Схема Пейсмекердің әрекет потенциалы



бет2/8
Дата03.12.2023
өлшемі1,23 Mb.
#133130
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ

Қозғыштықтың кезеңдері
Бұл қозғалыс жүйесінің негізгі бөлімі болып саналады. Қозғалыс талдағышының шеткі бөлімі бұлшықеттерде, олардың сыртындағы дәнекер қабықшаларда, сіңірлер мен буын қалталарында орналасқан проприорецепторлардан тұрады. Олар ет пен бүкіл қозғалыс аппаратының жиырылу немесе босаңсу дәрежесі туралы, солар арқылы дене тұлғасының кез келген бөлігінің кеңістіктегі орны мен қалпын білдіреді. Қозғалыс қабылдағыштары ет ұршығында, етке жабысқан сіңірлерде орналасады. Ет ұршығы дәнекер қабықшамен қапталған интрафузалық (ұршық ішіндегі) талшықтардан тұрады. Қаңқа еттеріне жабысқан сіңірлерде ерекше қабылдағыштар – Гольджи мүшелері табылған. Ұршық ішіндегі және сіңір мүшесііндегі қабылдағыштар көлденең жолақты еттердің барлығында да болады. Алайда интрафузалық қабылдағыш нәзік қимыл атқаратын ұсақ еттерде көп болады. Қозғалыс талдағышының өткізгіш бөлімі негізгі:

  • лемниск,

  • жұлынмишық

  • проприоспиналдық деген үш жолдан тұрады.

Л емниск жолына жұлын түйіндерінің сезімтал нейрондары (І-ші нейрон) кіреді, олардың аксондары жұлынның артқы өрімінің құрамында Голл және Бурдах ядроларының нейрондарына жалғасады (ІІ-ші нейрон), оның аксондары медиалды ілмектің (лемниск) құрамында таламустың арнайы ядролар кешеніне бағытталады (ІІІ-ші нейрон). Таламус нейрондарының аксондары жоғарғы орталыққа – ми қыртысы нейрондарына (IV-нейрон) жетеді. Сөйтіп, қозғалыс талдағышының орталық бөлігі үлкен ми сыңарлары қыртысында орталық сайдың алдыңғы жағында орналасады. Ол санаға толық бағынышты мақсатты және ерікті қимыл жасау, қимыл ниеттерін атқару, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, үйрену сияқты әрекеттерді қамтамасыз етеді. Ол кеңістікте дене қалпы өзгергенде туатын қимылдарды үйлестіреді. Сол сияқты үйлесімді қимылды ұйымдастыруға есту, көру, сипап сезу талдағыштары да үлес қосады.
Қозғыш құрылымның қызметтік ерекшеліктері. Тітіркендіргіштік, қозғыштық ұлпаның тітіркендіруге деген реакцияның негізі ретінде. Қоздырғыштар жіктелуі. Қозғыш ұлпалардың тітіркендіру тәсілдері және физиологиялық қасиеттері. Тітіркендіру заңдары. Қоздырғыштықтың параметрлері. Тірі тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар. Мембраналық потенциал, оның пайда болуы. Әрекет потенциалы, оның сатылары, пайда болуы. Қозғыштықтың кезендері.
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері. Жүйке талшықтарының жіктемесі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтары бойынша жүйке импульсті өткізу механизмі. Жүйке талшықтары бойынша қозудың өту заңдары. Түйістердің туралы түсінік. Түйістердің құрылысы, жіктемесі және физиологиялық қасиеттері. Түйістерде қозудың берілу механизмі.
Бұл қозғалыс жүйесінің негізгі бөлімі болып саналады. Қозғалыс талдағышының шеткі бөлімі бұлшықеттерде, олардың сыртындағы дәнекер қабықшаларда, сіңірлер мен буын қалталарында орналасқан проприорецепторлардан тұрады. Олар ет пен бүкіл қозғалыс аппаратының жиырылу немесе босаңсу дәрежесі туралы, солар арқылы дене тұлғасының кез келген бөлігінің кеңістіктегі орны мен қалпын білдіреді. Қозғалыс қабылдағыштары ет ұршығында, етке жабысқан сіңірлерде орналасады. Етұршығы дәнекер қабықшамен қапталған интрафузалық (ұршық ішіндегі) талшықтардан тұрады. Қаңқа еттеріне жабысқан сіңірлерде ерекше қабылдағыштар – Гольджи мүшелері табылған. Ұршық ішіндегі және сіңір мүшесііндегі қабылдағыштар көлденең жолақты еттердің барлығында да болады. Алайда интрафузалық қабылдағыш нәзік қимыл атқаратын ұсақ еттерде көп болады.


Теория


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет