Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Қойшыбаеа М.О.- аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
       Қазіргі  таңдағы  аудит  ғасырдың  соңында  жеке  заңды  тұлға  ретіндегі  кәсіпорын 
түсінігі пайда болғаннан кейін кӛптеген ӛзгерістерден  ӛтті.  Бұл күнделікті  шешімдер 
қабылдау процесіне қатыспаған акционерлердің бӛлініп кетуіне себеп болды (акционері 
мен  директоры  бір  тұлға  болып  келетін,  ұсақ    шарушылық  субъектілерін 
есептемегенде). 
Жиіленген  банкроттық  жағдайлар,  әкімшілік  жағынан  алдаушылықтар  қаржылық 
салымдар  тәуекелін  жоғарлатты.  Қаржылық  ақпараттық  дұрыстығын  тексеру  үшін 
сенімді білікті бухгалтерлер шағырылған. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
205 
        Біздің  еліміздегі  аудиттің  дамуы  1987ж.  «Инаудит»  акционерлік  қоғамының 
ашылуынан  басталды.  Бұл  қоғам  ССРО  Министрлер  Кеңесінің  арнайы  қаулысымен 
құрылды.  Оның  құрылуы  біздің  еліміздегі  аудиттің  әрі  қарай  дамуына  үлкен  үлес 
қосты. 
Қазақстан Республикасында аудиттің қалыптасуы мен дамуы  «Қайта құру» деп 
аталатын жылдармен,  елімізде кооперативтердің,  жекеменшік фирмалар мен біріккен 
кәсіпорындардың  құрылуымен,  яғни  мемлекет  меншігі  болып  табылмайтын 
субъектілердің пайда болуымен байланысты. 
1979  жылдың  ӛзінде  ҚР  ҰҒА  корреспондент  мүшесі,  экономика  ғылымдарының 
докторы, профессор К.Н. Нәрібаев ӛзінің «АҚШ-та бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» 
атты  монографиясында  АҚТ-тын    кӛптеген  аудиторлық  фирмалары  әр  түрлі  бағытта 
маманданатынын жазған болатын.  
Евразия  Халықралық  Экономика  академиясының  Президенті,  академик,  
экономика  ғылымдарының  докторы  Сағындық  Сатыбалдыұлы  Сатыбалдин  «АҚШ 
ӛнеркәсібінде ӛндіріс шығынын есепке алу» атты кітабында атап кӛрсеткендей, «АҚШ-
та    фирмаларда  жұмыс  істейтін  бухгалтерлермен  қатар  есептік  мәліметтердің 
«дұрыстығын»  және  оларда  есепті  жүргізудің  жалпыға  ортақ  ережелерінің  сақталуын 
растайтын,  монополияларға  (акционерлерге,  кредиторларға,  үлескерлерге)  қызмет 
кӛрсететін  бухгалтерлер  категориясы  болады.  Бухгалтерлердің  бұндай  категориясын 
қоғамдық  бухгалтерлер  –ревизорлар  деп  атау  қалыптасқан.  Білім  дәрежесіне  
байланысты олар  дипломды және дипломсыз деп бӛлінеді.  
Қазақстанда аудитті құрудың бастауы кезінде еңбекті ақы тӛлеу мәселесінде жол 
кӛрсеткен,  аудит  қызметін  ұйымдастыруда  кедергілерге  тӛтеп  беріп,  болашақ 
шаруашылық есептегі топтарға  сыйақы тӛлеуді енгізген ӛте белсенді қайраткер, Қазақ 
КСР  Қаржы  министрлігінің  ревизвиялық  -  бақылау  басқармасының  бастығы  Оманов 
Колан Оманұлының есімімен байланысты. 
КСР  Қаржы  министрлігінің  ревизвиялық  -  бақылау  басқармасы
 
жанындағы  
шаруашылық есептегі ревизиялық топ Қазақ КСР Министрлер кеңесінің  ӛкімімен 1988 
жылдың  17  наурызында    кәсіпорындар  мен  ұйымдарға  ақылы  түрде  құжаттамалық 
ревизия жүргізу, бухгалтердік есепті қалпына келтіру, қаржы-экономикалық мәселелер 
бойынша  кеңес  беру,  сараптамалар  жүргізу    мақсатында  құрылды.  Оның  штаттық  
құрамы  10  бірлік  мӛлшерінде  бекітілді.  Шаруашылық  есептегі  ревизиялық  топ 
айтарлықтай табыстарға жетті, сӛйтіп, соның үлгісімен  республиканың облыстарында, 
тіпті  аудандарында  оның  филиалдары  құрыла  бастады,  олардың  кӛпшілігі    кейіннен  
жеке  аудиторлық  фирмаларға  айналды.  Қазақстандағы  осы  топтардың  оң  тәжірибесін 
тарату үшін  Алматы қаласында  бүкілодақтық кеңес ӛткізілді.  
Қазақстан  Республикасында  аудиторлық  бақылауды  жетілдіру  мен  енгізу 
жӛнінен  респубиканың ғалымдары мен практиктері Радостовец В. К., Сатыбалдин С. 
С., Ержанов М. С., Елшібеков С. К., Кӛшкімбаев С. X., Сейтқасымов Т. С., Мамлев Э. 
X., Лобков А. т.б. үлкен практикалық кӛмек кӛрсетіп, ғылыми жұмыстар жүргізді және 
жүргізіп келеді. Солардың күшімен ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет Республиканың 
аудиторлық қызметі туралы Заң, аудит жӛніндегі қазақстандық стандартатр мен басқа 
да  нормативтіқ  құжаттар  қабылданды.  Аудит  жӛнінде  қазіргі  халықаралық  стандарт 
талаптарына жауап беретін ғылыми еңбектер жарық кӛрді.  
Осы кезеңде КСРО Қаржы министрлігі елде бақылаудың шаруашылық есептегі 
формасын  жасау  мәселесін  де  назардан  тыс  қалдырмады.  Атап  айтқанда,  министрлік 
коллегиясының  тапсыруымен  бақылау-ревизиялау  басқармасы  Біріккен  мемлекеттік 
қіріс және салық бӛлімімен және Бухгалтерлік есеп пен есеп беру басқармасымен бірге 
ревизия  жүргізудің  шаруашылық  есептегі  формасын  құрудың,  қаржы  мәселелері 
жӛнінде  тексерулер  мен  кеңес  берудің  тиімділігі  мәселесін  зерттеді.  Жалпы  алғанда, 
қаржылық  бақылаудың  шаруашылық  есептегі  формасын  енгізудің  ӛзін  ӛзі  ақтайтыны 
мойындалды,  ӛйткені  ол  мемлекеттік  бюджеттің  бақылаушы  органдарды  ұстауға 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
206 
кететін  шығынының  шұғыл  түрде  қысқаруына,  тексеруші  мен  тексерілуші  арасында  
экономикалық қатынастардың орнауына ықпал етті.  Одақтас республикалардың қаржы 
министрліктеріне  қаржы  органдарының  жанынан  кәсіпорындарға    қаржы  жұмысын 
жолға  қоюға,  қаржылық  жағдайды  талдауға,  есепке  алуға,  ведомоствалық  бақылау 
жасауға,  сауықтыруға  кӛмек  беретін  шаруашылық  есептегі  ұйымдар  құру  туралы 
мәселені қарау тапсырылды.  
Қазақстан  Республикасында  аудиторлық  фирмаларды  дамыту,  жоғарыда  атап 
ӛткендей,  1988  жылдан  іске  асырылуда.  1988  жылы  құрылған  шаруашылық  есептегі 
ревизиялық  топ,  одан  соң  соның  базасында  1990  жылы  15  ақпанда  Қазақ  КСР 
Министрлер  Кеңесінің  №  60  Қаулысымен  «Шаруашылық  есептегі  аудиторлық 
орталық»  атты  тұңғыш  аудиторлық  фирма  және  Республиканың  Қаржы  министрлігі 
жанынан  территориялық  бӛлімшелер  құрылды.  Жинақталған  тәжірибе,    ұдайы  ӛсіп 
отырған  аудиторлық  қызмет  кӛлемі,  сондай-ақ  белгілі  бір  дәрежедегі  әлемдік 
аудиторлық  тәжірибе  ұсыныстары  1992  жылы    шаруашылық  есептегі  орталықты  
«Қазақстанаудит»  атты  ірі  тәуелсіз  аудиторлық  компанияға  айналдыруға  мүмкіндік 
берді.  Қазіргі  кезде  «Қазақстанаудит»  акционерлік  компаниясы    Қазақстан 
Республикасында  аудиторлық  істің    қалыптасуы  мен  дамуына,  Аудиторлар  палатасы 
құрылымының  қалыптасуына,  оның  мақсаттары  мен  міндеттерінің  іске  асуына 
қайтарымсыз  ықпал  етіп  келе  жатқан  Аудиторлар  палатасының    бірден-бір  беделді 
серіктесі болып табылады. «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясы  республикадағы 
аудиторлық  қызмет  туралы    заң  жобасының  негізгі  дайындаушысы  және  оны 
министрлікте,  үкіметтік  деңгейде  және  парламенттік  комитетте  талқылау  барысынды 
бас  кеңесшісі  болды,  оны  Қазақстан Республикасының  Жоғарғы  Кеңесі  1993  жылдың 
18  қазанында  қабылдады;  сондай-ақ  Қазақстан  аудиторлар  палатасының  жарғысы 
қабылданып,  1994  жылдың  мамырында  тіркелді.  «Қазақстан  Республикасындағы 
аудиторлық  қызмет  туралы»  Қазақстан  Республикасының  бұл  Заңы    Қазақстан 
Республикасында  аудиторлық  қызметті  іске  асырумен  байланысты  қатынастарды 
реттейді.    Заңға  сәйкес,  үміткер-аудиторларды,  оның  ішінде  Қазақстан 
Республикасында  аудиторлық  қызметпен  айналысқысы  келетін    шетелдіктерді 
аттестаттау  мақсатында  Қаржы  министрлігі  жанынан  біліктілік  комиссиясы  құрылды,  
бірдей 
мӛлшердегі 
аудиторлар 
ӛкілдері 
мен 
мемлекеттік 
органдардың 
қызметкерлерінен  5  жыл  мерзімге  құрылатын  біліктілік  комиссиясы  туралы  Ереже 
дайындалды.  Ережеге  сәйкес  аудиторлық  қызметпен  айналысқысы  келетіндер  жоғары 
немесе  арнайы  орта  білімі,  сондай-ақ  экономикалық,  қаржы,  есеп-талдау,  бақылау-
ревизиялау немесе құқықтық жұмыстарда тәжірибесі тұлғалар аттестаттауға жіберіледі.  
Аудит  мәселесі  жӛнінде  белгілі  бір  білімінің  барлығы    тиісті  емтихан  алу 
жолымен анықталады.  Біліктілік комиссиясынан  аттестатталғандар  біліктілік куәлігін  
алады.  Емтихан    тапсыра  алмағандар  біліктілік  комиссиясының  шешімі  шыққан 
мерзімнен бастап  бір жылдан кейін ғана қайта тапсыру құқығына ие болады.  
Аудиторлар  мен    аудиторлық  фирмалар  мемлекеттік  органдар  мен  ӛзінің 
тапсырыс берушілеріне тәуелсіз, сол себепті  ғылыми немесе оқытушылық қызметпен 
айналысатын тұлғалардан басқалары   мемлекеттік органдар мен қоғамдық  ұйымдарда 
қызмет ете алмайды.  
«Қазақстан  Республикасындағы  аудиторлық  қызмет  туралы»  Қазақстан 
Республикасының    Заңын  іске  асыру  тәртібінде  аудиторларға  кӛмек  ретінде 
Аудиторлар  (аудиторлық  ұйымдар)  мен  олардың  тапсырыс  берушілері  арасындағы  
дауларды шешу тәртібі туралы Ереже бар.  1996 жылдың 29-31 қазанында  үш күндік 
аудиторлар  оқуы  ӛткізіліп,  ол  біткен  соң  олар  Қазақстан  Республикасы 
аудиторларының  антын  қабылдады.  Оқу  курсынан    ӛтіп,  қосымша  емтихандар 
тапсырғаннан  кейін  15  аудитор  мен  3  фирма,  оның  ішінде  «Қазақстанаудит»  АҚ 
республиканың    Ұлттық  банкінің    банк  қызметінде  аудит  жүргізу  құқығын  беретін 
лицензиясын алды.  

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
207 
Қазақстан  Республикасы  аудиторлар  палатасының  мәліметтері  бойынша,  1997 
жылдың  1  маусымында  банк  қызметінде  аудит  жүргізу  құқығын  беретін    ҚР  Ұлттық 
банкінің лицензиясын алған аудиторлық фирмалар: 
 «Казахстанаудит  —  Коспек»  БК;  «Акмола-аудит»  ЖШС;    «Карагандааудит» 
ЖШС; «КПМГ «Жанат» ЖШС;  «Артель» ЖШС;  «Делойт ж Туш» ЖШС. 
Аудиторлық  қызмет  жағдайына  Қаржы  министрлігінде  бухгалтерлік  есеп  пен 
аудит  жӛнінде  Ұлттық  комиссияның  құрылуы  мен    аудиторлық  қызметке    лицензия 
беру  туралы  шешімнің  қабылдануы    айтарлықтай  ықпал  етті.  Лицензиатор,  яғни 
лицензия  беруші  орган  ретінде  Үкімет    бухгалтерлік  есеп  жӛніндегі  ҚР  Ұлттық 
комиссиясын  белгіледі.  Алғашқы  20  бухгалтерлік  стандарттың  қабылдануы  
аудиторлар  даярлау  курстарының  оқу  жоспарлары  мен  университеттер  мен 
институттардың бухгалтерлік есеп және аудит кафедраларының  оқу бағдарламаларына  
тиісті  түзетулер  енгізді.  Бухгалтерлік  есеп  жӛніндегі  ҚР  Ұлттық  комиссиясының 
арқасында  аудит  те  қуатты  қолдаушыға  ие  болды.    Комиссияның  алдында  әлі    қолға 
алынбаған  аудит стандарттары мен нормаларын бекітіп,  ҚР-да аудиторлық қызметтің 
одан әрі дамуына  ықпал ету міндеті тұр.     
Қазақстандық аудит бойынша  сапалы оқулықтар даярлау, жоғары халықаралық 
талаптарға  жауап  беретін  оқу  базасын  жасау  мәселесі    кӛкейкесті  болып  қалуда. 
Қазақстанда алғашқы кітаптар шығарылды:  
Сейткасымов  Г.  С.,  Сейткасымова  А.  Г.  «Становление  и  развитие  аудиторской 
деятельности», (г. Караганда, КарГУ, 1993 г.) және  Ержанов М. С. «Теория и практика 
аудита», (г. Алматы: Гылым, 1994 г.) —  
Олар    нарықтық  экономиканың    аса  кӛкейкесті  саласы  –  аудитке  арналды. 
Авторлар  ӛздерінің    шетелдік  және  жергілікті  аудиторлық  компаниялардағы    жұмыс 
тәжірибесін    қолдана  отырып,    аудиттің  теориялық  және  практикалық    мәселелерін 
қарастырады.  Бұл  кітаптар    аудиторлар,  бухгалтерлер,  салық  испекторлары, 
менеджерлер, оқытушылар, аспиранттар мен студенттерге  арналған.   
Сонымен  қатар  Қазақ  мемлекеттік  басқару  академиясының  доценті 
К.Ш.Дүйсебаева  «Аудит  теориясы»  атты  оқулық  дайындады,    ҚР  аудиторлар 
палатасының Президенті С.Х. Кӛшкімбаев дайындаған  «Аудит как неотъемлемая часть 
рыночных отношений», «Стандарты аудита» кітаптары, бірқатар әдістемелік құжаттар 
мен 1997 жылдан бастап тоқсан сайын шығатын Республика аудиторлар палатасының 
ақпараттық бюллетенінің  алғашқы нӛмірі жарық кӛрді.   
Аудиторлық  қызмет  туралы  Заңның  қабылдануы  Қазақстанда  аудиторлық  істің 
даму  келешегін  айқындап  берді  және    республикаға    ірі  халықаралық  аудиторлық 
компанияларды тартуға мүмкіндік берді.   
 Қазақстандағы  ең  ірі  аудиторлық  ұйым    40-қа  жуық  еншілес  аудиторлық 
фирмалары  мен  филиалдары    бар,  аудит  жүргізуде  белгілі  бір  тәжірибе  жинақтаған 
«Қазақстанаудит»  акционерлік  компаниясы  болып  табылады.  Қызмет  кӛрсетуге 
тапсырыс  портфелінде    -  ауқымды  әрі  тұрақты
 
клиенттер
 
тобы.  Компания  мен  оның 
фирмаларының  қомақты  нормативті  базасы  бар,  ол  оларға  тек  аудиторлық 
тексерулерді,  ревизиялар  мен  қаржы-  шаруашылық  қызметіне  талдау  жасауды,  тӛлем 
қабілетін  бағалауды,  несиеге  қабілеттілікті,  кәсіпорындар  мен  банкілерді  жоюды  
табысты  жүргізіп  қана қоймай,  бухгалтерлік  есеп,  есеп  беру,  қаржы  қызметіне  талдау 
жасау, салық, жекешелендіру, мүлікті бағалау, аудиторлық қызмет, құқықтық, басқа да 
қаржы  және  заң  мәселелері  бойынша  кеңестер  беруге  (жазбаша  және  ауызша,  оның 
ішінде сарапшының, кеңесшінің  шығуымен) мүмкіндіктері бар.  
«Қазақстанаудит»  АҚ  жеке  меншік  формасына  негізделген,  республика  үкіметі 
атынан    аудит  жүргізуге  құқылы,  аудиторлық  және  кеңес  беру  қызметін  атқаратын 
Қазақстандағы  тұңғыш  тәуелсіз  кәсіби  акционерлік  компания  болып  табылады. 
Аудиторлық  фирмалардағы  адам  саны  1000-нан  асып  түсті.  Бұл    жоғары  білікті 
мамандар:   нарықтық  экономика жағдайында жұмыс істеуге дайындалған аудиторлар, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
208 
сарапшылар,  кеңесшілер,  қаржыгерлер,  экономистер,    бухгалтер-аналитиктер, 
ревизорлар,  заңгерлер.  Аудит  жүргізу  кезінде  қосалқы  жұмыстарды  жүргізу  үшін 
фирма аудиторларының жоғары немесе аранйы орта білімді кӛмекшілері болады, бірақ 
кӛмекшілер    аудиторлық,  сондай-ақ  сараптамалық  қорытындыларға,  анықтамалар 
немесе басқа да аудит жүргізуге байланысты ресми құжаттарға қол қоя алмайды.  
Барлық  фирмалар  заңды  тұлғалар  болып  табылады,  шаруашылық  субъектісі 
ретінде жергілікті әкікмшілікте мемлекеттік тіркеуден ӛткен, мамандардың – Қазақстан 
Республикасы  аудиторлар  палатасының  қоғамдық  бірлестігіне  кіреді.  Аудиторлар 
палатасының  жоғары    органында  –  Палата  кеңесінде  компанияның  және  оның 
аудиторлық фирмаларының  14 ӛкілі  бар, олар  жалпы санның 50%-ын құрайды.  
Республиканың 
барлық 
облыстарында 
ҚР 
аудиторлар 
палатасының  
филиалдарын  құру,  құнды  қағаздар  жӛнінде  ҚР  Ұлттық  комиссиясымен,  Қаржы 
министрлігі  жанындағы  Валюталық-қаржы  комитетімен  және  ҚР  мемлекеттік  салық 
комитетімен,  басқа  да  мемлекеттік  басқару  органдарымен    бірлескен  жұмыстарды 
жақсарту  бағытында  айтарлықтай  жұмыстар  жүргізілді.  Аудиторлық  тексерулердің 
сапасын  бақылауды  жақсарту  мен  әдістемелік  кӛмек  кӛрсету  үшін    ҚР  Аудиторлар 
палатасы кеңесінің жанынан  тұрақты жұмыс істейтін үш комитет құрылды:  
а) аудиторлық қызметті әдістемелік қамтамасыз ету; 
            б)құқықтық мәселелер мен аудитор этикасы;  
в)аудиттің қазақстандық стандарттарын дайындау мен енгізу. 
ҚР  аудиторлар  палатасы  жұмыс  істеуші  аудиторлардың  біліктілігін  арттыруға 
аса  қатты  мән  беруді  жоспарлап  отыр.  Себебі,    іс  жүзінде    аудитор  шаруашылық 
қызметінің  барлық  бағыттарында  оқыс  шешімдер  қабылдауды  талап  ететін 
мәселелермен  ұшырасады.    Оларға  дер  кезінде  әрі  сауатты  жауап  беру  үшін 
шаруашылық және қаржы заңнамаларындағы жағдайды түсініп, оның қайшылықтарын 
білу, ӛз тұжырымдарын негіздей отырып дәлелдей білуі тиіс.  
Кәсіпкерлік  тәжірибе  жинақтай  түскен  сайын  аудиторға  қаржы  бақылаушы 
ретінде емес, кеңесші, кәсіпорын қаржысын басқару жӛнінде ақылшы ретінде қарайтын 
болады.  Әрі  тек  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  тұрақты  болғанда  ғана  емес,  ол 
қиын  жағдайда,    яғни  банкроттыққа  ұшырау  қаупі  туған  жағдайда  да  аудиторға  иек 
артады.  Сондықтан  аудиторлармен  жұмыс  кезінде  мынадай    басым  бағыттар 
айқындалуы  тиіс: 
а) заңнамалық және нормативтік актілерді талқылау
б) қаржылық және құқықтық кеңес беру; 
в)  ішкі  сауда  және  валюталық  операцияларды  есепке  алу  аудиті,  бизнес-
жоспалар  мен  инвестициялық  жобалар,  қаржы  менеджменті  жӛнінде  әдістемелік 
ұсыныстар дайындау;  
г)  аудиторлық  тексерулер  барысында  туындайтын  нақты  шаруашылық 
жағдайларын іскерлікпен шешу; 
д) аудиторлар біліктілігін арттыратын қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру. 
1996  жыл    1995  жылы  қабылданған  аудиттің  қазақстандық  стандартымен  және 
ҚР  аудиторлар  этикасы  Кодексімен  жұмыс  істеген  бірінші  жыл  болды.  Республикада 
ірі  ӛнеркәсіптік  нысандар  мен  тұтастай  салаларды  шетелдік  инвесторлардың  сенімді 
қолына тапсыру белсенді жүріп жатқан жағдайда, мемлекеттік меншікті жекешелендіру 
негізінен  аяқталып,  ондаған  кәсіпорындар  банкрот  болып  жатты,  «Аудиттің 
қазақстандық  стандарты  және  ҚР  аудиторлар  этикасы  Кодексін»  енгізу  маңызды 
болды,  соған  орай  аудиторлар  жұмыстың  астында  қалды.  Оған  қоса  үлкен  күш 
жұмсауға  тура  келді.  Жоғарыда  аталған  құжатты  «Қазақстанаудит»  АҚ-ы  «Прайс 
Уотерхаус  ЛЛП»  атты  кеңесшілердің  ресми  демеушісі  болған  ЮСАИД-тің  «Нарық 
капиталы»  бағдарламасының  қолдауымен  дайындады.    Аудиторлар  этикасы  кодексі 
мен  аудит  стандарты    «Қазақстан  Республикасының  «Аудиторлық  қызмет  туралы» 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
209 
Заңына сәйкес нормативті акті ретінде күші бар және Қазақстан территориясында оны 
барлық аудиторлық фирмалар мен аудиторлардың орындауы міндетті.  
Қазақстан  Республикасында  аудиторлық  ұйымдар  құру  «Қазақстанаудит»  
секілді  бір  ғана  ұйымдастыру  формасымен  шектеліп  қалған  жоқ,  оның  әр  түрі  бар.  
Аудиторлық фирмалар мұнда  шетелдік аудиторлық фирмалардың ӛкілдіктері, біріккен 
кәсіпорындар, шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар түрінде ұйымдастырылды. 
Бір фирмада  қазақстандық және шетелдік аудиторлардың  біріккен қызметі ӛзара бірін-
бірі толықтырып,   ең талапшыл әлемдік стандарттарға жауап беретін аудиттің жоғары 
сапасына  сенімді  кепіл  болады.  Жақын  арада    аудитті  дамытудың  келешегі  тӛмендегі 
бағыттардан  кӛрінеді.  Бірінші  –  халықаралық  аудиторлық  фирмалардың  желісін 
кеңейту, бірінші типі – шетелдік компаниялардың ӛкілдіктері. Іс жүзінде  бүкіл «үлкен 
алтылық» ӛз қызметін Қазақстанда бастады.  Оның фирмалары  ірі тендерлерге қатыса 
бастады,    олардың  Қазақстандағы  клиенттері    ірі  халықаралық,  біріккен  және 
қазақстандық  компаниялар  мен  банкілер  болды.  Мысалы,    Алматыдағы  «Филип 
Моррис»    компаниясы  мен  «Тенгиз-Шеврон»,  Каз-каспийшельф»  консорциумына 
кіретін  әлемнің  мұнай  компаниялары,    «АгШиг  Апдегзеп»  —  «Дрезднер-банк»  пен 
«Альбарак банкі», республиканың Ұлттық және коммерциялық банкілері және т.б. 
Келесі  бағыт  –  ТМД  елдері  аудиторлық  фирмаларымен  бірге    біріккен 
аудиторлық кәсіпорындар құру.  Қазақстанда бірінші халықаралық аудиторлық фирма  
«Бюро  Жанат»  атты  шағын  аудиторлық  фирманың  негізінде  Нидерландыда  тіркелген 
КРМG атты ірі әлемдік аудиторлық фирмалардың бірімен бірге ұйымдастырылды. 1996 
жылдың ақпанында  КРМG біріккен кәсіпорны құрылды,  сӛйтіп, Қазақстанда бірінші 
халықаралық аудиторлық фирма пайда болды.  
Фирманың  бас  директоры  Жанат  Бердалина,  ал  серіктестері  АҚШ-тың 
мемлекеттік бухгалтері  куәлігі мен Мәскеуде КРМG офисінде үлкен жұмыс тәжірибесі 
бар  Майкл  Роберте  мен  Брайн  Рус  болды.  біріншісі    халықаралық  салық  жӛнінен  ірі 
маман болса, екіншісі – жетекші халықаралық аудитор.  
Фирма  штатында  барлығы  45  адам,  оның  тӛртеуінің    ҚР  аудиторы  куәлігі  бар, 
тағы  тӛртеуінің  шетелдік  аудитор  куәлігі  бар.  Сонымен  қатар  фирмада  біліктілығы 
жоғары сарапшы-бухгалтерлер, салық пен бизнес жӛніндегі кеңесшілер, заңгерлер мен 
басқа  да  мамандар  бар.  Фирма  қызметшілері    қазақ,  орыс,  ағылшын  және  француз 
тілдерін меңгерген. 
Аудитпен,  консалтингтік  менеджментпен  және  салық  мәселелерімен  қатар 
фирманың  мамандары  жергілікті  нарықта  сарапта  жүргізетінін  атап  ӛту  керек.  Ол 
ӛнеркәсіпті дамыту мен нарықтық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай ықпал ететін  
салалар  мен  бағыттарға  баса  кӛңіл  аударуға  мүмкіндік  береді.  Оған  қоса  фирма 
жергілікті  деңгейдегі  бизнеспен  байланысты  кеңестер  беріп,  заңнамалық  болжамдар 
жасайды, оларды  білу бизнесмен үшін  оңтайлы шешім қабылдауға аса қажет.  
Ӛз  қызметінде  фирма    ҚР  аудиторлар  палатасымен  тығыз  қарым-қатынас 
жасайды, олардан әрдайым қолдауға ие.  
Аудитті  дамыту  бағытының  үшінші  тобы  –  ірі  салаларалық  аудиторлық 
компаниялар  (ӛнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  құрылыс,  сауда-жабдықтау  және  басқа 
салалар  үшін).  Олар  арнайы    тақырыппен  жұмыс  істеп,  қызметі  нақты  іске 
бағытталады, отандық кәсіпорындарға  айтарлықтай кең қызмет түрін кӛрсетеді.  
Тӛртінші  ұйымдастыру  формасы    -  құрамына  бірнеше  аудитор  кіретін    шағын 
аудиторлық фирмалар. Мұндай топтардың қызмет аясы  олардың кӛрсететін қызметіне 
қарай  айтарлықтай  кең  болуы  мүмкін.  Біліктілігі  жоғары  мамандардың  шағын  тобын 
біріктірген  кезде    негізгі  қызмет  түрлері  шоғырланып,  икемделе  түседі,    тапсырыс 
берушімен  –клиентпен  тікелей  қарым-қатынас  жасау,  қызмет  кӛрсету  икемділігі  және 
адам ресурстары нығаяды.  
Топтың  қызметін  іштей  шоғырландыру  үшін  күш  жұмсау  да  қиын  болмайды. 
Осының барлығы қызметттердің белнілі бір мақсатқа бағытталуы мен оперативтілігін, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
210 
арттыруға,  олардың  құнын  тӛмендетуге  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  жеке  кеңес  беру-
аудиторлық  «Ержанов  және  К»  орталығы  республикадағы  жетекші  аудиторлық 
фирмалардың  бірі  болып  табылады.  Орталық  ҚР  Бас  салық  инспекциясы  мен  ҚР 
Мемлекеттік  сақтандыруды  қадағалаудың  кеңесшісі  ретінде  таңдап  алынған.  
Орталықтың бас директоры — Ержанов Мұхтар Салтайұлы, № 0004 аудитор куәлігіне 
ие,экономика ғылымдарының докторы,  ҚР аудиторлар палатасының вице-президенті, 
ҚР Бас салық ниспекциясының кеңесшісі. 
Орталықтың мамандары мыналар:  
-  халықаралық  есеп  стандарттары  бойынша  Англияда,  Шотландияда, 
Голландияда,  Түркияда  оқып  келген,  шетел  тілдерін  меңгерген  белгілі  шетелдік 
аудиторлық  фирмаларда  жұмыс  тәжірибесі  бар  кеңесші-аудиторлар  (Артур  Андерсен 
және Прайс Уотерхаус); 
— шетелдік  компаниялар мен халық шаруашылығының әр түрлі салаларындағы 
қазақстандық акционерлік қоғамдарда мол  жұмыс тәжірибесі бар практиктер
—коммерциялық 
банкілерде, 
сақтандыру 
компаниялары 
мен 
салық 
инспекцияларында  жұмыс тәжірибесі бар мамандар;  
—аудит, қаржы және есеп саласындағы ғалымдар, құнды қағаздар, бухгалтерлік 
есеп пен аудит жӛніндегі жұмыстардың аыторлары. 
Орталық  мамандары  тӛмендегідей  кеңес  беру  және  аудиторлық  қызметтер 
кӛрсетеді: 
 —  шетелдік  фирмалар  мен  ӛкілдіктерге  (аудит,  салық  декларацияларын 
дайындау, бухгалтерлік есеп жүргізу жӛнінен кеңес беру және кӛмек, оқыту);  
— қазақстандық кәсіпорындарға (акционерлеу барысында құжаттарды дайындау 
мен қаржы есебін беру жӛнінде кеңес беру, аудиторлық қорытынды бере отырып аудит 
жүргізу,  жарғылық  қорына  салым  салу  аудиті,  салық  пен  бухгалтерлік  есеп  жӛнінде 
кеңес беру, оқыту); 
— коммерциялық банкілерге (қаржы есебін беру мен салық салу жӛнінде аудит 
жүргізу). 
Шағын  кәсіпорындар  түріндегі  аудиторлық  ұйымдар  болашақта  ең  тиімді 
ұйымдар  бола  алар  еді,  бірақ  клиеттерден  келіп  түсетін  әр  түрлі  міндеттерді  шешуде 
түрлі  мүмкіндіктері  бар  ірі  фирмалар  анағұрлым  қолайлы.  Мұндай  фирмалар 
келісімшарттарды,  т.б.  орындауда    жоғары  талаптар  қойғанымен,  ӛз  әрекеттерін 
қолайлы  түрде  үйлестіріп  отыруға  қабілетті.  Тек  осындай  ұйымдар  негізінде  ғана  
уақыт  ӛте  келе  неғұрлым  ірі  аудиторлық  фирма  құра  алатын    корпотаривтер 
қалыптасатын болады.  
Бесінші  бағыт  -  басқа  мемлекеттерде  аудиторлық  қызметке  лицензия 
(сертификат)  алуға  жағдай  жасау.  Мұндай  құжат  алу  үшін  ізденушіге  бір  ғана  талап 
қойылады  –  ол    сол  елдің  заңнамаларын  және  мемлекеттік  тілін  білетіндігі  жӛнінде 
қосымша емтихан тапсыруы керек.  
Алтыншы ұйымдастырушылық мүмкіндік  - жеке-дара кеңес беру. Мұнда мәселе 
қосымша кеңес беру жұмыстары туралы емес, кеңесші-кәсіпкердің (маманның) негізгі 
жұмысы туралы болып отыр. Мұндай кеңесшінің қызметінің құны салыстырмалы түрде 
алғанда  тӛмен.  Оның  қызметінің    тӛлемі  –  шын  мәнінде  кеңес  берген  қызметіне 
еңбекақы  тӛлеу  +  кейбір  қосалқы  шығындарын  қайтару  (кӛлік,  жолсапар  шығындары 
және т.б.). Бірақ  кеңес беруші маманның қызметі біршама шектеулі: ол ауырып қалған 
жағдайда,  қызмет  түрінің  ерекшелігі,  қосалқы  сипаттағы  жұмыстарға  уақыт  пен  күш 
жұмсау және т.б. тағы бір жағдайды айту қажет. Нарықтық экономика  енді-енді аяққа 
тұрып келе жатқан Қазақстан жағдайында, аудиторға жеке-дара табысты жұмыс істеу  
іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтан аудитті фирмалардың жүргізгені тиімді.  Тапсырыс 
беруші  үшін  бұл  тиімді:  заңды  тұлғаның  жеке  тұлғаға  қарағанда    сапа  пен  сенімділік 
кепілдігі айтарлықтай кӛп, бұл жағдай  қазірде кӛкейкесті болып қалып отыр.  Сонымен 
қатар  жеке-дара  аса  нәтижелі  жұмыс  істеп  істеп  жүрген    жүрген  адамдар  да  бар. 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
211 
Мұндай  кеңес  беру  олардың  ӛзін  кӛрсетуіне  жақсы  мүмкіндік  береді.  Мысалы,  
шетелдік кеңес беру фирмаларында адам саны кӛп емес  – 1-3 кеңесшіден, ал Данияда 
жұмсы істеп жүрген 400 кеңесшінің 75%-ы жеке-дара жұмыс істейді. 
Жоғарыда  аталған  бағыттарды  іске  асыру    нығайтылып,  заңнамалық  тұрғыдан 
барлық  мемлекеттер  заңды  күші  бар  құжат  есебінде  мойындайтын,  тиісті  тұлға  тиісті 
үлгіде  дайындаған құжат  ретінде қарастырылуы тиіс.   
Аз  ғана  уақыт  қызмет  еткеніне  қарамастан,  аудиторлық  ұйымдар  қызметіне 
жасалған  талдау  олардың  қызметінің  негізгі  бағыттары  мен  әр  түрлі  типтегі 
фирмалармен  қарым-қатынас  жасау  формасын  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Аудиторлық  тексеру  жүргізуге  берілген  тапсырмалардың  мазмұнына  жасалған  талдау 
кӛрсеткендей, олардың ішінде басымы: 
—  қаржы-шаруашылық  есептері  мен  шаруашылық  субъектілерінің  салық 
тӛлемдерін дұрыс есептегенін тексеру; 
—  жылжымайтын  мүлік  құнын  бағалау  мен  акционерлік  қоғамның  жарғы 
қорына  және  шаруашылық  серіктестігінің  басқа  түрлеріне  үлес  ретінде 
интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне құқығын бағалау; 
 — балансты бекіту мен салық декларацияларын жасау. 
Аудиторлық фирмалардың ең дамыған және дәстүрлі қызмет формасы  дәстүрлі 
басқару  қызметтерін  орындау  (бухгалтерлік  балансты    жасау,  есеп  жүргізу,  т.с.с.) 
болып табылады.  
Келесі  дәстүрлі  және бұрынғыша кӛкейкесті   аудиторлық фирма қызметтерінің 
бірі – сараптамалық-аналитикалық. Кәсіпорындардың шаруашылық еркіндігінің кеңеюі 
мен олардың ӛз қызметтерінде  экономикалық нәтижелерге деген  қызығушылығының 
артуы жағдайында нәтжелерге кешенді талдау жасау мен  даму бағытының тиімділігін 
бағалауға  барынша кӛп кӛңіл бӛлінеді.  
Аудиторлық  ұйымдардың    тағы  да  бір  сас  маңызды  қызметі    басқарушы 
кадрларға  жұмыстың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  игеруде  кӛмек  кӛрсету  болып  табылады 
(мысалы,  есеп  пен  бақылауда  компьютерді  қолдануға  үйрету,  қазіргі  ақпараттық 
жүйелермен жұмыс және т.б.)  
Кәсіпорын дамуының тиімді нұсқасын  таңдауда  негіз болу үшін аудиторларды 
диагностикалық талдау жүргізуге және келешек даму бағыттарын айқындауға, бірінші 
кезектегі міндеттерді айқындап, оларды іске асыру шарттарын белгілеуге тартады. Егер 
жұмыстың  негізгі  бӛлігін  кәсіпорын  қызметкерлері  орындаса,  аудиторлық  фирма 
сарапшы  қызметін  атқарады;  егер  кәсіпорын  мамандарының  құзырлылығы  жетіспесе, 
онда фирма  тікелей  дайындау жұмыстарын жүргізеді.  
         Қазақстандық 
мамандарға  да  ӛздерінің  кӛптеген  әдеттерінен  арылып, 
халықаралық аудиторлық фирмалардың  тәжірибесі мен жұмыс тәсілдерін  игеруге тура 
келді.  Атап  айтқанда,  әрбір  аудит  түріне  байланысты  орындауды  қажет  ететін  
халықаралық  стандарттар  ғана  емес,    айтарлықтай  кӛлемді  әдістемелік  нұсқаулар  мен 
ұсыныстарға үйренуге тура келді.  
Нарықтық  экономика негіздерін дамыту  мен  нығайту  жағдайында    аудиторлық 
қызмет  сапасына  деген  талаптың  күн  ӛткен  сайын  артатыны  сӛзсіз,  бұл  түсінікті 
жағдай.    Осыны  түсіне  отырып,  «Қазақстанаудит»  АҚ  мен  ҚР  аудиторлар  палатасы 
Қазақстанда  ғана  емес,  басқа  да  алыс  және  жақын  шетелдерде  жинақталған 
тәжірибелерді    пайдалана  отырып,  ӛз  стандарттарын  дайындауда,  Қазақстанда    аудит 
мәртебесі жоғары, әлемдік стандарттар деңгейінде болуы үшін  аудиттің халықаралық 
стандарттарын ұстанады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан  Республикасының  1998-2000  жылдарға  арналған  бухгалтерлік  есеп  пен 
аудитті  дамыту  мен  жетілдірудің  мемлекеттік  бағдарламасы  туралы:  Қазақстан 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
212 
Республикасы Президентінің 28.01.98 ж. № 3838 Жарлығы // Бюллетень бухгалтерлік. 
1998, № 29. 
2.  Аудиторлық  қызмет  туралы:  Қазақстан  Республикасының    1998  ж.  20  қарашадағы 
Заңы  (15.02.2003ж.  жағдай  бойынша  ӛзгерістер  мен  толықтырулармен).  -  Алматы: 
Юрист, 2003 
3.  Мемлекеттік  және  қадағалаушы  міндетті  іс-қызмет  аясын  реттеу  туралы:  ҚР 
Президентінің 1999ж. 7 қыркүйектегі № 205 Жарлығы.  
4. Қазақстан аудиттің халықаралық стандарттары. - Алматы: Раритет, 2004 
5. Ержанов М.С., Даулетеков Г.Б. и др. Аудит-1: Учебник. - Алматы: Бастау, 2005. 
6.  Сейткасимов  Г.С.,  Сейткасимова  А.Г.  Становление  и  развитие  аудиторской 
деятельности.- Караганда: КарГУ, 1993 
7. Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2005 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет