Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет47/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   141
 – пассивті – берілген қызметті ‰лгіге қарап, 
шаблонмен, нұсқаумен орындау. 
Төртінші деңгейде орындайтын қызметке кейбір ерекшелік-
тер енгізіп, жетілдіруге ұмтылу. 
Бесінші деңгей
– шығармашылық деңгей – орындайтын 
қызметті байытуға, жетілдіруге ұмтылу. 
Өзін-өзі анықтау дұрыс кәсіби адамның қызмет (баспал-
дақ) сатысында жылжуына әсер етеді, еңбекте ‰лкен табыс-
тарға жетуге, өзінің кәсіби өсуін іске асыруға ықпал етеді. 
"Кәсіби өсу" ұғымы тек "кәсіби жылжу", "карьера", "кәсіби 
шеберліктің өсуі", "кәсіби көтерілу", жоғарылау дегендер, 
шынымен, кәсіби өсудің тек кейбір жақтарын сипаттайды. 
Шын мәнінде, кәсіби өсуді кешенді процесс ретінде, бір-
бірімен тығыз байланыстағы прогрессивті өзгерістерді тұлғалық, 
заттық, функционалдық, әлеуметтік, субъектінің кәсіби қызметін-
дегі компоненттерінің жиынтығы деп қарастырған жөн. 
Педагогтың білімін жетілдіруі және кәсіби мәдениетін 
өзіндік тәрбиелеуі 
Оқытушы құзыреттілігін компетенттілігін, шеберлігін, кә-
сіпкерлігін кеңейтуі, сонымен бірге тұлғалық және кәсіпкерлік 
өсуі, оның өзін-өзі тәрбиелеуі мен білімін өзіндік жетілдіруінсіз 
м‰мкін емес екенін сезінуі қажет. Ғылыми танымның т‰рлі 
салалары бұл ұғымдарды өздігінше жорамалдайды. Өзін-өзі 
тәрбиелеу – бұл тұлғадағы оң қасиеттерді жетілдіретін адамның 
қызметі; өзін жетілдірудегі тәрбие жұмысы; тұлғаның өзін то-
лықтай көрсете білуіне бағытталған саналы қызметі; қойылған 
мақсатқа сай адамның өз тұлғасын қалыптастыруы. 
Өздігінен білім алуды ба
рлық анықтамалардың топтамасы 
ретінде былайша қарастыруға болады: өз бетімен алынатын 
білім, тұлғаның өзі реттейтін мақсатты бағытталған танымдық 
қызметі; тұлғаның ғылымның қайсыбір саласындағы техника-
дағы, мәдениеттегі ж‰йелі білімін өз бетімен өзгертуі; оқыту-


85
шының өзінің білімін тереңдетуге, бар білімін жетілдіруге және 
жаңасын алуға мақсатты бағытталған жұмысы. 
Өзін тәрбиелеу және өз бетімен білім алудың функция-
лары. Өзін тәрбиелеу және өз бетімен білім алу бір қатар функ-
циялар атқарады: 
алмастырғыш – адам өз бетімен оқу орнының бағдар-
ламасына сай білім меңгеріп, соңында мемлекеттік емтихан 
тапсырып құжат алады (мысалы, экстернат); 
толықтырушы – бұл жаңа білім оқу орыны бағдарла-
масынан тыс, оқу-әдістемелік орталықтарының оқу орында-
рында ұйымдастырған курстарынан өтіп сертификат алуы; 
байланыстырушы – пән аралық байланыстарды к‰шей-
туге бағытталған; 
интеграциялаушы – оқу процесіндегі дискретті қызмет-
терді бір тұтас процеске біріктіру; 
компенсаторлық – оқытушының басқа оқытушыларда бар 
функцияларды өзінің кәсібилігін жаңа ақпараттарды меңгеру 
және ой-өрісін кеңейту арқылы көтеру мақсатында игеруі; 
адаптациялаушы; 
дамытушы.  
Өз бетімен білім алу т‰рлері. Оларды өз бетінше өтетін 
сабақтардың т‰рлері деп қарастырады да белгілеріне қарай 
төмендегідей жіктеледі: 
- мақсатты бағытталған; 
- оқыту қызметінің формасы; 
- оқыту қызметінің мазмұны; 
- оқыту қызметінің әлеуметтік мақсаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет