Экологиялық психопедагогиканың қалыптасуы 90-жылдардың ортасына таман елімізде экологиялық психо-
логияда ж‰ргізілген зерттеулердің пайда болуы экологиялық білім
берудің дамуында маңызды рөл атқарды. Оның нәтижелері
тұлғаның экологиялық санасының даму ерекшеліктерін, қалып-
тасу механизмін, ал ол экологиялық білім берудің педагогикалық
процесі мен экологиялық санының қалыптасуы арасындағы нақты
сәйкестік байланысты көруге м‰мкіндік береді.
Мұның барлығы педагогикалық ғылымда жаңа әдіснамалық
бағыт – экологиялық психопедагогиканың пайда болуына негіз
болды.
Экологиялық психопедагогика – бұл педагогикадағы
экологиялық білім берудің мазмұнын тандау критерийлері
шеңберінде оның принциптерін әдістері мен формаларын
дайындаудың әдіснамалық бағыты болып табылады.
Экологиялық психопедагогика ‰ш ғылыми пәннің
– экология, экологиялық психология және педагогиканың
– ұшырасуымен пайда болды (1-сызбанұсқа).
Экология экологиялық дағдарыстың әкелген жалпы мәселе-
лерін көрсетуі нәтижесінде психопедагогика экологиялық білім
берудің нақты мазмұнын білім жиынтығын, білік пен қабілет-
терді меңгеруге дайындайды.
148
Экологиялық психология тұлғаның экологиялық санасы-
ның даму механизмдері мен заңдылықтары туралы алғашқы
мағлұматты береді, ал оның негізінде экологиялық психопеда-
гогика процесті педагогикада басқарудың нақты ерекше
принциптері мен әдістерін дайындайды.
Педагогика жалпы педагогикалық принциптер мен әдістер-
ді, сонымен бірге экологиялық білім мәселелерін шешудің пси-
хопедагогикалық экологияның қолданатын ұйымдастыру фор-
маларын анықтайды (1-сызбанұсқа).
1-сызбанұсқа Экологиялық психопедагогиканың пәнаралық сипаты Сонымен, экологиялық психопедагогика шеңберінде инте-
грацияланған өзінің ‰ш негізінің бірлігінде – экология, эколо-
гиялық психология және педагогика – экологиялық білім беру
тиімді орындалуы м‰мкін болады. Экологиялық білім берудің
бірінші міндеті – тұлғада адекватты экологиялық алғашқы ұғымдар
ж‰йесін қалыптастыру.
Экологиялық тұлғаның маңызды сипаттамасы – табиғат
әлемінде психологиялық қатынасы, ал ол көбінесе экологиялық
психопедагогика тұрғысынан онда бар экологиялық ұғымдар
ж‰йесінің болуымен т‰сіндіріледі.
Осыған байланысты экологиялық білім берудің бұл
міндетті шешуде басты нысаны – тұлғада адам мен табиғаттың
Э К О Л О Г И Я
Экологиялық
білім
беру мазмұны
П Е Д А Г О Г И К А
Жалпы педагогикалық
принциптер, əдістер
жəне
формалар
Э К О Л О Г И Я Л ЫҚ
П С И Х О Л О Г И Я
Ерекше принциптер
мен
əдістер
149
бірлігінің төмендегі негізгі тұжырымдарға с‰йенетіні туралы
т‰сінікті қалыптастыру.