Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделген болуы тиісті. Қабылданған жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Осы мақсатпен бір қатар экономикалық және техника-экономикалық көрсеткіштер есептеледі. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бұл көрсеткіштерді салыстыра отырып, ең тиімдісі таңдалады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы экономикалық тұрғыдан жан-жақты негізделген болуы тиісті. Қабылданған жобалық шешімдер нақты есептермен дәлелденеді. Осы мақсатпен бір қатар экономикалық және техника-экономикалық көрсеткіштер есептеледі. Жасалған жобаның бірнеше нұсқаларынан бұл көрсеткіштерді салыстыра отырып, ең тиімдісі таңдалады.
Жобаны қарау және бекіту кезеңі шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын құкықтық тұрғыдан қарап талқылау мен бекітуден және рәсімдеуден тұрады. Орындалған жоба әрбір жерге орналастыруға тартылған шаруашылықтарда өндірістік кеңесте (немесе өкілдер жиналысында) қаралады. Сонан соң ол ауданның әкімшілігіне бекітілуге жіберіледі. Егер бұл органның өкілеттілігі жеткіліксіз болса, жоба ауыл шаруашылық Министрлігінде қаралып бекітіледі.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың принциптері
Жобалау және ұйымдастыру жұмыстарында шаруашылық аралық жерге орналастырудың өзіне тән жалпы және жеке принциптеріне сүйену керек.
Жалпы принциптері:
- Турғындардың өмір сүру және еңбек ету жағдайларын әрқашан жақсарту;
- Өндірістің тиімділігінің әрдайым көтерілуіне, жобаланатын ,шаруалардың номиналдық және қоғамдық тиімділіктерінің биік болуын қамтамасыз ету
- Капиталдық, бір уақыттық шығынның неғұрлым аз қайтарылуы;
- Заңдық және нормативтік актілерді қатал орындау;
- Қабылданған шешімдер ғылым және тәжірибе жетістіктеріне сүйенеді.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың жеке принциптеріне жататындары:
Жер қатынасын жақсарту. Қазақстан Республикасының Конституциясының негізінде жер құрылымын нығайту.
Ауыл шаруашылығының жерді пайдаланудағы құқығының басымдылығын ескеру.
Жоба мәселелерін шешкенде жерге иелік және шаруашылық жүргізу формаларын жан-жақты ескеру.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру сұрақтарын шешуде аймақтың, ауданның, шаруашылықтың табиғи, экологиялық, әлеуметтік және Экономикалық жағдайларын түбегейлі есепке алу.
Жерді және басқа табиғи ресурстарды қорғауға қолайлы жағдай жасау.
Әрқашан жетілдіре отырып, жер иелігінің және жер пайдаланудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Әрі қарай жасалатын ішкі шаруашылық аумақтық жерге орналастыру жұмыстарына ыңғайлы жағдай жасау.