Шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта ӛркендеуіне кеңінен жол ашылды. Оған елбасы Н.Ә


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ТҦРАҚТЫ ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата03.03.2017
өлшемі2,73 Mb.
#6786
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ТҦРАҚТЫ ДАМУЫ 
 
Баймурзаева М.С.- оқытушы, Ботаева А.Т.- оқытушы  
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
Туризм  географиясы  ғылым  ретінде  экономикалық  және  әлеуметтік 
географияның  бір  саласы  болып  есептеледі.  Зерттеу  обьектісі-рекреациялық-туристік 
жүйелер,  ал  зерттеу  тақырыбы-туризмнің    территориялық  ұйымдастырылуын,  яғни 
туризмнің  территориялық  жүйелерінің    дамуы  мен  орналасуын  зерттейді.  Туризм 
географиясын  кешенді  зерттеулеріне  табиғаттық,  экономикалық-әлеуметтік  және  
техникалық  ұйымдастыру  мен  басқару  кіреді.  Осыған  байланысты  туризм  үш  емдеу 
(санаториялық-курорттық),  денсаулықты  түзеу  және  спорттық  пен  танымдық 
бағыттарда  дамиды.  Туризм  географиясы-белгілі  бір  территорияның  туризмге 
қолайлылығы,  сол  территорияның  шаруашылық  кешені  құрылымына  туризмнің 
ықпалы, туризмнің дамуы және  орналасуына байланысты территориялық ӛзгерістерді 
зерттейді.  Туризмнің  дамуы  кӛлік,  сауда,  коммуналдық  және  тұрмыстық  қызмет, 
мәдениет,  денсаулық,  ақпарат  салаларымен  тығыз  байланысты.  Қазақстан 
Республикасының  «Туризм  туралы»  Заңына  сәйкес  (тамыз,  2001  жыл)  туризмдік 
қызмет  атқаруға  туристік  сапарлар  мен  саяхаттар  ұйымдастыру,  әр  түрлі  туристік 
қызмет  атқару,  туристік  тауарлар  шығару  және  ӛткізу  жатады.    Осыған  байланысты 
ұлттық туризмді мемлекеттік басқаруда  мынандай мақсаттар қойылған: 
    -туризмді дамытуда  бірыңғай саясатты іске асыру; 
    -туризмнің материалдық және ғылыми-техникалық базасын құру
     -сыртқы экономикалық және коммерциялық байланыстарды жүзеге асыру; 
    -туризмнің  мемлекеттік  немесе  жеке  меншіктік  түріне  қарамай,  барлық 
туристік ұйымдардың жұмыстарын қолдап, ретке келтіру; 
    -туризм саласына мамандар  дайындау, мамандардың біліктілігін  арттыру; 
1993  жылы    Қазақстан  Республикасы  Дүниежүзілік  туристік  ұйымның    мүшесі 
болды, 1993 жылы ҚР туризмін дамытудың ұлттық бағдарламасы  қабылданып, мұнда 
12  басымдық  туристік  аймақтардың  даму  жоспары  жасалынды.  Бұл  тұрғыдан  
Қазақстанда  туризмді  экономиканың  дамыған  саласына  айналдыруға  барлық 
мүмкіндіктер бар.  
Туризм  –  экономиканың  басым  салаларының  бірі.  Туризмнен  түсетін  табыс 
мұнайдың  кірісінен  кейінгі  екінші  орында
.Туризм  –  демалысты,  бос  уақытты  ӛткізу, 
спорт,  мәдени-танымдылық  және  табиғат  пен  қатынасты  сипаттайтын  осы  заманғы 
экономика  инфрақұрылымы  салаларының  бірі.  Келу  және  шығу  туризмінің  дамуы 
туристік қызмет саласындағы ең маңызды мәселе болып табылады. Бүгінгі таңда, келу 
туризмін  ынталандыру  мақсатында  туристік  қызметті  экспорттаумен  айналысатын 
фирмалар мен ұйымдар ҚҚС-ты тӛлеуден босатылған, сондай-ақ арнайы экономикасы 
тұрақты  мемлекеттердің  туристеріне  визалық  рәсімдерді  жеңілдету  бойынша  жұмыс 
жүргізілуде. 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 
231  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасында  туризмді  дамытудың  2007-2011 
жылдарға  арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданды.  Аталған  Бағдарламаның 
негізгі мақсаты-сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм кӛлемін арттыру есебінен 
мемлекет пен халық кірісінің тұрақты ӛсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз 
ету  үшін  бәсекеге  қабілетті  туристік  индустрия  құру  болып  табылады. 
 
Дүние  жүзі 
экономикасында  туризм басты ролдің бірін атқарады.  Бүкіләлемдік туристік ұйымның  
кӛрсеткіші  бойынша  туризм    дүние  жүзі  ұттық  жалпы  ӛнімнің    оннан  бір  бӛлігін,  11 
пайыздан  астам  халықаралық  инвестицияны  құрайды,  әлемдік  ӛндірістегі  әрбір  9-шы 
жұмыс  орны  туризм  саласына  тиесілі.  Қазіргі  таңда  Қазақстанда  әр  түрлі  меншіктегі  
713  фирмалар  мен  агенттіктердің  саны  жыдан  жылға    ӛсіп  келе  жатыр.  Туристік 
фирмалар  мен  агенттіктердің  құрылу    және  орналасуы  демалыс  пен  туризмнің 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
173 
алғышарттары:  табиғат  жағдайы,  рекреациялық  ресурстар,  әлеуметтік-экономикалық, 
тарихи-этнографиялық,  тарихи-мәдени,т.б.  факторларға  байланысты.  Сондай-ақ 
туризмді  дамытудың  индикаторлары:  қонақ  үйлер  мен  мейрамханалар,  денсаулық 
сақтау  саласындағы  қызмет,    демалыс  пен  ойын-сауықты,  мәдениет  пен  спортты 
ұйымдастыру  жӛніндегі  қызмет,  турист  саласындағы  білімді  мамандар,  туристік 
тасымалдау  кӛліктері,  қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындары,  туризм  саласын 
дамытуға  бӛлінген  қаржыларға,  индикаторлардың  даму  деңгейіне,  орналасуы  мен 
территориялық  ұйымдастыруына байланысты болып келеді.  
Қазақстанда  туризмді  дамытуда  тӛмендегі  негізгі  басымдық  бағыттарда 
жұмыстар жүргізілуде: 
мінәжәт ету туризмі, экологиялық туризмі, сауықтыру туризмі,  
балық-аң  аулау  туризмі,  тарихи  туризмі.
  Туризм  тікелей  және  жанамалы  түрде 
экономиканың  32  саласы  мен  елдің  инфрақұрылымының  дамуына  тигізетін  әсері  мол 
сала. 
Қазақстан
 Жер аумағы кең, табиғаты сұлу, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай ел. 
Орман-тоғай,  тау-тасы,  ӛзен-кӛлі  мол  қазақ  жерінде  туризмнің  барлық  түрін 
ұйымдастыруға болады.
 
Туризмнің қай түрін  болса да емдеу-сауықтыру туризмі, теңіз 
туризмі,  альпинистік туризм, 
 аңшылық, оның ішінде  ұлттық (бүркіт, қаршыға, тазы), 
таулық туризм,  балық аулау, су жолдары және ат кӛлігі арқылы туристік маршруттар, 
тікұшақ арқылы экскурциялар, этникалық және археологиялық-тарихи туризм, ғылыми, 
діни, кәсіпкерлік, мәдени-этнографиялық, коммерциялық, жанұялық туризм, танымдық 
спорттық  және  бизнес-тур    сияқты  салаларын    дамытуға  барлық  мүмкіндіктер  бар.  
Сонымен бірге  Қазақстанда экологиялық туризмді дамытудың мәні зор. 
Мысалы, түрлі 
ойын-сауық  орталықтар,  сауықтыру-шипажайын  ашып,   аңшылық,  экологиялық, 
орнитологиялық  туризмді  жетілдіруге  әбден  болады.  Бұған  қоса,  еліміздегі  қорық 
аймақтары жанынан саябақ салып, мәдени-тарихи ескерткіштер орналасқан жерлер мен 
кӛне  қалалар  орнында  археологиялық  қазба  жұмыстарын  жүргізіп,  «аспан  асты 
мұражайларын»  ашуға  да  болады.  Ӛйткені,  қазба  байлығына  бай,  табиғаты  кӛркем 
Қазақстан  осы  күні  шетелдік  туристерді  қызықтырып  отыр.   
Тарихи-этнографиялық 
туризмді  дамытуға  да  үлкен    мүмкіншілік  бар.  Елімізде  27  мыңнан  астам  тарихи-
этнографиялық  обьектілер  бар,  оның  ішінде  Қарахан,  Айша-бибі,  Бабаджа-Хатун 
(Тараз  қаласы  маңайы),  Жошы-хан,  Алаша-хан  (Орталық  Қазақстан),  Қожа  Ахмет 
Яссауи,  Арыстан-бап  (Түркістан  қаласы)  кесенелерін,  ежелгі  қалалар  орыны  Отырар, 
Баласағұн, Сайрам, т.б. Соңғы жылдары Қазақстанның табиғаты кӛркем аймақтарында 
туристік  базалар,  барлық  облыс    орталықтарында  комфортабельді  туристік  кешендер 
ашылды.  Шетелдік  және  отандық    туристерді  мынандай  маршруттар  қызықтыра 
алады:Ұлы  Жібек  жолы,    Қазақстан  Орта  Азия,    Космотур  (Байқоңыр),  Семей 
полигоны,    Арал  теңізі,    қорықтар  мен  қорықшалар  (экологиялық  туризм),  таулық 
туризм  (Тянь-Шань,  Алтай  таулары),    Жетісу  шеңбері  (Алматы  облысы),  Алматы 
қаласы маңайы, аң және балық аулау маршруттары (сайғақ, қабан, қасқыр, түлкі, арқар, 
т.б.),  діни  маршруттар  (Түркістан),  сонымен  бірге  салалық  арнайы  маршруттар 
(аграрлық,  ӛнеркәсіптік,    саудалық,  ғылыми,  мәдени,  т.б.).  Қазақстанды  халықаралық 
деңгейдегі туризмнің орталығына айналдыруымыз керек. 
Табиғаты тамылжып, таулары 
аспанмен астасып жатқан, кӛлемі жағынан әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін сулы да 
нулы  Қазақстан  жері  -  туризмді  дамытуға  таптырмас  мекен. Тек  кӛзін    таба  білсек 
болғаны,  бұған  дейін  мұнайлы  мекен  танылып  келген  еліміз  желіп  жүрген 
саяхатшыларды магниттей тартатын туристік  аймақ болып шыға келетіні  айдан анық. 
Қазақстандық  туристер  кӛбінесе  Қытай,  БАӘ,  Корея  Республикасы,  Ресей,  Германия, 
Түркия  елдеріне    туристік  сапар  шеккен.  Ал  басқа  елден  келуші  туристер  үлесінде 
Ресей,  Қытай,  Германия,  Корея  Республикасы,  Пәкістан,  Польша,  Түркия  басым.  Бұл 
мемлекеттердің  үлесінің  жоғары  болу  себебі-  туристік  жодамалар  мен  ұшақ 
билеттерінің  бағасының  арзандауы  әрі  онда  туристердің  сауда-саттық  жасауына 
қолайлы. 
Қазақстанда  туризм  индустриясының  нашар  ұйымдастырылуы-ішкі 
туризмнің  нашар  дамуымен  байланысты.  Кӛптеген  отандастарымыз  елдің  басқа 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
174 
ӛңірлеріне  тек  жұмыс  бабымен  немесе  туыстарын  кӛріп  қайту  үшін  ғана  барады.  Ал 
демалу  аймағын  таңдау  кезінде  мүмкіндігінше  елден  тысқары  жерге  шығуды 
жоспарлайды.  Себебі,  халықтың  кӛпшілігі  Қазақстанның  қай  жерінде  толыққанды 
демалатын орындар барын білмейді,  қызмет кӛрсету саласының мүлдем тӛмендігінен 
солай  жасайды  және  демалыс  бағасының  шетелдегідей  қымбатқа  түсетінін  білетіндер 
одан  да  сол  теңіз  жағалауы  бар  елдерге  қыдырғанды  дұрыс  санайды. 
Қазақстан  халықаралық  туризмді  ірі  туристік  нысандарды  салу  арқылы  дамытуды 
кӛздеп  отыр.  Отандық  туризмді  дамыту  жұмысы  екі  негізгі  бағдарлама  бойынша 
жүргізілуде.  Біріншісі  Қысқы  Азия  ойындары  ӛтетін  2011  жылға  дейін  есептелсе, 
екінші  бағдарлама  елімізде  ірі  туристік  орталықтардың  құрылысын  кӛздейтін  2030 
жылға  дейін  қарастырылған..  Еліміздің  туристік  саласын  дамытудың  2030  жылға 
дейінгі бағдарламасына сәйкес республикада Бурабай туристік орталығын, Ақтау сити, 
Каспий  бойындағы  қалашықтар  және  Қапшағай  қаласындағы  болашақ  қаласын  салу 
жоспарланған.    Отандық  туризм  саласын  дамытудың  тағы  бір  оңтайлы  жолы  -  «Ұлы 
Жібек 
жолы» 
халықаралық 
туристік 
жобасына 
қатысу.
 
Бүгінде  елімізде  876  туристік  компания  тіркеліп,  әлемнің  90  елімен  байланысын 
орнатқан.  Осылардың  тек  25  пайыздайы  ғана  елге  тікелей  туристер  тартумен 
айналысады.   
            Туризмнің  дамуы  бірінші  кезекте  саяхаттауға  ыңғайлы  жерлердің  пайда 
болуына  қатысты.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Қазақстанның  мол  мүмкіндігі  бар  деп 
есептеледі 
және 
әлемдік 
туризм 
нарығының 
биігіне 
кӛтерілуі 
мүмкін. 
Туризмнің  дамуы  Қазақстан  экономикасына    үш  түрлі  бағытта  кӛрсетіледі: 
1.Шетелден 
тікелей 
қаржы 
құйылады. 
2.Экономикадағы  тӛлем  балансы  мен  экспорттық  саудаға  жағымды  әсер  етеді. 
3.Халықтың жұмыспен қамтылуына септігі тиеді.
 
Қазақстан  туризмінің  дамуы  оның  туристік-рекреациялық  потенциалына  әлі  де 
сәйкес келмей отыр. Оның басты себептері: 
- Қазақстан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы; 
-  туристік  базалардың    инфрақұрылымының  (сервистік  тұрғыдан)  әлемдік 
стандартқа сай келмеуі; 
-  халық  шаруашылығы  саласы  ретінде  үкімет  тарапынан  қолдау  таппауы, 
қаржыландыру мәселесі; 
-  туризм  туралы  ғылыми  жұмыстармен  айналысатын  ғылыми  мектептердің 
жоқтығы; 
-  туризм  саласында  мамандар  мен  кадрлар  дайындау  жүйесінің  ӛз  деңгейінде 
дамымауы; 
Туризмнің 
дамуын 
тежейтін 
жайдың 
бірі-туристі 
тартатындай 
инфрақұрылымның жоқтығы. Бүгінде туристік нысандарға апаратын жергілікті маңызы 
бар  жолдар  біраз  жӛндеуден  ӛтіп  жатыр.  Алайда,  еліміздегі  қайсыбір  туристік 
нысандарға  және  ландшафтарға  апаратын  автокӛлік  жолдарының  әлі  де  сын 
кӛтермейтіні  жасырын  емес.  Қазақстанға  келген  турист  кез-келген  уақытта  кез-келген 
транспорт түрімен еліне аттана алмайды. Таңдауы шектеулі. Кез-келген саяхатшының 
ұлан-ғайыр  жеріміздің  о  шеті  мен  бұ  шетін  түгелімен  аралап  шығуға  мүмкіндігі  бола 
бермейді.  Уақытының  кӛбін  жол  үстінде  ӛткізіп  алады.  Осыған  орай,  бүгінгі  таңда, 
елімізде  транспорттық қызмет түрлерін дамыту қолға алынып жатыр. Туризм жарнама 
арқылы ӛркендейтін бизнес. Сала мамандарының мәліметі бойынша біздің елді сыртқа 
насихаттайтын ақпараттық-жарнама қажет. 
 
Бүгінде  кӛптеген  адамдардың  күнделікті  тұрмысынан  орын  алған,  «XXI 
ғасырдың  кӛрінісі»  атанып  оырған  туристік  сервис  индустриясы  ӛзінің  мемлекеттік 
қазынаға  қосқан  экономикалық  салымы  бойынша  химиялық  ӛнеркәсіптен  алға  озып, 
автокӛлік салаларымен теңесті. Ол әлемдік жалпылама ӛнімнен 10 пайыз үлесін алады, 
жұмыскерлердің алып армиясы мен ірі қаржыларды жұмылдыруда.Еліміздің туристік-

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
175 
рекреационды  потенциалына  негізделген  шаруашылық,  ӛндірістік  және  әлеуметтік 
қызметтердің  сан-қырлы,  күрделі  жүйесін  білдіретін  туристік  қызмет  индустриясы, 
адамдардың  бос  уақытын  дұрыс  ұйымдастыруға  және  қоғамның  демалу  мен  кӛңіл 
күйін  кӛтеруге  деген  сұранымын  жан-жақты  қанағаттандырып,  еңбек  ресурстарын 
жұмылдыру  қабілеттілігімен  халықтың  тұрмыс  деңгейін  кӛтереді.Туристік  қызмет 
индустрия  кәсіпорындарының  шаруашылық  қызметтеріндегі  оңды  ӛзгерістерге 
қарамастан,  сырттан  кіру  туризмінің  күрт  тӛмендеуі,  шетелдіктерді  қызықтыра 
алатындай  табиғаты  мен  тарихи-мәдени  орталықтарына  бай  Қазақстанда  заманға  сай 
туристік  қызмет  инфрақұрылымын  құру  және  істі  жоғары  дәрежеде  ұйымдастыруды 
қолға  алу  қажеттілігін  кӛрсетеді.  Қазақстанның  табиғи-рекреационды  потенциалына 
ӛзінің аумағы, түрлілігі және қайталанбастығы бойынша теңесетін ел әлемде табылмас 
десек қателеспейміз.  
 
ӘДЕБИТТЕР 
1.Балабанов  И.Т.,  Балабанов  А.И.  Экономика  туризма:  Учеб.  пособие.-  М.: 
Финансы и статистика,2001.-176с. 
2.Багатов А.П. и др. Туристические формальности: Учеб. пособие / Багатов А.П., 
Бойко Т.В., Зубрева М.В.-М.: Академия, 2004.-304с.-(Высшее проф. образование)  
3.БиржаковМ.Б. Введение в туризм: СПб.: Герда, 1999.-192с. 
4.БиржаковМ.Б.  Введение  в  туризм:  Учебник.-Изд.7-е,  перераб.  И  доп.-  СПб.: 
Герда,2005.-448с. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада Қазақстанда туризмнің даму жолдары және  негізгі  мәселелері 
қарастырылған. 
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматриваются пути развития  и основные  проблемы туризма  в 
Казахстане. 
 
 
 
338981  
Б21 
ИНДУСТРИЯЛЫ-ИННОВАЦИЯЛЫ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 
ҦЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТИІМДІ ДАМУЫНДАҒЫ ОРНЫ 
Бакирова Б.А. – аға оқытушы,  Жақыбаева О.А. – аға оқытушы                            
(Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ) 
 
Экономика  ұлттың  дамуының  басты  басымдығы,  ал  экономикалық  ӛсiмнiң 
тұрақты  дамуы  және  мемлекеттiң  әлемдiк  рыноктағы  орны  бүгiнгi  жаһандану 
заманында ел экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi  арқылы анықталады. Сондықтан 
ендiгi  жерде  Қазақстан  Республикасының  және  ұлттық  экономика  салаларының 
алдындағы  негiзгi  мiндетi  бәсекеге  қабiлеттi  экономиканың  қалыптастыру  болып 
табылады.  Мемлекеттiң  бәсекелестiк  қабiлетi  елдiң  халықаралық  аренадағы  ролi  мен 
беделiнiң  артуынан,  мемлекеттiң  ӛз  азаматтарының  ӛзектi  проблемаларын  шешу 
қабiлетiнен,  мемлекет  ұсынатын  қызметтер  мен  ӛнеркәсiп  ӛнiмдерiнiң  сапасының 
әлемдiк деңгейде артуымен кӛрiнiс табады.    
Ұлттық  экономиканың  жоспарлы  экономикадан  нарықтық  қатынастар 
негізіндегі  экономикаға  ӛтуіне  байланысты  еліміздің  қысқа  мерзімді  кезеңде  әлем 
таныған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы 
жасалған  мемлекеттік  бағдарламалардың  алатын  орны,  жалпы  экономиканы 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
176 
жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің 
бірі. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президентінің 
жарлығымен 
Қазақстан 
Республикасының 
2010-2014 
жылдарға 
арналған 
Үдемелі 
индустриалдық-
инновациялық  даму  бағдарламасы  бекітілді.  Бұл  бағдарламаның  негізгі  мақсаты  – 
экономиканы  әртараптандыру  және  шикізаттық  емес  экспортты  ұлғайту,  кәсіпекрлік 
жағдайды,  бәсекелестік  ортаны  және  жеке  секторларды  жоғары  құнды  ӛндіріс  құруға 
ынталандыратын қоғамдық және қаржылық институттарды құру болып табылады. Бұл 
жағдайда  осындай  ӛндіріс  құруда  қара  және  түсті  металлургия,  машинажасау  және  
металды қайта ӛңдеу, шикізатты, минералдрды ӛңдеудің әлеуеті маңызды.  
Елдің экономикалық тәуелсiздiгi технологиялық даму деңгейiнен ажыратылмай 
қарастырылады.  Әлемдiк  экономикадағы  мемлекеттің  ролi  мен  оның  мәнi,  инновация 
мен  ӛзгерiстердiң  негiзгі  қозғаушы  күшi  -  жоғарғы  технологиялармен  қаншалықты 
қамтамасыз  етiлетiндігiмен  анықталады.  Казiргi  заманғы  техника  ӛндiріс 
технологиясынан  бӛлек  ажыратылып  қарастырылмайды.  Ол  тек  нақты  технологиямен 
қатар  қолданылады  және  сол  арқылы  кӛрiнiс  табады,  яғни  технология  ғылыми  - 
техникалық прогрестің қозғаушы күшi болып саналады.  
 Индустриалды  -  инновациялық  қызметтi  дамыту  мақсаты  —  жаңа  идеяларды 
қолдау,  бастама  кӛтеру,  оларды  бақылау,  инновациялық  ӛнімдi  нарыққа  шығаруға 
жағдай  жасау  болып  табылады.  Әлемдік  рынокта  бәсекелік  күреске  тӛтеп  беруге  нық 
тұратын  ӛнеркәсібі  дамыған  елдерде  заман  талабына  сай  технологияларға  негізделген 
және  елдің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттырудың  негізгі  кӛздері  болып  табылатын 
салаларды,  яғни  биотехнология,  нанотехнология,  ядролық  және  ғарыштық 
технологияларды  қарқынды  дамытуға  қомақты  қаржы  бӛліп,  үлкен  зер  салуда.  Себебі 
инновациялық  экономикалық  дамуды  қамтамасыз  ету,  шиеленісіп,  шешімін  таба  алмай 
жатқан қазіргі экологиялық проблемаларды шешу, күннен күнге артып келе жатқан әлем 
халқының  қажеттіліктерін  келешек  ұрпақтың  қамын  ойлай  отырып  қанағаттандыру 
сияқты мәселелердің байыбына жетуде осы салалардың маңызы аса зор. Қазақстан үшін 
де аталған салаларды, сонымен қатар экономиканың басқа да басым бағыттарын дамыту 
арқылы  индустриалды  дамыған  елдердің  қатарына  қосылу  ең  ӛзекті  мәселелердің  бірі. 
Сол  себепті  экономика  салаларын  жаһандану  үдерісіне  сәйкестендіре  дамытуға, 
экономиканың  шикізат  экспортына  тәуелділігін  тӛмендетуге  және  әлемдік  рынокта 
сапалы  бәсекеге  қабілетті  ӛнім  ұсынысына  бағытталған  сервистік-технологиялық 
экономикаға ӛтуге жағдай жасау қажет.  
Қазіргі 
экономикалық 
жаһандану 
жағдайында 
инновация 
ұғымын  
1992 жылы Норвегияның астанасы  – Ослода  қабылданған халықаралық  стандарттарға 
сәйкес  сипаттауға  болады.  Бұл  стандарттар  технологиялық  инновацияларға  қатысты 
жасалған,  яғни  олар  жаңа  ӛнім  мен  жаңа  үдерісті  және  олардың  маңызды 
технологиялық  ӛзгерістерін  сипаттайды.  Халықаралық  стандарттарға  сәйкес 
«инновация»  –  тәжірибелік  қызметте  қолданылатын  жаңа  немесе  жетілдірілген 
технологиялық  үдеріс  түрінде  және  рынокқа  шығарылған  жаңа  немесе  жетілдірілген 
ӛнім түрінде кӛрінетін инновациялық қызметтің түпкі нәтижесі.  
Жоғарыда  инновация  теориясының  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  зерттеуші-
ғалымдардың,  яғни  шетелдік  экономистердің,  ТМД  елдері  мен  отандық 
зерттеушілердің  пікірлерін  қарастыра  келе  қысқаша  қорытындыға  келдік.  Инновация 
ұғымын  зерттеу  барысында  ғалымдар  сан  алуан  пікірлер  ұсынды.  Кӛптеген  зерттеуші 
ғалымдардың  пайымдауларынша  инновация  бұрын-соңды  болмаған  жаңа  ӛнім,  жаңа 
қызмет,  ғылыми  жетістіктер  ӛнімі  немесе  жетілдірілген  ӛнімді  жүзеге  асыратын 
инновациялық қызметтің нәтижесі. Бірақ, инновацияның экономикалық мәнін зерттеуде 
бірқатар  қайшылықтар  туын-дайды.  Біздің  пайымдауымызша,  кез  келген  жаңа  ӛнімді 
немесе  қызметті,  жаңа  технология  мен  техниканы  инновация  деп  қарастыру  үшін 
қазіргі таңда оның тек рыноктық аспектісіне ғана емес, сапалы экономикалық дамуды, 

Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.  
177 
экологиялық,  әлеуметтік-экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мүмкіндігі 
жағынан  қарастыру  керек.  Себебі  әлемдік  экономика  дамуының  жаңа  сатысында 
ұлттық  экономикалық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудің  бірден-бір  сара  жолы 
инновациялық даму бағыты болып табылады.  
Инновациялық  даму  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттырудың  негізгі 
бағыты  болғандықтан,  инновация  түрлеріне,  инновациялық  үдеріс  және  инновациялық 
қызмет  ұғымдарына  қысқаша  сипаттама  бергенді  жӛн  деп  санаймыз.  Тӛменде 
инновацияның жіктелу белгілеріне байланысты ерекшеліктері сипатталады (1-кесте). 
 
Кесте 1 - Инновацияның жіктелуі 
 
Жіктелу белгілері 
Жіктелуі 
Инновацияның түрлері 
1.1. Дәуірлік 
1.2. Базистік 
1.3. Жетілдіруші 
Инновацияның таралу 
ауқымы 
2.1. Әлемдік ауқымдағы жаңа инновациялар 
2.2. Ел ішіндегі инновациялар 
2.3. Салалық инновациялар 
Инновация енгізілетін 
тауардың ӛмірлік циклы 
3.1. Стратегиялық маркетинг жүргізу сатысында енгізілген 
инновациялар 
3.2. ҒЗТКЖ сатысында енгізілген инновациялар 
3.3. Ӛндірістің ұйымдық-технологиялық даярлығы 
3.4. Ӛндіріс 
3.5. Ӛндіруші ұсынатын қызмет және тауар 
Инновация нысаны 
4.1. Жаңалықтар, ӛнертабыстар, патенттер, ноу-хау 
4.2. Тауар белгілері, сауда маркалары, эмблемалар 
4.3. Технологиялық, ӛндірістік, басқарушылық үдерістерді, 
конструкцияларды, құрылымдарды, әдістерді сипаттайтын 
жаңа құжаттар 
Инновацияны қолдану 
жиілігі 
5.1. Бір жолғы 
5.2. Қайталама (диффузия) 
Инновацияны енгізу 
нәтижесінде алынатын 
әсер түрлері 
6.1. Экономикалық 
6.2. Әлеуметтік 
6.3. Ғылыми-техникалық 
6.4. Экологиялық 
 
Жаһандану  процесі  Қазақстанның  экономикасын  әлемдік  бірлестікке  бірігуіне 
тездетеді. Ол инновациялық фактор және оның экономикалық ӛсу қарқынына ықпалын 
арттыра  түседі.  Отандық  экономиканың  ӛзекті  мәселесі  болып,  ғылыми  шынды 
ӛндірістерінің 
бәсекеқабілеттілігінің 
артуы 
болып 
табылады. 
Ӛнеркәсіптің 
инновациялық потенциялын кӛрсететін оның бүкіл ӛндірілген және жүзеге асырылған 
ӛнімнің инновациялық ӛнімінің кӛлемі болып табылады.  
Сонымен инновациялық даму барысынла келесідей қорытынды жасауға болады: 
1.  Инновацияның  экономикалық  ұғым  ретіндегі  мәні,  кез  келген  жаңа  ӛнімді 
немесе  қызметті,  жаңа  технология  мен  техниканы  инновация  ретінде  қарастыру  үшін 
олардың  рыноктық  аспектісін  ғана  емес,  сапалы  экономикалық  дамуды,  әлеуметтік-
экономикалық,  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  мүмкіндігі  жағын  да  ескеру 
керек. Себебі әлемде теңдесі жоқ жаңа тауарды немесе қызметті ӛндіріп, оның  қоғам 
ӛміріне  және  табиғат  әлеміне  келтірер  зиянына  қарамастан,  тек  жоғары  пайда  алу 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.  Хабаршы  №3 (6), 2011.
 
178 
мақсатын  кӛздейтін  болсақ,  онда  оның  сапалы  экономикалық  ӛсу  қағидасына  қайшы 
келері  айдан  анық.  Олай  болса,  инновация  –  бұл  қоғамның  әл-ауқатын  сапалы  түрде 
жақсартуға,  яғни  әлеуметтік-экономикалық,  экологиялық  мәселелерді  шешуге 
мүмкіндік  беретін,  кәсіпкердің  жоғары  пайда  алуын  ынталандыратын  инновациялық 
қызмет нәтижесі.  Ал, «инновациялық даму – бұл рынокта адамның ӛмір сүру сапасын 
жақсартуға  мүмкіндік  беретін  жаңа  тауарлар  мен  қызметтер  ұсынысының  артуы. 
Нақтырақ  айтқанда,  «инновациялық  даму  –  ғылыми  сыйымды  ӛндіріске  бағытталған, 
қоғамның ӛмір сүру сапасын және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік 
беретін даму. 
2.  Экономиканың  инновациялық  дамуының  отандық  және  шетелдік  тәжірибесін 
сипаттай  отырып,  ұлттық  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруға  оңды  және 
кері  әсер  етуші  факторларды  анықтап,  ұлттық  инновациялық  жүйенің  қалыптасуы 
барысына  талдау  жасау  арқылы  қазіргі  кезде  инновациялық  процестерді  толыққанды 
жүзеге асыру үшін мемлекеттің рӛлі зор екендігіне кӛз жеткізіп отырмыз.  
3.  Сонымен  қатар,  Қазақстанның  инновациялық  жағдайы,  яғни  инновациялық 
ӛнімнің  ЖІӚ-гі  үлесі,  кәсіпорындардың  инновациялық  белсенділігі  мен  олардың 
әзірлемелер  мен  зерттеулерге  жұмсайтын  шығындар  кӛлемі,  ғылым  саласын 
қаржыландыруы  және  елдегі  инновациялық  қызметтің  әлі  тӛмен  деңгейде  екендігі 
айқындалып отыр.  
5.    Индустриалық-инновациялық  даму  бағдарламасында  анықталған  міндеттерді 
жүзеге  асыруда  кедергі  келтіретін  факторлардың  қатарында  даму  институттарымен 
қаржыландырылып жатқан жобалардың кӛп бӛлігі сыртқы рынок талаптарына емес, ішкі 
рынок қажеттіліктеріне арналған. Сол себепті елде күні бүгінге дейін дамымай отырған 
консалтингтік қызметтер рыногын ӛркендетуді, басым жобаларды маркетингтік бағалау 
жүйесін жетілдіруді қажет етеді.  
6. Инновациялық процесті мемлекеттік реттеу және қолдау барысында ішкі және 
сыртқы  рыноктардағы  тауарлар  сұранысының  отандық  ӛндіріс  үшін  қолайлы  кӛлеміне, 
түрлеріне  назар  аудару  қажет.  Сондай-ақ,  бәсекелік  күресте  басымдыққа  ие  болу 
мақсатында  экономикалық  (әсіресе  сапалық  жағынан)  ӛсу  нүктелеріне  «жасыл»  бағдар 
беруге зер салу керек.  
Сонымен,  инновациялық  саясаттың  ең  басты  ерекшелігі 

  әлеуметтік-
экономикалық  даму  бағытын  ұстана  отырып,  қолға  алынған  жобаларды  тиімді  жүзеге 
асыру  арқылы  ұлттық  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  нығайтып,  халықтың  әл-
ауқаты деңгейін жақсартудағы рӛлінің жоғары болуы. Сондықтан инновациялық дамуға 
бағыт  алу  негізінде  2010-2014жж.  арналған  Үдемелі  индустриалдық  –  инновациялық 
бағдарламасында,  Елбасының  жыл  сайынғы  Жолдауларында  анықталған  негізгі 
мақсаттар  мен  міндеттерге  қол  жеткізудің,  әлемдік  бәсекеге  қабілетті  елдер  қатарына 
қосылу мүмкіндіктерінің жылдан жылға арта беретіндігіне үлкен сеніммен қараймыз. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
15.Н.Ә.Назарбаев.    ―Бәсеке  қабiлеттi  Қазақстан‖,  ―Бәсекеқабiлеттi  экономика‖ 
және ―Бәсекеқабiлеттi халық‖ деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 
19 наурыз, 2004 ж. 
16.Кенжеғали  Сағадиев  ―Бәсекеге  қабiлеттiлiктi  ӛзiмiз  жасауымыз  керек‖  // 
Егемен Қазақстан, 2004 ж. 
17.Әбдiжапар  Сапарбаев    ―Инновация  –  негiзгi  қозғаушы  күш‖    //  Егемен 
Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет