Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет42/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141
Рефлексия типтері:
1. Тұлғалық-мазмұндық
2. Кооперативті; 
3. Коммуникативті; 
4. Интеллектуалды. 
Рефлексияның барлық типтерінің (т‰рлерінің) іске асыры-
луы ‰шін рефлексивті дағды қажет, ол – өз қызметінде өзінің 
тұлғалық-психологиялық ерекшеліктерін пайдалана отырып, 
өзінің психикалық к‰йін адекватты бағалай білу, сонымен қатар 
оқушы тұлғаның әр жақты тану және жан-жақты адекватты 
қабылдай білу. 
Сонымен, педагогикалық рефлексия педагогтың кәсіби құнды 
позитивті бағытын ынталандырады, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі 
бекіту жолдарын іздестіруге бағыттайды, жөнелтіледі, педагог пен 
студенттің тұлғасының творчестволық ашылуына себеп болады. 
Педагог рефлексиясы тәрбиеленуші тұлғаға зорлық көрсетуге, 
педагогпен студенттің санасымен манипу-ляция жасауға жол 
бермейді. 
Педагогикалық этиканың методологиялық негіздері 
Педагогтың кәсіби мәдениеті, оның кәсіби портреті ұнамды 
қасиеттердің бай спектрінің болуын ұйғарады, олардың ішінде 
орталықтағысы өнегелік қасиеттері, оқушыларға деген с‰йіспен-


79
шілік, олармен ортақ тіл табыса білу, ынтымақтасу, жақсы 
қатынаста болу, әділ, ұятты болу. Бұл – педагогтың өнегелігінің, 
мәдениетінің негізі, ал ол субъект-субъект қатынасының іргетасын 
қалау, тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қатынастың берік 
орнауына, сондықтан да педагогтың педагогикалық этиканың 
негіздерін білу қажеттігі айқындалады. 
Этика – мораль туралы ілім, мінез-құлық, олардың нормалары 
мен философиялық пән ретінде қоғамдағы рөлі және идеологиялар 
т‰рінің бірі, кәсіби немесе қоғамдағы топтың мінез-құлықтық және 
ж‰ріс-тұрыс нормаларының жиынтық ж‰йесі [11]. 
Мораль – салт, дәст‰р, сән, мінез-құлық, тұлғаның өз 
құндылығын бекіттіруіне бағытталған қоғамдық категория. 
Мораль, д‰ниеге қатынастың нормативті-құндылықтар 
формасы т‰рінде, адамның рухани-практикалық қызметі нәти-
жесінде қалыптасуын және оны ерекше т‰рде аңғарылуын 
қамтамасыз етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет