Шеберлік негіздері


Педагогикалық техниканың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет66/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   141
Педагогикалық техниканың ерекшеліктері. 
Педагогикалық техниканы құрайтын қабілеттер ерекше-
ліктерінің барлығы дерлік анықталып, қарастырылған [24]. 
Біріншіден, барлық қабілеттер дербес-тұлғалық сипатта бо-
лады, өйткені ол педагогтың дара психофизиологиялық негізін-
де қалыптасады. 
Екіншіден, барлық қабілеттердің қолданылу алаңы да жал-
пы болғандықтан тәрбиеленушілермен педагог тікелей қатына-
сады, өйткені қабілеттің байқалуын нақты т‰рде жоспарлау 
м‰мкін емес, жиі-жиі ол суырыпсалмалық сипатта болады, бірақ 
педагогикалық техниканы жақсы меңгеру, қарым-қатынасты 
және шығармашылықты тиімді жасайды. 
‡шіншіден, бұл қабілеттер кешені арқылы педагогтың 
мінез-құлықтық-эстетикалық позициясы ашылады, ал бұл оның 
педагогикалық мәдениетінің көрсеткіші және тұлғаның кәсіби-
лік әлеуетін анықтайды. 
Педагогикалық техниканы құраушылар. Орталық буын 
ретінде оқытушының сөйлеуі және оның дауысы орын алады. 
Оқытушы өз қызметінде жазбаша және ауызша сөйлеуді 
қолданады: біреуінің мақсаты сабақ ақпаратын қысқа, дәлме-
дәл мазмұндауға бағытталса, екіншісінің мақсаты нәтижелі 
өнімді қарым-қатынас құруға бағытталған. 
Сөйлеудің бірнеше ерекше сипаттамасын бөліп қарасты-
руға болады. 


112
1. Сөйлеудің дұрыстығы бірінші орында тұрады, яғни оның 
әдеби нормаларға сәйкестігі, сөздің дұрыс қолданылуы. Сөйлеу 
нормасы сөйлеу мінезін реттеуші ретінде байқалады. 
2. Сөйлеудің дәлдігі, яғни заттар мен құбылыстарды дәлме-
дәл беру. 
3. Сөйлеудің мәнерлілігі – сөйлеуге қызығушылық пен 
зейін қою ерекшеліктерімен анықталады. Мәнерлілік – сөйлеу-
шінің өз-өзінің мазмұнын және тыңдаушының қызығушылығын 
к‰шейтеді.
Ақпаратты қабылдауға сөйлеудің төмендегідей көрсет-
кіштері әсер етеді: оқытушының психологиялық ерекшелігінің 
көрсеткіші болатын сөйлеу жылдамдығы, дауыс қаттылығы мен 
к‰ші және айқындылығы. Сөйлеу жылдамдығы, негізінен, 
темпераментке және адамның өмірлік қарқынына сай болады: 
өзіне сенімді адам жеңіл сөйлейді, сөйлеу ағымы бірқалыпты; 
жасқаншақ айқын сөйлей алмайды; қозғыштың сөйлеуі ұзақ 
болады. Сөйлеу дауыстылығы өмірлік энергиясының көрсет-
кіші, ал айқындылық – ішкі тәртіптілігін, басқаларға өзінің 
өмірлік позициясын көрсетуге ұмтылуының көрсеткіші болады. 
Педагогикалық техниканың енді бір элементі - бұл мимика 
және пантомимика, бұлар вербальды емес коммуникацияның 
құралы болып табылады. 
Мінездің экспрессиясы ақпараттың қабылдану тиымды-
лығын әлдеқайда арттырады. Мимика көмегімен оқытушы 
өзінің эмоционалды к‰йін береді. Қабақтың т‰йілуі ашула-
нудың; көздердің кең ашылуы – қуаныш көрсеткіші; ‰ндемеу - 
оқытушыдан жақсы баға к‰тпе, ол ашулы; студенттің көзінің 
көмескілігі - оған бәрі бір, шаршағандықтың белгісі де болуы 
м‰мкін; қастардың жоғары көтерілгендігі – таңырқау және 
қызығушылық белгілері сияқтылар көпшілікке белгілі. 
Ешбір оқытушы сабақ беру барысында аудиториядағы-
лармен жұмыс істеуде ым (пантомимиканы) қолданбай қоймай-
ды, ымның бірнеше т‰рі болады, оның көмегімен бағаны көр-
сетеді, материалды т‰сіндіруде қолданады және т.б. 
Адамның отыру белгілеріне қарай оның эмоционалды к‰йі 
сипатталуы м‰мкін. Егер студент қолдарын төбе т‰рінде жинап 
ұстаса, ол қарым-қатынас жасауда жабық екенін, оқытушы 
қолын төсінде жинап шіреніп тұрса "наполеон позасы", ол 


113
басымдылық ишараты болады. Ал педагог аудиторияға ерініп 
ауыр адымдармен кірсе, ол ‰й тапсырмасының орындалмаға-
нына ашуланғандығынан және т.с.с. 
Оқытушының барлық вербальды емес құралдары поли-
функционалды және студенттік аудиториямен ақпаратты беру 
сәтінде қарым-қатынасты өзгертуге бағытталады. Олар әрекетте-
суші субъектілердің өзіндік психикалық к‰йлерінің индикаторы 
бола отырып, студент пен оқытушының психологиялық жақын-
дығын оптималды деңгейде ұстап тұруға м‰мкіндік береді және 
вербальды ақпаратты т‰сінушілігінде анықтаушы рөл атқарады. 
Педагогикалық процесс – оның субъектілерінің қызметін бас-
қару ж‰йесі, ол адам қарым-қатынасындағы белгілі тәжірибені, бі-
лімді, құндылықтарды тасымалдауға м‰мкіндік береді. Бірақ сту-
дентте, оқытушы да реалды педагогикалық жағдайда алынған ақ-
паратты, деректерді тасымалдай алу қабілетіне ие болуы қажет. Сон-
дықтан педагогикалық процестің әрбір субъектісінің өзін реттеу 
техникасын меңгеру қажеттігі туады. Оқытушының оның негіздерін 
білуі – оның белсенділігінің "кәсіби к‰йі деп" аша білу м‰мкіндігі, 
сонымен бірге тұлғаның б‰тіндей деформациялануын болдыр-
мауының кепілі болады. "Өзін реттеу" ұғымы адамның өзін оқыту, 
өзін жетілдіру, өздігінен реттеуші ұғымдарынан пайда болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет