Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет39/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   141
 
Оқытушының имиджі 
 
Имидж (образ, тұлғаның сырт көрінісі, оның сыртқа әсері) - 
қайсыбір тұлғаның, заттың немесе құбылыстың образының 
мақсатты т‰рдегі басқаларға жарнама немесе әйгілі, атақты және т.б. 
болу ‰шін істейтін эмоционалды-психологиялық әрекеті [11]. 
Образ – т‰р, көрініс, бейне, ажар, тұрпат, көркем бір 
шындық туралы жалпылама қорытынды, белгілі бір құбылыс 
туралы анықтама деп қарастыруға болады. 
Имидж – өзің туралы әңгіме, өзіңнің қоғамда алып отырған 
орныңды көрсетуші (символ), кәсіпкерліктің қайсысына 
жататыныңды, қасиетіңіз, мінезіңіз, темпераментіңіз, талғамы-
ңыз, сіздің қаржыландырушылық м‰мкіндігіңіз, к‰йіңіз болып 
табылады [12]. 


75
Имидж – бұл динамикалық ж‰йе, өйткені ол адамның өзінің 
жетілдірілуі ‰шін ‰немі жұмыс істеуді талап етеді. Имиджге 
табиғи қасиеттер, кәсіби және ғұмырлық тәжірибеңіз, тұлғаның 
тәрбиесі мен білімділік дәрежесі әсер етеді. Имидждің негізін 
адамның с‰йкімділігі құрайды. Бұл – жинақталған ұғым. Бұл – 
адамның барлық жақсы қасиетін аккумуляциялайды және 
тұлғаның ақпараттық әлеуетінің (потенциалының) жиынтығын 
құрайды (В.М. Шепель). 
Адамның с‰йкімділігі, ажарлылығы дегеніміз – оның ком-
муникабельділігі, эмпатилігі, рефлексивтілігі, шешендігі, қызыл 
тілділігі, сонымен қатар сыртқы ажарлылығы, қызықтыру-
шылығы, жаңа жағдайларға оңай адаптацияланғыш, таныс емес 
ортада өзін сенімді сезінуі, басқаша ойлайтындарға шыдам-
дылық көрсетуі. 
С‰йкімділік, ажарлылық идеалында бұл – барлық тұлғалық-
іскерлік қасиеттері мен ептілігін, шеберлігін көрсете білу, яғни 
өзін-өзі презентациялауы. Бұл өзіңнің ең жақсы жақтарың мен 
(қырыңмен) басқаларда өзің туралы белгілі көзқарас қалыптас-
тыру ‰шін қажет көрсеткіштер. 
Тұлғаның имиджін жасауда өзек болатындар: 
- адамның әлеуметтік сипаттамасы, өзі тұратын қоғам 
талаптарына сай келуі; 
- символикалық сипаттар, анықтаушы дәст‰рлі мәдениет; 
- арнайы, нақты имидж иесін көрсетуші дербес сипаттама. 
Имидж қабылданған және қабылдана алмайтын болып 
бөлінеді, олардың әрқайсысының талаптары бар. Қабылдану 
процесі т‰сіну және пайымдаудан тұрады. Т‰сіну процесі 
әлеуметтік топтың коммуникативті ж‰йеге қатынас ерекшелік-
терімен (құндылықтар ж‰йесі) пайымдау - имидж қабылдаушы 
тұлғалардың мотивациялық-пайдаланушыларды сипаттаушы 
факторлары. 
Имиджді қабылдаудың ‰ш деңгейі бар: 
- биологиялық – жыныс, жас, денсаулық, темперамент, 
физикалық көрсеткіштері басты рөл атқарады; 
- психологиялық – ерік, ес, ойлау, мінез-құлық, қабілеттілік; 
- әлеуметтік – фактілер ж‰йесі. 
Имиджді 
жіктеуге 
негіз 
болатын 
м‰мкіндіктер 
(Л.К. Аверченко): 


76
- функционалдық – имиджді функциясына қарай жіктеу; 
- салыстырмалы – бір-біріне жақын имидждерді салыстыру; 
- контекстуалды – жақын имидждерді контекстеріне қарай 
жіктеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет