Шеберлік негіздері


-сурет.  Педагогикалық шеберлікті құраушылар



Pdf көрінісі
бет14/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   141
1-сурет
Педагогикалық шеберлікті құраушылар
 
Педагогикалық шеберліктің бөліктері 
Ақпараттық 
теориялық компонент
Даралық 
компонент
Қызметтік 
компонент
Кəсіби-
педаго-
гикалық 
бағыттау 
Жалпы 
жəне 
педаго-
гикалық 
қабілет-
тілік 
Жалпы мəде-
ниеттілік, 
психология-
педагогика-
лық жəне 
арнаулы білім 
Педаго-
гикалық 
техноло-
гия 
Педаго-
гикалық 
техника 
Қызметтің даралық стилі 


28
Әлеуметтік және кәсібилік позиция, кәсіби құндылықтық 
бағытталу, мұғалімнің нұсқауы оның педагогикалық қызметке 
дайындығының мотивациялық дайындығын көрсетуші, тұтасы-
мен тұлғаның кәсіби-педагогикалық бағытталуында көрінеді.
Мұғалімнің педагогикалық қызметке теориялық және прак-
тикалық дайындық дәрежесі оның кәсіби құзыреттілігінің негі-
зін құраушы арнайы ж‰йелік, жалпы ғылымилық және психо-
логия-педагогикалық білімдер, сонымен қатар педагогикалық 
технология мен техниканы және басқа ғылымдар ж‰йесін мең-
геру деңгейімен анықталады. 
Сонымен, педагогтың кәсіби қызметтің табысты орындалуы 
және педагогикалық шеберлікке жетуі, көбінесе өзінің психофи-
зиологиялық ерекшелігімен м‰мкіндіктеріне сай оптималды же-
ке қызмет стилін таба білуіне әрі аз физикалық және рухани 
к‰ш шығындап, жан қинамай еңбектен жақсы нәтиже алуына 
байланысты болады. 
 
1.8. Оқытушының педагогикалық бейімділігі және
кәсіби педагогикалық бағыттылық 
 
Т‰рлі зерттеушілердің деректерінде педагог тұлғасында көп-
теген сапалар мен қасиеттердің болу керектігі айтылған. Бірақ бұ-
ларды бір тұлға бойында жинақтау жақсы педагог деген ұғымның 
пайда болуына немесе оның анықтаушысы болуға жеткіліксіз. 
Мұндай көзқарасты сынай келе, психолог Л.С. Рубинштейн, 
оқытушының тұлғасын аморфты біртұтастық, сонымен қатар 
белгісіз, формасыз тұман ішіндегі бір нәрсе сияқты көрсетуден де 
аулақ болу керектігін айтады. 
Тұлғаның біртұтастығы оның құрылымының бірлігін, 
тұтастықтың негізі болатын басқаларын ж‰йелік қасиет 
негізінде біріктіреді. Педагог тұлғасы құрылымында бұл рөл 
оның кәсіби-педагогикалық бағытталуына қатысты. Кәсіби-
педагогикалық бағытталу – доминантты мотивтер ж‰йесі: 
педагог тұлғасында кәсіби қызметке себеп болатын қызығу-
шылықтарды, қажеттіліктерді, бейімділіктерді оятушылар 
деп қарастырылады (В.А. Сластенин).  
Педагогикалық-кәсібилік бағыттылықтың қалыптасуының 
негізгі шарттары – оның өзінің педагогикалық бейімділігін 


29
ашуы және кәсіби құндылықтар бағытталуын қалыптастыру. 
(К.М. Маркова). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет