Шеберлік негіздері


Педагогикалық абырой деңгейлерінің жіктелуі



Pdf көрінісі
бет51/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   141
Педагогикалық абырой деңгейлерінің жіктелуі 
Педагог қызметінің ерекшелігі негізінде оның шешетін мақ-
сат міндеттеріне байланысты абыройды деңгейлік жіктелуге 
қарай келесі деңгейлерге бөледі: 
- позициялық, формальды деңгейді білдіреді. Оның негізін 
педагогтың билігі құзырындағы функциялық қызметіндегі мін-
деттері құрайды; 
- функционалдық, формальды емес деңгейді көрсетуші. Ол 
педагог жағынан кәсібилілік деңгейінің өлшемімен анықталады; 
- тұлғалық – бұл да абыройдың формальды емес деңгейіне 
жатады. 
Жоғарыда көрсетілгендерге қосымша педагогтың тұлғалық 
сапаларына қосылады. 
Абыройлық феномен оның функцияларында көрініс алады: 
бағыттаушы, ақпараттық, методологиялық, бағдарлаушы, соны-
мен бірге бақылаушы және бағалаушы, коммуникативті және 
әлеуметтендіруші. 


93
Жалпы білім беру процесінің тиімділігіне абыройдың 
әсерін атап кетейік: 
- білім беру қызметін жалпы оптималдай т‰седі, өйткені 
оқу материалын мазмұндау кезінде абыройға тікелей бағыттау 
уақытты ‰немдейді, жігерлендіреді, оқыту қарқынын ‰детеді, 
материалды меңгеруге қажетті қосымша уақытты табуға м‰м-
кіндік береді; 
- абыройды аты-жөніне қарай, олардың қызығушылық жә-
не ғылыми проблемаларымен жарияланған еңбектеріне қарай 
нақтылау ақпараттық іздестіруді қамтамасыз етеді; 
- абырой ескіні нивелирлеудің жылдамдығын тежейді, сөй-
тіп, жаңаны дәлелдеудің жеткіліксіздігімен ‰стірттігін т‰сінуге 
көмектеседі; 
- абырой пәнаралық әсерлесу формасы болып та көрініс 
алады, өйткені педагогтың м‰мкіндіктерінің объективті шектеу-
лілігі, пәндік білімдердің барлық саласында бірдей компетентті 
бола білуге м‰мкіндік бермейді, ол абыройға с‰йену бұл кемші-
лікті компенсациялауға жол ашады; 
- абыройдың плюролистілігі авторитаризмнің пайда болуы-
на, қайсыбір тұлғаның немесе теорияның ‰стемдік құруына 
кедергі болады. 
Дегенмен білім беруде абыройдың позитивті рөліне ондағы 
шектен тыс орталықтандырудың, сынаудың кемшілігі кедергі 
болады. 
Педагогикалық зерттеулерде нағыз және жалған абырой фе-
номендері ажыратылып көрсетіледі немесе қандай т‰рде 
болмасын зорлыққа негізделген жалаң абыройдың көрініс алуы 
байқалады. 
Жалған абыройдың көптеген т‰рлері болатынын Макаренко 
айтқан. Басымшылдық абыройы. Бұл террор абыройы, барлық 
тәрбиелік әсерлер қорқытуға, көргенсіздікке, дөрекі, жәбірлеуге 
бағытталған. Педагог ‰немі өзінің өктемдігін, артықшылығын, 
демонстрациялай отырып, студенттерді ‰немі жазаландыру 
м‰мкіндігімен қорқынышта ұстайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет