Шамахай С. 1, Есім Ғ



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата07.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#19189
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Шыңғысхан ұстанған діни толерантты лық. 

Толеранттылық – бұл жергілікті ха лық тың басқа 

ұлт  өкілдеріне  жəне  басқа  діндегі  адамдарға 

түсіністікпен  қарап,  оларды  қудаламауының 

белгісі.  Жалпы  толеранттылық  қандай  да  бір 

өркениетті қоғамға тəн құбылыс.

Шыңғыс  хан  өз  заманындағы  дүние  жүзі 

елдерінің хан, басшылары сияқты бір діннің ғана, 

яғни,  өздерінің  қабылдаған  дінін  қорғап,  оны 

өзге жұртқа насихаттау сияқты діни фанатизмге 

ұрынған жоқ. Ол өзінің зайырлы жəне салауатты 

дүниетанымының  арқасында  өз  ұстанған  дінін 

өзге дінге айырбастамады, ал өзге дінді сыртқа 

теуіп,  олардың  наным-сеніміне  тиым  салмады. 

Керісінше,  қай  діннің  болсын  шіркеу,  мешіт, 

монастырларын,  діни  ұйымдарын  мемлекеттік 

салықтан босатты. Барлық діндерге тең қарау сая-

сатын Шыңғыс ханның мұрагерлері де ұстанды. 

Түрлі діни наным-сенімге, нəсілдік ерекшелікке, 

мəдениет,  салт-дəстүрге  деген  құрмет  көрсету, 




Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №3 (65). 2018

60

Шыңғысхан: тəңірлік сенім мен толеранттылық



толеранттық таныту, еркіндік беру ұлы империя 

үшін  ең  маңызды  мəселе  екенін  түсінгендіктен 

болуы мүмкін. 

Парсы  тарихшысы  əрі  мемлекет  қайраткері 

Ата  –  Мəлік  Жувейни  өз  еңбегінде:  «Моңғол 

елі əу бастан түрлі діни мəселелерге жиі тіреліп 

отырғандықтан  оларға  толерантты  қатынасу 

саясатын  ұстануға  тура  келді.  Шыңғыс  хан 

ешқандай  діннің  фанаты  болмағандықтан, 

қандай  да  діннің  өкілі  болмағандықтан  діни 

фанатизмді, бір діннен екіншісін артық көруден 

аулақ  болды.  Бірақ  ол  əрбір  діннің  көсемдерін 

қатты сыйлады жəне бұл саясатын жұмаққа ба-

рар бірден-бір жол деп есептеді. Ал оның балала-

ры, ұрпақтарына келсек, олардың біршамасы өз 

қалаулары бойынша түрлі діндерді қабылдады. 

Ал  кейбіреулері  өз  ата-бабасы  ұстанған  дін 

қағидаларын ұстанды. Дегенмен олар да діни фа-

натизмнен аулақ болды. Шыңғыс ханның «Жаса» 

заңында  діннің  барлық  салаларын  тең  көру 

міндеттелген»  (Джувейни,  2004)  –  деп  жазған. 

Ата – Мəлік Жувейни ХІІІ ғасырда Қарақорымға 

келіп сол заман оқиғаларын көзбен көріп, бастан 

өткерумен қатар, Моңғол хандарының қасында 

уəзірлік қызмет атқарғандықтан, оның еңбегінің 

құндылығын айтпасақ та, түсінікті болар. 

Ал,  бұл  Жувейнидің  жазғандарын  илхан 

Аргунның  1290  жылы  Католик  дінінің  папасы 

ІV  Николайға  жолдаған  хаттардың  мағынасы 

дəлелдейді.  ІV  Николай  1288,  1289  жылдары 

Аргунға жолдаған өз хаттарында оны христиан 

дінін қабылдауға үгіттеген еді. (Чоймаа, 1991). 

Жалпы  ХІІІ  ғасырда  көшпенділер  арасын-

да  діни  түйткілді  мəселелер  туындап  отырған. 

Мəселен,  1204  жылы  Шыңғыс  ханнан  жеңіліп 

қашқан Таян ханның ұлы Күшілік хан өзіне ілес-

кен елмен туысқан қарақытай билігіндегі өлкеге 

өтеді.  Мұнда  ол  қошаметпен  қабыл  алынып, 

қартамыс  гүрхан  Жылыгудің  қызына  үйленіп, 

кейін  осы  мүмкіндікті  пайдаланып,  ел  билігін 

тартып  алды.  Қарақытай  (қарақидан)  тағына 

отырады. Хорезм, Самарканд, Осман елдері сол 

кезде  Жылыгуге  бағынатын  еді.  Күшілік  хан 

таққа отырғаннан кейін ислам дінділермен қатал 

əрі  жауыз  қатынаса  бастады.  Ол  кезде  найман 

тайпасының  көбісі  христиан  дінінің  несториан  

бағытын  қабылдаған  еді.  Күшілік  те  нестори-

ан  болды.  Ал  Жылыгудың  қызы  будда  дінін 

қабылдағандықтан  Күшілік  те  несториандық 

сенімін тастап, будда дінін қабылдай бастайды. 

Күшілік  өз  қол  астындағы  халқын  ислам  дінін 

тастап, христиан немесе будда дінін қабылдауды 

бұйырып, күш қолданады. Бір күні Күшілік хан 

елді  қаланың  орталық  алаңына  жинап:  «Егер 

христиан  жəне  будда  дінінің  ұстанымы  жайлы 

дауласатын  адам  болса  ортаға  шықсын»  –  деп 

бұйырады. Сонда ислам діншілдерінің бас има-

мы Мұхаммед алға шығып, бұл бұйрыққа қарсы 

екендігін айтып дауласады. Сонда Күшілік хан 

ашуланып,  оны  небір  сөзбен  қарғап-сілейді. 

Ал  Мұхаммед  болса:  «Жаратушының  жауы, 

кəпірдің  тілі  құмға  көмілсін»  деп  айқайлайды. 

Ал  ашуға  булыққан  Күшілік  Мұхаммедке: 

«дініңді өзгерт» деген бұйрығына қасарысқаны 

үшін,  оны  мешіттің  кіреберісіне  денесін  керіп, 

шегелеп, қинап өлтіреді. Бұдан кейін, көп уақыт 

өтпей,  Жебе  басқарған  Шыңғыс  хан  əскерлері 

Қарақытайды  басып  алады  да,  Шыңғысханның 

елдегі  дін  еркіндігін  сақтайтындығы  туралы 

бұйрығын  жария  етеді.  Бұл  бұйрықты  естіген 

Қарақытайлықтар  Шыңғыс  ханға  өз  еркімен 

өтіп, Күшілік хан əскерінің көзін жояды (Наран-

гэрэл, 2014). Осылайша, Күшілік хан өзінің дінге 

деген қатынасы үшін біржола жеңіліс тапқан. 

Шыңғыс  хан  өз  күшін  нығайтып,  билігін 

кеңіткен  соң  ешқандай  да  дінге  басымдылық 

беріп,  артық  құқық  бермеді  (Сайшаал,  2015). 

Шыңғыс  хан:  «Төрт  Жоғарғы  Тəңірді  (Будда, 

Моисе, Иса, Мұхаммед) сыйлап, қасиет тұтсын» 

деген екен. Бұл тəртіпті ол арнайы «Жаса» заңы 

аясында бекітті. Сондықтан да, Шыңғыс хан ай-

наласында барлық дін өкілдері тату болды. 

«Шыңғыс  ханның  Жасасы»  деген  атпен 

белгілі  заңдар  жинағы  оны  хан  көтерген  1206 

жылы  жария  етіліп,  1218  жəне  1224  жылдары 

қайта  қаралып,  біржола  бекітілді  деген  бол-

жам  бар.  Зерттеушілердің  айтуынша  «Шыңғыс 

ханның  Жасасы»  «Жаса»  жəне  «Білік  өсиеті» 

сияқты екі бөлімнен тұрады. 

Рашид ад-Диннің «Жылнамалар жинағында» 

айтылғандай,  Шыңғыс  хан  дəуірінен  бастап, 

ұлы  қағанның  айтқан  сөздерін  күнбе-күн  жа-

зып алу дəстүрі қалыптасқан. Осыған орай, хан 

бұл  мақсат  үшін,  көбінесе,  ұйқасты,  тұспалды, 

жатық əрі мəнді сөздер айтатын болған. Бұндай 

терең мағыналы сөздерін жазып алу үшін əрбір 

атақты Шыңғыс хан ұрпағының қасында өзінің 

білімді  бітікшісі,  ерекше  жазғышы,  хатшысы 

болған. 

«Жаса» Шыңғыс хан империясының əскери-

құқықтық  заңдарының  жинағы  деп  ресми 

құжаттарда танылады. Өз заманында ата заңдай 

болған  бұл  екі  құжаттың  алғашқысында,  яғни 

«Жасада»  əртүрлі  іс-əрекеттердің,  əскер  құру 

тəртібінің, ел билеу жүйесі мен қылмыстардың 

тізбесі  берілген  жəне  кінəлі  адамдар  тартатын 

жазалардың  түрлері  көрсетілген,  ал  «Білік» 

соттағы  тергеу  ісі  мен  сот  жүргізу  тəртібін 




ISSN 1563-0307                                 Journal of Philosophy, Culture and Political Science. №3 (65). 2018

eISSN 2617-5843

61

Шамахай С., Есім Ғ.



белгілейтін  Шыңғысханның  өсиетнамаларынан 

тұратын мұрасы деп қарауымыз керек. Басқаша 

айтқанда,  Шыңғысханның  «Жасасы»  оның 

ұрпағы мен қол астындағы халықтың орындауға 

тиісті  заңдастырылған  жарлығы  болса,  «Білік» 

«Жасаны»  бұзушыларды  соттайтын  іс  жүргізу 

кодексі деп қаралғаны жөн. Бертін келе, түркі-

моңғол  тайпалары  осы  «Жаса»  заң  ережелерін 

дəстүрлі  құқық  нормалары  есебінде  қолданып, 

басқа заңнамалық құжаттарды қажет еткен жоқ 

(Құнтөлеуұлы, 2006). 

Шыңғыс  хан  қалыптастырған  либералды 

заң нормаларына сай қойылған «Барлық діндер 

бірдей  құрметке  лайық,  бірақ  олардың  бірде-

бірі  үстемдік  ете  алмайды»  деген  талабынан 

ханның барлық діндерге (ислам, христиан, буд-

да)  толеранттылық  танытып,  сыйластықпен 

қарағанын байқауға болады. 

Бұл талап Шыңғыс хан дүниеден өткен соң 

да, ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып, жалғасын тап-

ты. Бірнеше мысалдар келтірер болсақ, əсіресе, 

Шыңғыс  ханның  кіші  ұлы  Толуйдың  жұбайы 

Сорқақтани  бегім  Шыңғыс  хан  ережелерін  өз 

өмірінің  қағидасы  етеді.  Сорқақтани  жастайы-

нан  кітапқа  құмар,  шешен  тілді  ақын  болумен 

қатар,  мемлекеттің  ірі  саясаткері  болды.  Ол 

барлық діндердің басын біріктіре білді. Барлық 

дін өкілдеріне аса құрметпен қарады. 

Сорқақтани  бегім  туралы  моңғол,  қытай, 

парсы тілінде тарихи деректер көп. Плано Кар-

пини, Рашид ад-дин, А. Жувейни өз еңбектерінде 

Сорқақтани  бегім  туралы  жоғары  баға  берген. 

Сорқақтани  бегім  Бұқар  қаласына  1000  бала 

сиятын  мектеп  ашып  оқытады.  Сорқақтанидың 

құрметіне ол күні бүгінге дейін «Ханым мектебі» 

аталатын көрінеді. ХІІІ ғасыр парсы тарихшысы 

Әл-Жувейни  «Тарих-и  жаһангушай»  («Genghis 

Khan  the  history  of  the  world  conqueror»)  атты 

моңғолдар  тарихына  арналған  үш  томдық 

еңбегінде  былай  деп  жазады:  «Two  edifices  of 

lofty  porch  and  firm  foundation  that  were  built  in 

this  place  at  this  period  ere  the  Madrasa-yi-Khani 

built  by  Sorqotani»,  «...мұсылман  елдерінің 

ешбір  қаласы  Бұқарға  тең  келмейді,  Бұл  күнде 

Сорқақтани салдырған еңсесі биік, іргесі берік, 

сəулеті асқан екі ғимарат бар. Бірі, Хан медресесі 

(Madrasa-yi-Khani),  енді  бірі  Мəсіғұт  медресесі 

(Madrasa-yi-Mas’udya).  Бұл  ғимараттарда  күн 

сайын  мыңдаған  шəкірт  қайырлы  зерттеулер-

мен  шұғылданады.  Олардың  ұстаздары  бүгінгі 

күннің  ғұламалары,  заманымыздың  даналары», 

– (Juvaini, 1997) деп жазылған. 

Сорқақтани  бегім  өзінен  туған  төрт  ұлын 

Шыңғыс  ханның  өсиетімен,  қатал  талаппен, 

ақылымен тəрбиелеген себепті, балалары Мөңке, 

Құбылай, Арықбұқа, Құлағу есімдері елге жайы-

лып, олардың үрім-бұтағы 400 жыл ел билеген 

Алтын тұқым хандары болды. 

Тағы  да  бір  мысал,  Мөңке  ханның  барлық 

дінге  бірдей  қатынас  жасайтындығы  туралы 

француз елінен елшілікпен Қарақорымға келген 

Рубрук бір күні ханның барлық дін өкілдерін жи-

нап, өзара қасиетті кітап ілімін, үгіт-насихатын 

таластырғандығы  туралы  қызықты  мəліметті 

жазып қалдырған (Рубрук, 2000). 

Рубрук  былай  деп  жазады:  «Мөңке  хан  біз 

Тəңірдің құдіретімен барлығымыз туып, өлеміз. 

Біз  Тəңірге  шынайы  адал  жүрекпен,  ниетпен 

қараймыз»  –  деді.  Ал  менің  айтқаным:  «Бұл 

жүрек,  көңілді  Құдай  сізге  береді,  Құдайдың 

шапағатынсыз  бұл  өздігімен  болатын  нəрсе 

емес» дедім. Ол тілмаштан не деп айтқанымды 

сұрады,  содан  соң  тілмаш  аударып  жеткізді. 

Хан  жалғастырып:  «Құдай  адамның  қолына 

көптеген саусақтар жаратқандығы тəрізді түрлі 

жолдар да берген екен. Құдай сендерге қасиетті 

кітап  бұйырған  екен.  Бірақ  сендер  оны  шы-

найы ұстанбайтын сияқтысыңдар. Сіздің діндегі 

ілім  бойынша  өзгелерді  терістеуге  болмайды 

делінген деп айтыпсыз. Бұл рас па?» – дегеніне: 

«Жоқ,  тура  солай  жазылмаса  да,  сізге  əу  баста 

айтып  едім,  мен  ешкіммен  пікір  таластырмай-

мын деп» дедім. Сонда хан: «Бұнымен сізді айт-

пап  едім» деді де: «Ақша, байлыққа бола адам 

шынайы  жолдан  таймайды  деп  жазылғаны  рас 

па?» дегенде мен: «Жоқ, аса мəртебелім, мен бұл 

жаққа пайда көздеп, ақша табуға келген жоқпын, 

сондықтан да өзгелердің ұсынған ақшасынан бас 

тарттым» дегенімде, өзге бір уəзір менің сөзімді 

растап,  бірде  жібек,  матадан  бас  тартқанымды 

дəлелдеді.  Сонда  хан:  «Мен  бұнымен  осы  кісі 

жайлы  айтып  тұрған  жоқпын»  деді  де:  «Соны-

мен сендерге Құдай қасиетті ілім, кітап бұйырған 

екен.  Ал  сендер  сол  ілім  бойынша  жүрмейді 

екенсіздер.  Ал  Құдай  бізге  бақсы,  балгерлерді 

бұйырған екен. Біз солардың айтқаны бойынша 

жүреміз,  сонымен  де  аман-есен  өніп  өсудеміз» 

деді.  Мөңке  ханның  ордасында  барлық  дін 

өкілдері  араның  балына  үймелеген  шыбын-

дай құжынап жиналған сəтте хан барлығына ас 

беріп, күтетін еді. Бұл жағдай өзінің ғана дінін 

мойындайтын Рубрукқа жағымсыз көрінетін еді. 

(Рубрук, 2000). 

Мөңке  ханның  Рукрук  арқылы  Француз 

ханы  Людовикке  жолдаған  хатында:  «Мына 

дүние  жүзін,  барлық  дін  қызметкерлерін 

аман-есен,  өзара  тату-тəтті  етіп,  олардың 

барлығына  Тəңір  жарлығын  естірту  үшін  біз 




Хабаршы. Философия, мəдениеттану, саясаттану сериясы. №3 (65). 2018

62

Шыңғысхан: тəңірлік сенім мен толеранттылық



сол  дін  қызметкерлерімен  бірге  Моалдардың 

(Рубруктың моңғолдарды атауы) елшілерін сізге 

жібердік» (Рубрук, 2000) – делінген. 

Буддизм  философиясы  адамның  күнə  жа-

саудан  алшақ  болуын,  жақсы  істер  жасауды, 

сауап  жинауды,  тірі  жанды  өлтірмеуді,  өзгенің 

бермегенін  алмау,  жаман  сөзден  аулақ  болу, 

өтірік айтпау, ағзаны улайтын заттан аулақ жүру, 

өзгенің жарымен байланыспау т.б. адамгершілік 

қағидаларын үйретеді. 

Христиан  діні  əке-шешені  сыйлауды,  адам 

өлтірмеу, өтірік айтпау, ұрламау, жалған куəгер 

болмауды,  өзгені  қызғанбауды  үйретеді.  Ал 

ислам діні болса барлық адам Алланың алдын-

да тең екендігін, Аллаға құлшылық етуді, əйел 

адамның  еркек  адамды  бақытты  қылу  үшін 

жаралғандықтан еріне бағынуды, əділ, адал бо-

луды, кедейлерге көмектесу т.б. үйретеді (Есім, 

2001). 

Ал  осы  діндердің  өсиет-насихаттарына 

ортақ нəрсе адамдарды адамгершілікке шақыру, 

олардың  қарым-қатынастарын  жақсылыққа, 

игілікке  бағыттағандықтан  Шыңғысхан  да 

қайбір  дінге  де  аса  құрметпен  қарады.  Бұл 

əсіресе,  Шыңғысхан  заманындағы  мешіт, 

шіркеу, храмдардың мемлекеттік салықтан боса-

тып отырғандығынан байқалады. 

Шыңғысханның  ұстанған  діни  толерант-

тылықтың  негізінде  түрлі  дінді  халықтарды, 

түрлі мəдениетті ұлттарды жинап, Мəңгі Аспан 

астына бір ғана Қағанның қоластына бағындыру 

үшін жасалған бірлікке шақыру идеясы жатса ке-

рек. Өйткені, бірлік идеясы Шыңғысханның арғы 

аналарынан берілген өсиет еді. Бірліктің қадір-

қасиеті туралы таным Алун əжей өсиетінен бас-

тау  алады.  «Құпия  шежіре»  мəтініне  сүйенсек, 

мысалы,  19-бапта  өзінен  туған  бес  ұлының 

берекесі  кеткенін  байқаған  Алун  əжей  оларды 

көктемнің  бір  күні  қойдың  сүрі  етіне  тойды-

рып алып, тізілтіп жүресінен отырғызып қойып, 

қолдарына бір-бір талдан шыбық ұстатып, «сын-

дыр»  дейді.  Олар  бір  демде  шыбықты  опырып 

тастайды. Сонан соң, тағы да бес шыбық алып 

біріктіріп  буады  да,  «ал  енді  сындырыңдар» 

дейді.  Бірақ,  оны  ұлдарының  қай-қайсысының 

да сындыруға əлі жетпейді. Сонда анасы: «Егер, 

сендер  жеке-жеке  кетсеңдер,  мына  жалғыз 

шыбық  сияқты  бөгде  біреулер  тез  сындыра-

ды.  Егер,  бірлік-ынтымақта  болсаңдар,  мына 

буған  шыбық  сияқты  берік  боласыңдар.  Сен-

дерге  ешкімнің  əлі  жетпейді»  –  (Дамдинсүрэн, 

1990д:28)  дейді.  Яғни  бұл  жерде  Алун  əжей 

бірлік  ұғымын  бір  отбасыдан  шыққан  туысқан 

аралық ынтымақтан бастап отыр.

Алун  ананың  айтқан  бірлік  туралы  сөзі 

шығарманың  онан  кейінгі  23-37-баптарында 

бөлінгенді  бөрі  жеп,  бірліктің  түбі  тірлік  екені 

тіпті  нақтылана  түседі.  Бірлігің  болса,  бүтін 

елге билік жүргізесің деген сана 39-бапта Алун 

ананың бес ұлы бірігіп ұранқайдың бір ауылын 

бағындыруы арқылы беріледі. Алун ананың осы 

өсиеті  атадан  балаға  ұласып,  жалғасын  тауып 

отырды. 

Шежіренің  76-бабында,  яғни,  арада  талай 

заман  өткеннен  кейін,  Шыңғысханның  ана-

сы  Өэлүн:  «Алун  əжейдің  бес  ұлы  сияқты» 

(Дамдинсүрэн,  1990е:46)  –  деп  жоғарыдағы 

оқиғаны  тəмсіл  қып,  дауласқан  балаларын 

бірлікке шақырады. Өэлүн Есүхейдің тарап кет-

кен  ұлыстарының  басын  біріктіру  мен  басқару 

міндеті  Темүжінге  тиесілі  екендігін  оған 

ұғындырып,  санасына  құйып  өсірді.  Сонымен 

қатар,  осы  мақсатқа  жету  үшін  дос-жаранның, 

көптің күшіне сүйенуді, ол үшін бірліктің қажет 

екендігін өсиет етті. 

Қазақта «бірлік түбі – тірлік», «ырыс алды – 

ынтымақ», «төртеу түгел болса төбедегі келеді, 

алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген атам за-

маннан  қалған  аталы  сөз  бар.  Демек,  бірліктің 

қадір-қасиетін  санасына  тоқып  өскен  Шыңғыс 

хан  өміріндегі  əйгілі  жетістіктерінің  негізінде 

осы бір дүниетанымдық ұстаным жатыр. 

Адам  болмысының  мəнді  категориясы 

ретіндегі  толеранттылық  əділеттілік  ұғымымен 

тығыз байланысты. Әділеттілік болмаған жерде 

толеранттылық та орнамайды. 

Шежіренің  79-87,  90-93,  205,  206,  211,  214 

баптарында Шыңғыс хан əрбір нөкер, уəзірлеріне 

қызмет тағайындап, марапаттау кезінде міндетті 

түрде оның жасаған жақсылықтарын тілге тиек 

етіп, тізіп жариялайды. Сондықтан да, Шыңғыс 

хан  заманында  парақорлықпен  əділсіз  жолмен 

қызметке  тағайындалып,  сый-сияпат  көру  де-

ген  ұғым  болмады.  Тіпті  əділдік  танытқан  жау 

тұтқынға да рақымшылық танытып, өзіне жақын 

тартты. Ал шыбын жаны үшін өз басшысын не-

месе ел-жұртын сатып, жағымпазданып алдына 

келген жауын кешірмеді. 

Шыңғыс  ханның  əділеттілігі  туралы  бірер 

мысал келтірсек, шежіренің 147-бабында: «со-

ғыста  Шыңғыс  ханның  аққұла  атының  мойын  

тұсына оқ тиіп жараланып қалады, кейін өзіне 

оқ  атқан  кім  екенін  сұраған  кезде  Тайшылар-

дан бөлініп келіп қосылған Зұрғадай: «мен едім 

сізді атқан» деп шынын айтып таң қалдырады. 

«Жау адамы жауластығы үшін жасырып қалуға 

тиіс  еді.  Бұндай  əділ  адаммен  дос  болу  ке-

рек»  –  деп,  атын  Жебе  атап,  өзіне  қосып  ала-




ISSN 1563-0307                                 Journal of Philosophy, Culture and Political Science. №3 (65). 2018

eISSN 2617-5843

63

Шамахай С., Есім Ғ.



ды.  Кейін  Жебе  оның  ең  мықты  уəзірі  болып, 

көптеген жетістіктерге жеткізеді (Дамдинсүрэн, 

1990ё:94)

Алтын мемлекетімен (Қытай) шайқас кезін-

де  жау  қолбасшысы  Ван  Цзи  Моңғол  əскеріне 

қарсы  үш  күн  бойы  жалғыз  өзі  берілместен, 

қаймықпастан  шайқасады.  Шыңғыс  хан  оны 

тірідей  ұстап  алдына  əкелуге  əмір  етеді.  Ал-

дына  келген  соң  қолбасшыдан  неліктен  осын-

ша  өлімнен  қорықпай  берілмегенін  сұрайды. 

Сонда  Ван  Цзи  айтады:  «Жастайымнан  ке-

дей  болдым.  Содан  Алтын  елінің  мəртебесіне 

бөленіп  қолбасшы  болдым.  Сондықтан  да 

соғыс  алаңында  жау  қолынан  ерлікпен  өлсем 

жақсы атағыма лайық болар едім» – дейді. Сон-

да Шыңғыс хан: «Мен Алтын еліне келгелі үш 

жыл  бойы  сен  сияқты  адал  соғысқан  ешкімді 

көрмедім. Әділетсіздік белең алған, жолын қате 

тапқан Алтын елінің басшылары, əкесі мен ұлы, 

ағайындылар,  уəзірлер,  малай  кедейлер  бəрі 

өзара  қырқысып  жатқанда  олардың  алдынан 

өлсең қандай жақсы атақ қалуы мүмкін, не абы-

рой табасың. Жақсы ер тек дұрыс жолмен жүріп, 

əділдікті  паш  етіп,  болашағы  бар  елге  қызмет 

жасап, өз халқына қызмет жасай алса ғана оны 

жақсы  ер  деп  атауға  болады.  Алтын  елінің 

атақты  қолбасшысының  қолынан  қаза  тапқан 

əскерлерімнің саны шексіз. Жақсы ер болсаң да, 

теріс жолмен жүргенің жараспайды» – деп оны 

босатып, əділдігі үшін марапаттап, барыс алтын 

мөрі мен екі түмен əскер беріп Шаньсу ауданын 

басқарып үлкен жетістікке жетуін тілеп тапсы-

рады. Ал Ван Цзи батыр да ханның сенімін ақтап 

шығады [Injannashi, 2016]. 

Құпия шежіренің 185-бабында айтылғандай, 

Керей  ұлысын  басып  алар  соғыста  Керейдің 

Қадақ батыры Шыңғыс ханға: «Хан иемді қорғау 

үшін үш күн соғыстым, хан иемді елден жасырын 

қашырып жіберген соң сіздерге беріліп тұрмын. 

Шыбын  жаным  өз  қолыңызда»  –  дейді.  Сонда 

Шыңғыс хан: «Өз хан иесіне адалдығы үшін бұл 

азаматпен дос болуға жарайды» – (Дамдинсүрэн, 

1990ж:143) деп жазаға тартпайды. 

Шыңғыс  хан  сəн-салтанатқа  қызықпайтын 

қарапайым көшпенді болатын. Ол қатігездіктің 

үлгісі  бола  отырып,  өзінің  үзеңгілестеріне 

жомарттық  жасай  алатын.  Бұл  «Құпия 

шежіреде»  «ұлағатты  тəртіп»  деп  айтылады: 

төмендегілерден  бағыныштылық  пен  адалдық, 

ал  жоғарыдан  қорғаныс  пен  марапат.  Шыңғыс 

ханға бағынбау сатқындық деп бағаланды [Джон 

Мэн, 2010]. 

Әділдікті  киіз  үйдің  шаңырағына  ұқсатуға 

болады.  Шаңырақсыз  үй  болмайтыны  сияқты 

əрбір  адам  қанша  талантты  өнерлі  болса  да, 

əділ,  адал  болмайынша  адамдық  қасиетінен 

айырылады.  Әділдік  жоғалса  ел,  мемлекет  те 

көркейіп,  дами  алмайды.  Шыңғыс  хан  əділ 

басқару  жүйесін  қалыптастырды.  Бұл  туралы 

Марко  Поло:  «Шыңғыс  ханның  мемлекеттік 

басқару жасағында əділдік үстемдік құрып, ел-

жұрты əділдік шапағаты мен мейірімге бөленіп 

жатқанын  көріп,  естіген  өзге  мемлекеттердің 

халқы  өздері  барып  қосылып  жатты»  – 

[Narangerel, 2014] деген екен. 

Жоғарыда  айтылған  бірлік  идеясы  мен 

əділеттілік  қағидасын  Шыңғыс  хан  өз  өмірін-

де,  ел  саясатында  негізгі  құндылық  ретінде 

ұстанғандықтан  діни  толеранттықты  қалып-

тастыру есігі өздігінен ашылғандай. 

Академик  Ш.  Бира:  «Шыңғыс  хан  əлемді 

өз  күшімен  соңына  ертіп,  ұлы  империя  құрып, 

түрлі  мемлекеттерді  бір  билік  астына  біріктіре 

алды.  Атты  бекет  арқылы  халықтар  арасында 

түрлі көзқарас, білім, хабар, сауда еркін алмасты. 

Тарихи  тұрғыдан  алсақ,  Моңғол  тəңіршілдігін 

қазіргі біздің жаһандану көзқарасымен салысты-

ра қарауға болады» [Bira, 2004] – деп айтқандай, 

Шыңғысхан хан қазіргі жаһанданудың жəне діни 

зайырлы  саясаттың  негізін  қалады  деп  айтуға 

негіз бар. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет