  Шыңғыс  ханның 

діни  толеранттылығының  негізінде  бірлік 



Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №3 (65). 2018

64

Шыңғысхан: тəңірлік сенім мен толеранттылық



идеясы  мен əділеттілікті ең жоғарғы құндылық 

ретінде бағалауы жатыр. 

Сонымен  қатар  Шыңғысхан  діни  толерант-

ты  қатынастың  маңыздылығын  өзінің  «Жаса» 

заңында  бекітіп,  кейінгі  ұрпаққа  заңды  түрде 

сақтайтын  дəстүрге  айналдырды.  Бұл  заңның 

қандай деңгейде жалғасын тауып, орындалғанын 

ханның кенже ұлы Толуйдың жары, атақты қоғам 

қайраткері Сорқақтани бегімнің мұсылмандарға 

арнап  діни  медресе  ашып  беруінен  жəне  Сая-

хаткер  Рубрук  естелігіндегі  дерек  бойынша 

ханның немересі Мөңке ханның үнемі барша дін 

өкілдерін  өз  ордасына  жинап,  тұрақты  əңгіме-

дүкен  құрып,  ас  беріп  сыйлайтын  əдетінен 

көруге болады. 

Шыңғыс  хан  тұжырымдамасы  бойынша 

моңғол ханы «Күн шығыстан күн батысқа дейінгі 

аспан астындағы барша елді басқаруға тиіс». Иə, 

Шыңғыс  хан  өзінің  Аспан  (Тəңір)  көзқарасын 

қалыптастырып,  нəтижесін  көре  алды.  Ол 

«Күн шыққан тұстан күн батқан» тұсқа дейінгі 

Мəңгі  Аспан  астындағы  барша  халықты  ашса 

алақанына, жұмса жұдырығына ұстай алды. 

1995 жылы ЮНЕСКО тарапынан 16 қараша 

Халықаралық  толеранттылық  күні  деп  жари-

яланды.  Ал  1996  жылы  БҰҰ  Бас  ассамблеясы 

БҰҰ-ға мүше елдерге əр жыл сайын 16 қарашаны 

Халықаралық  толерантылық  күні  ретінде  атап 

өтуді ұсынды. Сөйтіп халықаралық қауымдастық 

толеранттылықты  қазіргі  заманғы  адамзат 

болмысының  іргелі  тұғырнамасы  ретінде  мой-

ындады.  Шыңғыс  заманында  маңызды  болған 

толеранттылық пен діни зайырлылықтың қазіргі 

жаһандану  заманындағы  маңызы  одан  сайын 

арта түсті. Өйткені түрлі мəдениеттер мен діни 

конфессиялар  өкілдерінің  қалыпты  өмір  сүруі 

мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету,  өркениетті 

даму – мемлекеттің негізгі міндеті болып табыла-

ды. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Шыңғысханды 

адамзат  тарихындағы  діни  толеранттылық  пен 

зайырлылықты парасатты жолмен ұстана білген 

алғашқы көшбасшы деп бағалауға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет