5.2 Тізбектелген сумматор
Тізбектелген операнттарға арналған сумматор тек бір ғана бір разрядты сумматордан тұрады, ол ең кішісінен бастап разрядтарды кезектесіп өңдейді. Кіші разрядтарды қосып, нәтиже мен тасымалдау кіші разрядтары үшін бір разрядты сумматор бір такттіде сақталынатын қосынды өңдеп шығарады. Келесі тактіде кіші разрядтан ауысатын a1 және b1 қосылмалы жаңадан түскен разрядтар жиналады.
Тізбектелген операнттар сумматоры схемасында (5.2,а суретті қара) сумматордан басқа, A,B қосылмалы қозғалатын регисторлар және S қосынды, сондай-ақ, ауысуды есте сақтайтын D-триггер бар. A,B,S регисторлары және D-триггері синхроимпульстармен СИ тактіленеді. 5.2,6 суретте , екі операнттың қосылу операциясына 101 + 110= 1011 немесе ондық өрнекте 5 + 6 = 11 сәйкес келетін уақыттық диаграммасы көрсетілген.
5.2 сурет - Тізбектелген сумматор схемасы (а) және уақыттық диаграмма (б)
Достарыңызбен бөлісу: |