Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет98/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   141
Сұрақтар қағазының кілті: 
Иә: 1, 2, 3, 6, 8, 10, 11, 12, 14, 16, 18, 19, 20. 
Жоқ: 4, 5, 7, 9, 13, 15, 17. 
Нәтижелерді өңдеу: Тексерілушінің жауабының кілт-
тегімен сәйкес келген жауапқа бір ұпай беріледі. Барлық ұпай 
саны есептеледі. 
Егер алынған ұпай саны 1 мен 7 аралығында болса, онда 
мотивация диагностикасы сәтсіз болады (сәтсіздік қорқы- 
нышы). 
Егер алынған ұпай саны 8 бен 13 аралығында болса, онда 
мотивациялық полюс айқын емес. Ол Адам сенімсіз, табысқа 
‰мітсіз. 
Егер алынған балл саны 14 пен 20 аралығында болса, онда 
мотивация сәтті болып диагностикаланады (табысқа ‰міткер). 
2. Мақұлдау мотивациясын өзіндік бағалау шкаласы. 
Нұсқау: төменде келтірілген пайымдаулардың әрқайсысын 
ұқыпты оқып алыңыз. Егер олар сіздің мінезіңіздің 
ерекшеліктеріне сәйкес деп тапсаңыз «иә», егер сай болмаса 
«жоқ» жауабын жазыңыз. 
1. Кітапханаға кітаптарды қайтармас бұрын мен олардың 
әрқайсысын мұқият оқимын. 
2. Біреуге көмек көрсеткенде мен оны еш к‰діксіз істеймін. 
3. Мен қалай киінетініме ‰немі көңіл бөлемін. 
4. ‡йде тамақ ішкенде асханада отырғандай отырамын. 
5. Менің ешқашан ешкімге антипатиям болмайды. 


163
6. Өз к‰шіме сенбегендіктен бір рет мен бір істі істемей 
тастаған жағдай болған. 
7. Мен кейде қасымызда жоқ адамдар туралы сөз еткенді 
жақсы көремін. 
8. Қарсыласым кім болса да мен оны мұқият тыңдаймын. 
9. Өзімді ақтау ‰шін бір қомақты себеп ойлаған жағдайым 
болған. 
10. Адамның ақаулығын пайдаланған кезім болған. 
11. Өз қатемді әрқашан мойындауды жақсы көрем. 
12. Кейде адам қатесін кешірудің орнына, мен оған 
сондаймен жауап беремін. 
13. Менің айтқанымның істелуін талап еткен жағдайым 
болған. 
14. Менен көмек сұрағанда, оған менен неге сұрайсыңдар 
деген ішкі қарсылығым болмайды. 
15. Менің пікіріме қарсы пікірлер айтылуына менің 
ешқандай ренішім болмайды. 
16. Ұзақ мерзімді жолға шығар алдында не алатынымды 
мұқият ойластырамын. 
17. Басқалардың жетістіктеріне қызғанышым болған. 
18. Кейде біреулердің сұрақтармен маған келіп сұрауы мені 
ашуландырады. 
19. Адамдарда жағымсыз жағдайлардың болуын кейде 
сендерге сауап солай болғаны дұрыс болды деп ойлаймын. 
20. Жағымсыз нәрселерді мен ешқашан к‰лімсіреп айтқан 
емеспін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет