1 Дәріс. Цифрлық құрылғының логикалық элементтері
Цифрлық ақпараттарды түрлендіру 0 және 1 логикалық айнымалылары негізінде логикалық ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС элементтері арқылы жүзеге асады. Логикалық элементтердің шартты белгілері - орындалатын операция таңбасы қойылған тіктөртбұрыш, (терістеу операциясының белгісі дөңгелек түрінде болады).
1.1 сурет – Логикалық элементтердің шартты белгілері
Схемаларда 0 және 1 айнымалылары әртүрлі екі кернеу арқылы кескінделеді: Uo және U1 . Кернеудің екі деңгейінің қайсысы Uo үшін, қайсысы U1 үшін қабылдау керектігін келісу керек. Оң және теріс логикалар деген ұғым бар. Оң логикада U1 > Uo, ал теріс логикада U1 < Uо. Ары қарай, егер қателеспесек, оң логиканы қолданамыз.
Бір түрлі логикалық айнымалыларды түрлендіру әртүрлі формаларда: ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС операцияларының көмегімен (буль базисі), ЖӘНЕ-ЕМЕС операциялары (Шеффер базисі), НЕМЕСЕ-ЕМЕС операциялары (Пирс базисі), сондай-ақ басқа да көптеген әдістермен беруге болады. Көбіне Пирс және Шеффер базистері кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |