Дайындық жұмыстары камералық және далалық болып бөлінеді. Дайындық жұмыстары камералық түрде керекті құжаттар мен материалдарды жинау мен жан-жақты зерттеуден, жүйелеуден тұрады. Камералық дайындық жұ
Дайындық жұмыстары камералық және далалық болып бөлінеді. Дайындық жұмыстары камералық түрде керекті құжаттар мен материалдарды жинау мен жан-жақты зерттеуден, жүйелеуден тұрады. Камералық дайындық жұмыстары:
- Жерге орналастыру процесіне қатынсатын жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың құрамын анықтау;
- Жерге орналастыруды жүргізуге қажетті құжат-материалдарды (құқықтық, планды-картографиялық, экономикалық т.б) жинау;
- Топографиялық, топырақтың, геоботаникалық, су шаруашылық, мелиоративтік және басқа зерттеулер мен ізденіс жұмыстары материалдарын зерттеу, керекті жерлерінен көшірме жасау;
- Жерге орналастыру территориясына кіретін жер пайдаланушылардың шаруашылық жағдайын сипаттайтын статистикалық-экономикалық материалдарды, жылдық есеп беру және перспективалық жоспарларының материалдарын жинау және жүйелеу;
- Жерге орналастыру жобасы қамтитын кәсіпорындардың өндірістік нәтижелерін сипаттайтын экологиялық көрсеткіштер: өткен 3-5 жылдар бойынша ауылшаруашылық дақылдарының өнімділегі, жалпы және тауарлық өнімдердің мөлшері, мал басы және түрлері, ұйымдастыру- шаруашылықтық құрылымы, өндіріс бөлімшесінің, елді мекендердің тұрғындарының саны, әр жер орналастыруға кіретін шаруашылық бойынша өндірістік және мәдени-тұрғын объектілерінің бар екендігі және жағдайы жайында мәліметтер жинау;
- Жобаның ықтимал нұсқаларын және жалпы көріністерін белгілеу және т.б.
Камералдық дайындау, далалық зерттеу және ізденіс жұмыстары арқылы жиналған материалдардың негізінде жобалауға тапсырма жасалады
Жобалауға тапсырмада келесі мәліметтер көрсетіледі:
жерге орналастыруға дейінгі және одан кейінгі алқаптар құрамы (жобалық экспликация)
жерді игеру және жақсарту бойынша шаралар жүйесі
жобалау кезеңдері мен мерзімдері
жобалауда қарастырылатын шаралар жүйесі
ауылшаруашылық өндірісінің орналасуы және мамандандырылуы
жобалау объектісі (толық аты)