Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет97/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   141
Бірінші кезең (этап). Қатысушылар алынған нәтижелер 
негізінде ойын топтарын қалыптастырады. Ойын топтарының 
атауларының ‰лгісі «Мен ең с‰йкімді және тартымдымын», 
«Мен өз борышымды атқарып ж‰рмін», «Менің білімім тәрбие 
игілігі ‰шін» және т.б. 
Екінші кезең. Ойын микро топтары арасында диаг-
ностикалау нәтижелері талданып, оның негізінде коллективтік 
пікір қалыптастырылады және оны ұсыну формалары таңда-
лады. 
‡шінші кезең. Әрбір ойын тобының коллективтік ойынның 
презентациясы. Кәсіби қызметтің тиімділігін бекіту немесе 
арттыру ‰шін және негативті жақтарын алып тастау жолдарын 
ұсыну. 
Төртінші кезең. Ойын қорытындысын шығару, алынған 
нәтижелерді талдау. Ойын рефлексиясы: әрт‰рлі категориядағы 
педагог қызметкерлердің кәсіби бағыты мен мотивінің жалпы 


161
көрінісін жасай білдік пе? Әрбір қатысушы педагог қызметін 
өзінің таңдауының мотивациясын қаншалықты сезіне білді? 
 
Диагностикалық әдістемелер 
 
1. Сұрақтар парағы сауалнама: «Табыс мотивациясы 
және сәтсіздік қорқынышы». 
 Нұсқау: сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген жауап беріңіз; 
сұрақтарға ұзақ ойланбай жылдам жауап берген жөн. Ойға 
алғаш келген жауап әдетте тура болады. 
Сұрақтар парағы, мәтіні: 
1. Жұмысқа кірісерде табысты болатынына оптимистше 
сенім артамын 
2. Қызметімде белсендімін. 
3. Инициатива көрсетуге бейіммін. 
4. Жауапты тапсырмалар орындауда м‰мкіндігінше 
оларды орындамау ‰шін себеп іздеймін. 
5. Көбінесе жеңіл тапсырмаларды немесе қиын емес 
тапсырмаларды таңдаймын. 
6. Қиындықтармен кездескенде олардан бас тартпаймын
керісінше оларды өту жолдарын іздестіремін. 
7. Табыс пен сәтсіздіктер алмасып келгенде өз м‰мкін-
дігімді көтермелеп жоғары бағалауға бейіммін. 
8. Қызметімнің жемістілігі, негізінен, сырттан жасалатын 
бақылауға емес, өзімнің мақсаттылығыма байланысты деп 
санаймын. 
9. Жетерліктей қиын тапсырманы орындау кезінде уа-
қыттың аздығы қызмет нәтижесін нашарлатады. 
10. Мақсатқа жетуде табандылық көрсете аламын. 
11. Өзімнің болашағымды әжептәуір ұзақ перспективаға 
жоспарлауға бейіммін. 
12. Егер тәуекелге баратын болсам қалай болса солай 
болсын деп емес, ақылмен істеймін. 
13. Мақсатқа жетуде, әсіресе сыртқы бақылау болмаса 
онша табанды емеспін. 
14. Алдыма өте қиын емес немесе орта салмақты, бірақ өте 
алатын реалды мақсаттар қоюды таңдаймын. 


162
15. Тапсырманы орындаудағы сәтсіздік оның тартымды- 
лығын төмендетеді. 
16. Табыс пен сәтсіздіктің кезектесуінде өз сәтсіздігімді 
асыра бағалаймын. 
17. Өз келешегімді тек жақын болашаққа жоспарлаймын. 
18. Тапсырма ауыр болса да, оны орындау кезінде уақыт-
тың жетіспеуі қызмет нәтижесін жақсартады. 
19. Сәтсіздікке ұшырасам да, тапсырманы орындаудан 
әдетте бас тартпаймын 
20. Егер тапсырманы өзім таңдаған болсам, сәтсіздік жағ-
дайында оның тартымдылығы өседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет