Шеберлік негіздері


Педагогтың тұлға ретінде өсуінің мазмұндық жағы



Pdf көрінісі
бет45/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   141
Педагогтың тұлға ретінде өсуінің мазмұндық жағы. 
Қызметтік-тұлғалық жол тұлғаның өсу негізін құрайтын, негізгі 
құрылымдық компоненттеріне сай келетін келесі элементтерін 
бөліп қарастырайық: өзін-өзі тану, өзін оятуы, тұлғалық және 
кәсіби өсуін жоспарлау, өзін-өзі өткізу. Өзін-өзі тану – бұл 
өзінің өзін тануы [13]. 
Өзін-өзі тану өзінің м‰мкіндіктерін, к‰шті және әлсіз жақ-
тарын анықтауға бағытталған. Бұл басқа адамдармен қарым-
қатынасы жағдайында, олармен араласып-хабарласу барысында, 
бірге қызмет атқару кезінде, адам өзінің сенсорлық қабілетті-
лігін ұйымдастыру м‰мкіндігі пайда болған кезде, байқағышты-


82
ғы, аңғарғыштығы, есте сақтау, ойлау операцияларының ерек-
шеліктері және сөйлеуі, шығармашылық қиялмен қайта жаңғыр-
ту дәрежесі, инабаттылық көрсеткіші ретінде сана-сезімінің да-
мығандығы, мінезінің оң және кері жақтары, сонымен бірге 
жалпы және арнайы қабілеттілігін анықтау. 
Бұл процесс ерекше к‰рделі: 
- өзін-өзі тануға бастамас бұрын адам белгілі материал 
жинауы қажет; 
- сол тәжірибені жинақтау ‰шін адамның белгілі бір іспен 
шұғылдануы, немесе қызметінің болуы қажет; 
- адам – ол өзі жетілуші ж‰йе, сондықтан өзін-өзі тану 
‰немі өз объектісінен кейін қалып отырады; 
- өзін-өзі тану процесі адам ‰шін субъективті мәні бар 
нәрсе, өйткені өзі туралы деректерді алған соң ол өзін өзгертуге 
тырысады. 
Өзін-өзі аңғарғыштығы (бақылаушылығы) – бұл адамның 
өзінің психологиялық өмірінің ішкі жоспарын бақылауы, оның 
көрінісін – байқалуын ойлауы және сезім көріністерін көріп, 
бекітуі. Оның екі жағы болады: ішкі және сыртқы [22] кез 
келген қызметті атқару барысында адам оларды сырттан өзін 
бақылап отырғандай болып көрінеді, ол жұмыс нәтижесін өзінің 
мақсат-м‰дделерімен салыстырады әрі осы кезде ол өзінің 
психикасын таниды, оның даралық ерекшеліктерін ‰йренеді. 
Өзін-өзі бақылаушылықтың екі т‰рі болады: 
- тікелей, адам өзін-өзі тікелей нақты бір жағдайда бақылауы; 
- ретроспективті – адам өзінің істегенін бір апта, бір ай 
өткен соң белгілі жағдайға қатысып анықтап бағалайды. 
Өзін-өзі танудың енді бір әдісі – ол өзін-өзі талдауы, оның 
көмегімен өзінің практикалық қызметін талдап бағалайды, 
қорытынды жинайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет