Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет95/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   141
V БӨЛІМ 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ 
ПРАКТИКУМЫ 
 
Семинар сабақтарының әдістемесі 
Семинар сабақтарында т‰рлі білім көздерімен жұмыс істеу 
дағдысының дамуына ерекше көңіл бөлу, озат педагогикалық 
тәжірибелі оқытушылар жұмыстарын талдау және қорытындылау, 
мәселені таба білу және оның шешу жолдарын ұсыну. Сондықтан 
алдын ала бірігіп талқылынған мәселелерді қорыту дәст‰рлі 
семинар сабақ т‰рлері сияқты емес, практикалық мәні бар мәселелі 
семинарларды ұсынуға аса көңіл бөлінген. 
Мәселе семинар тақырыбының атына, оқу қызметін ұйым-
дастыру т‰ріне және оқыту әдісіне кіргізіледі. Пікірталастың 
(дискуссия) бірнеше т‰рін қолданып көру жақсы нәтиже 
беретіні анық. Мысалы, "Оқытушының дербес стилін қалып-
тастыру мәселелері", "Педагогикалық технология дегеніміз не 
және ол оқытушыға неліктен қажет?", "Баланы қалай с‰ю 
керек?" және т.б. тақырыптар бойынша семинар өткізіп, нәтиже-
лі тәжірибе алуға болады. 
Кейбір семинар сабақтары ғылыми-практикалық конфе-
ренция, оқу-әдістемелік және ғылыми семинарлар, педаго-
гикалық консилиум т‰рінде өткізілуі м‰мкін. 
Семинар сабағына дайындық бірнеше сатыдан (этаптан) 
тұрады: 
1. Теориялық – ұсынылған әдебиетпен таныстырылады
конспектілер, рефераттар, баяндамалар дайындалады. 
2. Теория-практикалық – нақты материалмен теориялық 
білімді толықтырады, студенттер мұндағы қызметті практика-
лық тапсырма нәтижелерін семинар сабақтарында бейнекөрі-
ніс, диаграмма, кесте, аннотация және т.б. т‰рінде бекітеді. 
3. Презентациялық - студент аудитория алдында баяндама 
жасау тактикасын ойластырады. 
4. Аналитикалық - ұсынылған семинар сабағының тақы-
рыбын талдау әдісін ‰йренеді. 
 


157
Тренинг сабақтарының әдістемесі 
Тренинг сабақтарын өткізу - ол адамның мінезі мен 
қызметін басқару моделін жетілдіру. 
Тренинг мақсаты – мамандардың әлеуметтік психологияға 
көзқарасын кеңейту және олардың оқушылармен этикалық 
қарым-қатынас деңгейін көтеру, эмпатийлігін, рефлексиясын 
позитивті бағыттауды қалыптастыру. 
Мазмұны жағынан тренингтік сабақтар белгілі бір 
тақырыптың логикасымен байланыста, қысқа мерзімді сипатта 
болатын, әдістеме негізіне синтетикалық келіс алынғандықтан, 
кәсіби оқытудың әрт‰рлі әдістерін қолдануға м‰мкіндік береді. 
Сабақта психокоррекциялық және тренингтік сабақтар оқыту 
контекстін ‰ш бағытта бекітеді: 
1. Ол білім береді және оны пайдалануға м‰мкіндік береді. 
2. Дағдыны алуға немесе коррекциялауға м‰мкіндік береді. 
3. Кез келген тренингтік сабақ тұлғаның немесе болашақ 
кәсіпкердің кәсіби позициясының мақсаттарын, мотивтерін 
сезіндіреді. 
Оқыту формасы ретінде тренингтік сабақтардың айрықша 
белгілеріне: 
- топтағы тұрақты оқушы немесе қатысушылар саны (10-12 
адам); 
- тренингке қатысушының тұлға дамуындағы дербес және 
кәсіби жетілуі ‰шін қажетті белгілі бір білім және практикалық 
дағды жиынтығын алуға бағытталуы; 
- қатысушылар арасындағы еркін қарым-қатынас, ой 
еркіндігі, психологиялық қауіпсіздік. 
Тренинг сабақтарының негізін мына принциптер құрайды: 
1. Өзара әрекетті (әрекеттесуді) диалогтандыру, тренинг 
м‰шелерінің бір-біріне сыйластыққа негізделген тұлғалар 
арасындағы тең құқылы, толыққанды қарым-қатынас. 
2. Кері байланыс, яғни тренинг м‰шелерінің бір-бірімен, 
басқа м‰шелерден тренингтегі олардың істеген жұмыстары 
туралы ақпарат алмасуы. 
3. Шығармашылық, зерттеу позициясы, яғни өзін және 
бірін-бірі оқытуға нұсқау беру. Бұл тренинг м‰шелерінде 


158
мінездің жаңа моделін қалыптастыру, өзінің кәсіби-тұлғалық 
қасиеттерінің ашылуы. 
4. Эмоционалдық және интеллектуалдық салалардың 
гармонизациялануы, яғни тренинг м‰шелерінің эмоционалдық 
к‰йлеріне көңіл бөлуі. 
5. Қатысу еріктілігі, яғни тапсырманы орындауда жауап 
берілетін сұрақтарды таңдап алу еркі. 
Бұл принциптер тренинг м‰шелерінің келесі нормалар мен 
ережелерді орындауына м‰мкіндік береді: 
- белсенділік; 
- конфеденциалдылық; 
- "жоқ" деп айта білу; 
- алдамау; 
- қостау, жәрдем беру; 
- барлығына қатысу; 
- жеке пікір құқығы; 
- басынан аяғына дейін жұмыс істеу; 
- қазір және осы жерде болып жатқаны туралы өз атынан 
сөйлеу. 
Тренинг сабақтарын дайындаудың негізгі сәттері: 
1. Тренинг мақсаттарын анықтау. 
2. Тренингті жобалау. 
3. Оқыту климатын жасау. 
Әрбір тренинг сабақтарының келесі алгоритмі болады: 
1. Оқытушының немесе жетекшінің сабақтың тақырыбы 
мен мақсатын айтуы. 
2. Қатысушылардың амандасуы. 
3. Тақырып бойынша жаттығулар ж‰йесін орындау. 
4. Сабақтың рефлексиясы. 
5. Сабақты талдау. 
6. ‡йге тапсырма. 
Оқу тренингтерін ұйымдастыруда оқытушы мынадай 
қиындықтармен кездесуі м‰мкін: 
1. Студенттердің тренингтің мәнін толық білмеуі. 
2. Уақыттың шектеулі болуы толық жауап алуға кедергі 
болады. 
3. Сабақ м‰шелерінің рухани салада дамуы туралы 
мәселелерін ж‰зеге асыруда өте к‰рделі болып көрінеді. 


159
4. Жеке студенттер арасындағы достығы және симпатиясы 
жұмыстың ашықтық, адалдық принципінің бұзылуына себеп 
болады, өйткені өз ақпаратын полемикаға кірмей қорғап қалу. 
Бұл қиындықтар әсерін азайту ‰шін (нивелирлеу) студент-
терге "Тренингтер к‰нделігін" ж‰ргізу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет