Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 139-140-баптарында жерді қорғау және тиімді пайдалану қарастырылған. Онда ауылшаруашылық айналымнан негіздеусіз шығарып тастауды болғызбауға, зиянды антропогендік әсерлерден қорғауға, сондай-ақ топырақ құнарлығын, шабындықтардың, жайылымдардың және орман қоры жерінің өнімділігін қалпына келтіріп арттыруға бағытталған ұйымдық, экономикалық, құқықтық және басқа шаралар жүйесі қарастырылған.Кодекстің осы бөлігінде республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүргізілетін жер қорғау жөніндегі шаралар мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен, ал жер иеленушілер мен пайдаланушыларға берілген нақты жер учаскелерін жақсарту жөніндегі жұмыстар олардың жеке қаржылары есебінен жүзеге асырылады делінген. Яғни жерді қорғау мен ұтымды пайдалану үшін шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Шаруашылық аралық жерге орналастыру құқықтық және техникалық әрекеттер кезінде жүзеге асырылатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және техникалық шаралар жүйесі болып табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР Жер кодексі. 2003 ж. 20 маусымы № 442-II.(2006.07.07 берілген өзгерістер мен толықтырулармен).- Астана, 20 маусым 2003.
2. Абдыгалиева С.С. Роль и значение землеустройства и слепина кадастры в управлении земельными ресурсами в современных условиях //матер.42- ой Международной научно-методической конференции. - Книга 2.С.88.
3. Конституция РК - Астана. 1995г. 6 статья Астана, 1995.