Схема Пейсмекердің әрекет потенциалы


Қызыл (баяу жиырылатын) және ақ (тез жиырылатын) ет талшықтары қасиеттері



бет3/8
Дата03.12.2023
өлшемі1,23 Mb.
#133130
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ

Қызыл (баяу жиырылатын) және ақ (тез жиырылатын) ет талшықтары қасиеттері
Т
ез және баяу жиырылатын бұлшық ет талшықтары. Бұлшық ет жасушасының, яғни миоциттердің құрылысының өз ерекшеліктері бар, соған байланысты олар тез және баяу қимылдайтын болып бөлінеді. Тұтас бір бұлшық ет жеке бұлшық ет жасушаларынан – талшықтардан тұратынын түсіну керек. Көптеген бұлшық етте бұл талшықтар бұлшық еm шоғырына жиналған. Әрбір шоғырдың осы бұлшық еттің едәуір қалың шандырынан (фасция) айырмашылығы жұқа дәнекер ұлпалы қабыршағы болады. Адамда барлық бұлшық еттері «аралас». Яғни олар бұлшық еттің екі типінен, тез және баяу бұлшық ет талшықтарынан тұрады. Бірақ белгілі бір бұлшық еттерде талшық типтерінің бірі басым болады.
Тез жиырылатын талшықтар көп энергия жұмсайды да, жоғары жылдамдықпен жиырылады. Орташа алғанда, баяу жиырылатын бұлшық еттерге қарағанда үш есе тез жиырылады. Олар қозғалуды қамтамасыз ететін бұлшық ет топтарында жақсы дамыған. Бұл талшықтар ақшыл түсті (ақшылдау), себебі оттекті байланыстыратын миоглобин нәруызы болмайды.
Баяу жиырылатын талшықтар энергияны аз жұмсайды және ұзақ, бірақ баяу жиырылуға қабілетті. Жалпы баяу жиырылатын талшықтар шамалы тиімді жиырылады деп айтуға болады. Түсі бойынша бұл талшықтар қызғылттау түсті, себебі құрамында миоглобин көп болады.


Тірек-қимыл жүйесі дамуның жас ерекшеліктері.
Тірек-қимыл аппаратының маңызы. Адамның тірек-қимыл аппараты сүйектер мен еттерден, сіңірлер мен тарамыстардан тұрады. Ол тірек, қорғаныш және қимыл функцияларын орындайды. Тірек функциясы – скелеттің басқа мүшелерді ұстап тұруынан, денеге белгілі қалып және пішін беруінен тұрады.
Тірек-қимыл жүйесі адамның қаңқасымен,оған бекітілген бұлшық ет жүйесінен тұрады. Адам қаңқа сүйектерінің қалыптасуы және дамуы құрсақтағы 3 айынан басталады.Күш жұмыстарын орындау кезінде әр жастағы организмдегі байқалатын реакциялар ерекшеліктері организмдегі зат алмасу процестеріне, дене бітімінің қалыптасуына көп әсер етеді. Бала дене бітімінің бір қалыпты болуы, ауру сырқатқа ұшырамауы үшін қимыл-қозғалыс әдетін дамыту қажет.Қимыл-күш жұмыстары жас ерекшелігіне сәйкес болуы тиіс.Сондықтан оқытушы және ата-ана қозғалыс үйлесімін жетілдіру бағыт- тарына мән беруі қажет. Даму кезеңдерінде сүйек,бас сүйегі омыртқа,төс сүйегі, қол-аяқ сүйектері, дене бітімі, адамның салмағы, физикалық даму ерекшкліктері жасына сәйкес келеді.
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор. Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды. Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді.
Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға қарай, екеуі- артқа қарай иіледі. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады.
Сүйектің ұзарып, жуандап өсуі, шеміршек ұлпасы клеткаларының бөлінуіне және сүйек ұлпаларына айналып отыруына байланысты. Адамның қаңқасы 22 – 25 жаста қалыптасады. Гипофис гормоны жетіспегенде немесе жоқ болғанда, шеміршек клеткаларының көлемі үлкейеді, құрамында минералды зат азаяды. С витамині жетіспегенде, сүйек ұлпасының химиялық, морфологиялық (құрылымы) және қызмет атқару жүйелері бұзылады. Қаңқаның дұрыс дамуына Д витамині (әсіресе бас сүйегіне, омыртқаларға, қабырғаларға) әсер етеді. Мешел ауруымен ауырған баланың аяғы қисық, басы және қарны үлкен болады. Сүйегінің құрамында минералды заттар үш еседей аз болып, витамині мөлшерден көп болса, сүйектің өсуі бұзылады. Д витаминінің жетіспеуі ересек адамдарда, әсіресе әйелдерде кездеседі. Жас босанған әйелдерде Д витаминінің жетіспеуінен сүйек аздап қисаяды. Д витаминінің жетіспеуі күн сәулесінің аз болуына, тамақтың құрамында кальций мен фосфордың қажетті мөлшерінің өзгеруіне, ішек және бүйрек ауруларынан минералды заттардың сіңірілуінің бұзылуына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет