Схема Пейсмекердің әрекет потенциалы


И. П. Павлов бойынша талдағыштардың бөлімдерінің сипаттамасы



бет5/8
Дата03.12.2023
өлшемі1,23 Mb.
#133130
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ

И. П. Павлов бойынша талдағыштардың бөлімдерінің сипаттамасы.
Әртүрлі сыртқы және ішкі әсерлерді қабылдау және ол ақпараттарды өңдеу арнайы сезімтал жүйелері – талдағыштар арқылы жүзеге асырылады. Талдағыштар немесе сезім жүйесі дегеніміз арнайы қабылдағыш (рецепторлардан), аралық және орталық жүйке жасушаларынан, оларды байланыстыратын арнаулы талшықтарынан тұратын жүйке жүйесінің күрделі бөлігі. Сезім жүйесінде қабыланған ақпараттар қозу толқындарына айналып, үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі аймақтарына жетіп ажыратылады. Бұл жерде ең жоғарғы анализ және синтез жасалынады. Талдағыштар туралы ілімді әлемге әйгілі орыс физиологы И.П.Павлов ашты. Ол, ең бірінші болып, талдағыштың үш бөліктен тұратынын айтты:

  • рецепторлық (шеткі бөлімі),

  • өткізгіш жолдары (аралық бөлім),

  • соңында афференттік сигналды қабылдайтын үлкен ми сыңарларының қыртысы (орталық бөлімі).

Талдағыштардың әлем тануда өте зор мәні бар. И.М.Сеченовтың айтуы бойынша, талдағыш дегеніміз – мидың сезіну жүйесі. Өйткені әрбір психикалық іс-әрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туындайды. Сыртқы дүниені тану әрдайым сезуден басталады. Ал сезу түйсікті қалыптастырады, сезу мен түйсік арқасында түсінік пайда болады. Сөйтіп, сезу, түйсік, түсінік таным удерістерінің алғашқы кезеңдері. Олар нақтылы ойлауды қалыптастырады.
Талдағыштың бөлімдері: шеткі, аралық және орталық. Талдағыштың шеткі бөлімі Қабылдағыштар (рецепторлар) сыртқы әсерлер мен организмнің ішкі өзгерістерін қабылдайтын, оларды ерекше сезетін, алғашқы талдаудан өткізіп, қозу толқынын тудыратын (рецепторлық потенциал) және оларды әрі қарай өткізуге икемделген, эволюциялық дамуда толық бейімделген организмнің арнайы құрылымдары. Әрбір рецептор тітіркендірістің белгілі бір түрлерін ерекше сезеді, яғни қозғыштығы өте жоғары, сондықтан үйреншікті тітіркендірудің аз мөлшеріне өте сезімтал болады.
Талдағыштың өткізгіш бөлімі. Өткізгіш бөлімі - қабылдағыштардан келетін ақпаратты өңдеуде өткізгіш жолдарының мәні зор. Барлық талдағыштардың өткізгіш бөліміне орталыққа тебетін жолдар мен олар байланысатын орталық ядролар жатады. Мысалы, жұлынның өткізгіш жолдары, таламустың әртүрлі ядролары мен ми қыртысының белгілі аймақтары. Сонымен қатар торлы құрылым, лимбиялық жүйе және мишық қатысады. Сезім жүйесінің афференттік жолдары арнамалы және бейарнамалы болып екіге бөлінеді. Арнамалы жүйеге тек бір ғана сезімді жеткізетін (сипап сезу, көру, есту) құрылымдар жатады. Бейарнамалы жүйе – бірнеше сезімдерді қабылдап өткізетін жолдар (торлы құрылым, таламус ядролары). Бұл жүйе ми қыртысының барлық аймақтарымен шашыраңқы байланыс жасайды.
Талдағыштың орталық бөлімі. Орталық бөлімі - өткізгіш жолдары арқылы сезім ақпараттары ми қыртысының проекциялық (жобаланыс) және ұласқан (ассоциативтік) аймақтарына жетеді. Ми қыртысында әрбір талдағыштың белгілі орталығы бар. Бұл орталықтарда жоғарғы анализ және синтез жасалады. Мысалы, көру талдағышы ми қыртысының шүйде, есту - самай, қимыл – төбе аймақтарында орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет