Шеберлік негіздері


Дамытушы педагогикалық әсерлесу



Pdf көрінісі
бет83/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   141
Дамытушы педагогикалық әсерлесу - әмбебап және объек-
тивті оқытудың дамытушы формасы ретінде анықталады. 
Мәдениеттану ретінде осы заманғы сабақ бір тұлғаның феномені 
басқасын сыйлау принциптерін баяндайды. Тәуелсіздікті таңдау 


137
негізінде төмендегідей міндет айқындалады: «Жұмыс істемеуге 
болмайды, басқасының м‰ддесіне қол сұқпау». 
Дамытушы педагогикалық әрекеттесу – оқу процесін 
дамытудың объективті және әмбебап формасы, оқушы мен 
оқытушының бір-біріне әсері, олардың бір-бірімен байланыс-
тылығы және когнетивті, психикалық жан к‰йімен анықталады. 
Дамытушы әрекеттесу бірнеше құраушылардың бірлесуі 
деп қарастырылуы м‰мкін: қарым-қатынас сапасын анықтаушы 
мазмұн, дамытушы жағдай; әрекеттесу процесі; тұлғаның 
әрекеттесуге психологиялық дайындығы мен ішкі позициясы 
болып төмендегі компоненттерден тұрады когнитивті; гностика-
лық, эмоционалдық – еріктік және бағалау [19]. 
Субъективтілер әрекеттесуінің ерекше формасы ретінде 
ынтымақтастық феномені айқындалады. «Ынтымақтастық» 
термині педагогикалық практикада соңғы онжылдықта жиі 
қолданылуда. «Педагогикалық ынтамақтастық» ұғымы әлде-
қайда жиі кездеседі. Субъектаралық қатынастар қатысушы-
лардың арасындағы ‰немі козғалыста, тартыс пен пікір-
таластардың болуымен оң эмоционалдық к‰йдің қалыптасуы 
нәтижесінде ынтымақтастық дамиды. 
Ынтымақтастық әрекеттесудің мазмұндық сипаттамасы 
ретінде, жеке тәжірибенің көзі ретінде де көрініс алады. Білім 
берудегі ынтымақтастық бірнеше белгілерімен сипатталады. 
1. Даму мен тәрбие беру ынтымақтастықпен қойылған 
мақсатқа бір ж‰йелі қатынастар арқылы, яғни бір сабақта жету 
арқылы орындалуы. Әрекеттесуші барлық қатысушылар ‰шін 
оларды (ізденіске жұмылдырушы, біріктіруші, бірақ әрт‰рлі 
көзқарасты бақылаушы.
2. Ынтымақтастықтағы бірпәнділік ‰немі сыңаржақты 
болғандықтан қатысушы тараптар арасында тұрақты т‰сіну-
шіліктің болуы шарт. 
3. Бірпәнділік ынтамақтастықтықты сақтау және к‰шейту 
екі жақты болуы тиіс. Оқытушы және студент білім беру әре-
кетінде инициативалық болуы қажет, өйткені инициативалық 
білім берудегі еркіндік болып табылады.
Ынтымақтастық әсерлесуші жақтардың психологиялық 
позицияларының симметриялылығын көрсетеді, сондықтан бұл 


138
ұғым бірлесуді, кооперациялауды және жарысуды қамтитын 
«партнерлық» терминімен мағыналаста қолдануға болады. 
Оқытушы ‰шін білім беру қызметі ішіндегі позициямен 
сипатталады, онда ол дамушы ортаны ұйымдастырушы, кеңесші 
(консультант), әлеуметтік мәдениеттік тәжірибе мен студент 
арасындағы байланыстырушы, делдал ретінде көрініс алады. 
Оқу процесіндегі әрекеттесуде оқытушының рөлі фасилитатор-
дың рөлі сияқты ашықтық принципі негізінде: «Мен 
педагогпын, бірақ мен адаммын», сенімділік: «қабылдау, мәнін 
көтеру, марапаттау, құптау» және эмпатий: «басқаның к‰йінде, 
киімінде тұру» құрылған. Педагогтың студенттермен қаты-
насындағы фасилитаторлық позицияда болуы оқытушының 
оқушылар алдындағы беделінің жоғары көтерудегі сенім-
ділігінің құндылығы болып табылады. 
Ынтымақтастық тиімділігі рұқсат беруші, яғни әркімнің 
және барлығының жұмыс істеуі: әрқайсысының ой-пікірінің 
құнды екені; әрқайсының жетістігінің қуантуы; қатысқаны ‰шін 
әрқайсысының әрқайсысына риза екені; өткізілген сабақ туралы 
әрқайсысы өз пікірін айта алатыны; барлығы оқытушыға 
сенетінін анықтаушылық принципінің дамуын жылдамдатады. 
Ынтымақтастық интербелсенді (интерактивті) оқытудың негізін 
құрайды. Интербелсенді оқытудың негізін ынтымақтастық 
құрайды, тілдесуге терең ену ретінде қарастырылады. Ол 
оқушылардың тәжірибені меңгерудің шынайы алаңы болатын 
оқу материалымен тікелей әрекеттесуіне негізделген. 
Интербелсенді оқыту әдісінде әрекеттесу механизмі өзгереді. 
Белсенділік оқытушыдан оқушыға қарай ығысады, ол физикалық 
белсенділікте көрінеді – жұмыс істеу құралдары мен орнын 
таңдауда; әлеуметтікте – пікір алмасу, сұрақтар қойып олардан 
жауап алу; танымдық – мәселені өз бетімен шеше білу, оған толық 
жауап берудің қосымша жолдарын іздестірумен анықталады. 
Интербелсенді оқытудағы әсерлесудің негізін диалогтық 
форма құрайды. Әрі паритетті диалог және теңдік негізіндегі 
әңгімелесудің болуын қамтамасыз етуде. 
Қазіргі заманғы сабақ беру мәдениетінің нағыз іске асу 
ретінде педагогикалық қызметтің режиссурасын айтуға болады. 
Педагогикалық әрекеттің режиссуралық сипаттамасына қысқа-
ша тоқталмай тұрып оқытушының тұлғасына қойылатын талап-


139
тарға тоқталып өтейік. Өйткені сахнада актердың негізгі фигура 
болғанындай оқытушы да негізгі алып ж‰руші, өз сабағын 
қоюшы режиссер болып табылады. Студенттерге әсер етуші 
құрал ретінде оқытушы тұлғасы бірнеше шарттарды орындау 
арқылы қабылданады: 
• педагогтың студенттің тұлға ретінде сыйлау принципі, 
яғни бірге жұмыс жасауға бағытталған кәсіби партнерлық; 
• сабақты дайындауда және өткізуде актерлік және ре-
жиссерлық шеберліктердің элементтерін пайдалану; 
• педагогтың өзін ұсыну техникасын меңгеруі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет